400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мектепалды даярлық тобына арналған сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ мұғалімдеріне таптырмас бірден бір құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.03.2021ж.

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Такырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Мақсаты:

1.«Н» дыбысын дұрыс дыбыстату, «н» әрпімен таныс­тыру;

2.Буындарды оқу дағдысын дамыту; балаларды мейірімділікке.

3. Имандылыққа тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, тапсырма орындау, ойын, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптер

Полингвалды компонент: нан – хлеб- bread, буын – слог-syllable, ана-мать- mother.


Оқу іс- . әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивация-

лық-қозғаушы

лық

Педагог балалардың назарын өзіне аударады.

- Қолымызды иектің астына қойып сөздер айтайық, қолымыз төмен қарай неше рет түссе, сонша буынға бөлінгені.

Мысалы: а-та, а-па, ә-теш, тек-ше-лер, ше-міш-ке.



Балалар назарын педагогке аударады. Қолдарын иектерінің астына қойып. сөздер айтады да, неше буыннан тұратынын анықтайды.

















Ұйымдастыру-

шылық-

қозғаушылық

Балалар, сендер қолдарынды иектің астына қойып сөздер айтып, буын санын анықтадыңдар.

Енді тақтадагы суретке қарандар, ненің суретін көріп отырсыңдар?

  • Ендеше «нан» деп бірнеше рет қайталайық.


  • Бірінші қандай дыбыс құлағы-мызга естіліп тур?

  • Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз — «н».

Балаларга нанның суреті бойынша әңгіме құрауға тапсырма беріледі. Нанның пайдасы айтылып, «обал», «сауап» сөздеріне түсінік беріледі.


Тыйым сөздер:

Нанды бір қолмен үзбе!

Нан уағын тастама!


Жұмбак:

Өзі үлкен жануар,
Үстінде бір гауы бар.


Бірінші тұрған қандай дыбыс?


Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді.


- «Н» дыбысы қай жерде тұр?

- «Н» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің үстіне тиеді, тілдің алдыңгы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен «н» дыбысы жасалады. «Н» - дауыссыз дыбыс.

«Н» дыбысын ауада жазып көрейік. Педагог «н» дыбысының баспа, жаз-ба әріптерін балаларга көрсетеді.


Сергіту сәті:

Нан уағын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Педагог кеспе әріптермен тақтаға буындар жазады: НА, НҰ, НО, НЫ.


А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту. аркылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің бір буын екенін түсіндіреді.

Полингвалды компонент: нан – хлеб- bread, буын – слог-syllable, ана-мать- mother.

Дәптермен жумыс:

Дәптердегі № 7 тапсырма бойынша орындалады.


Жеке жумыс жургізеді.





- Нанның.

- Нан.




- «Н» дыбысы.





Балалар суретке карап әңгіме құрайды.



Тыйым сөздердің мағынасын түсініп, кайталайды.



- Нар.



«Н».


- Ине.



- Сөздің ортасында.









«Н» дыбысын ауада жазады.





Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыс жасайды.



Балалар педагогтің көмегімен буындарды оқиды.



Ана сөзін шапалактау аркылы буын-ға бөледі. Сызба бойынша буынга бөледі: а-на, нан.



Қайталайды.



Дәптерде берілген тапсырмаларды орын-дайды.




Рефлексиялық-түзетушілік

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • «Н» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Сонымен, балалар, үйде, мейлі көпшілік арасында болсын, нан қоқымын көргенде басуға бол-майды екен. Осыны өздеріңнін іні - қарындастарына да үйретулерің керек.



Балалар өткен дыбыс туралы түсінгендерін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: суретке қарап әңгіме құрауды, жұмбақ шешуді, жаңа дыбысты ауада жазуды, кеспе әріптермен тақтаға буындар жазуды.

Түсінеді: тыйым сөздердің мағынасын.

Қолданады: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.03.2021
1489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі