Материалдар / Мектепалды даярлық сыныбы. Көркем әдебиет сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепалды даярлық сыныбы. Көркем әдебиет сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ тақырыбы: «Дос болайық бәріміз» Мақсаты:Театрланған қойылымдар арқылы тілін дамыту; кейіпкерлердің қызметтері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді; байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; «татулық» адамгершілік құндылықтарды түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
2416
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім беру көзі: Драма

Оқу қызметінің тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Мақсаты:Театрланған қойылымдар арқылы тілін дамыту; кейіпкерлердің қызметтері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді; байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; «татулық» адамгершілік құндылықтарды түсіндіру.

Көрнекілік: «Дос болайық бәріміз» бойынша жасалған слайд, бояуға арналған кейіпкерлердің суреттері, түрлі түсті қарындаштар.

Полингвалдық компонент: достық – дружба – friendship, тату – дружно – amicabluy, ойын – игра – a game.

Оқу қызметі кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар топқа келген қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері.


Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым,

Қуанайық қонақтар

Арайлап атқан күнге!


Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

-Жарайсыңдар балалар, көңіл күйімізді көтеріп алдық. Бүгінгі күнге бәріңе де сәттілік тілеймін. Балалар ертегілер еліне барғыларың келеді ма? Онда барлығымыз поезд болып барайық.

Тәрбиеші:

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқарда.

Пш-пш-пш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

-Балалар бүгінгі оқу қызметімізде біз «достық»аялдамасына тоқтаймыз. Бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керек екендігін үйренетін боламыз. «Татулық» ұғымы туралы түсінік алатын боламыз.

(Презентация 1,2,3)

-Балалар сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма?

-Сендердің ойларыңша тату дос деген қандай болу керек?

- Татулық деген бірін-бірі ренжітпеу, ойыншықтарымен және қолдарындағы тәттілермен бөлісу, бірге ойнау т.б.

Татулық достар арасында ең тамаша қасиет. Тату балалар бір-бірін ренжітпейді, тату – тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондықтан да достық татулықтан басталады делінген.

Енді жинақталып отырып, «Тату балалар» атты саусақ ертегісін тыңдайық.

«Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру. (Саусақ театр)

Тәрбиеші:

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі қалай аталады?

-Неліктен тату балалар деп аталады?

-Балалар аюдан қалай аман-есен қалды?


(Презентация 4)

Міне, бұл айтылған сөздерден «Татулық – достықтың кепілі» деген бүгінгі оқу қызметіміздің дәйек сөзі шығады. Сендер тату ойнасаңдар, қуанышты болып жүресіңдер. «Татулық – достықтың кепілі» деген нақыл сөзді осы негізге сүйеніп айтса керек.


Достық- адамдардың арасындағы сыйласымды карым- қатынас. Жақсы достарыңды мақтан тұтуға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды.









Паравоздың аудио дыбысымен, бір айналып жүру.








-Жоқ.

-Тату болу керек.

Презентациядағы суреттермен жұмыс










Балалар зер салып, мұқият тыңдайды.


-Ия.

-Тату балалар.

-Олардың достығы, татулығы, бірлігінің күшімен аюдан аман қалды.


Ойын: «Достасу»

Шарты: . Балалар шеңбер болып тұрады. Бастапқы бала жіпті келесі ойыншыға береді.Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне усынады. Жіп алған бала досына тілек айтып, келесі балаға береді. Ойын жіп біткенше жалғасады.

Олай болса жәндіктер жайында да ертегілер бар екен.

Бүгін біз сендермен «Құмырсқа» қазақ ертегісін айтып берейік.

«Құмырсқа»



Тапсырма: «Сүйікті кейіпкерім»



Сұрақ-жауап:

-Ертегі қалай аталады?

-Құмырсқа нелермен дос болыпты?

-Құмырсқаның осы достары жайлы не ойлайсыңдар?

-Құмырсқаға нелер көмектесті?

-Кәрі құмырсқа не деп айтты?

-Ертегіні жақсы түсініп алыпсыңдар. Жарайсыңдар. Олай болса келген пойездбен қайтадан өз тобымызға оралайық.


Балалар шеңбер жасап тұрады.




«Құмырсқа» ертегісін стақан театр арқылы балалар ойнап береді.



Балалар өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің суретін салады.



-Құмырсқа

Ертегіге байланысты өз ойларын айтады.



Паравоздың аудио дыбысымен, бір айналып жүру.

Қорытындысы

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау

-Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?

-Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді ме? Қандай жағдайда?

-Сен досыңа қандай көмек берер едің?

Балалар сұраққа жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Дос туралы өзінің отбасындай жақсы көру керек екендігін біледі.

Түсінеді: Досымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін игереді.

Қолданады: Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.

Оқу қызметін орындаған тәрбиеші: Божебаева Г.Д.

































БЕКІТЕМІН

МККМ №149 бөбекжай

балабақша меңгерушісі

_____Орманбекова Ш.Б











«Шағала» ересектер тобының «Дос болайық бәріміз» тақырыбындағы

ұйымдастырылған оқу қызметі





























Тәрбиеші: Божебаева Г.Д



Алматы 2018жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!