Материалдар / МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБИЕНІҢ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБИЕНІҢ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тәрбиешілеріне, балабақша тәрбиешілеріне өз практикаларында қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
662
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБИЕНІҢ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІ

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы, «№15 орта мектеп»,

КММ мектепалды даярлық тобы

Кыргызова Гульназ Маутказиновна



Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу тірбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа кқзқарас, жаңаша көзқарас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде тәрбиешінің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздері меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Олай болса, мектепалды даярлық сыныбында тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.

Үздіксіз білім беруге көшу, білім берудің ашықтығы, білімді ізгілендіру, компетенцияға негізделген білім, оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану бүгінгі күннің басты талаптарына айналып отыр. «Инновация» термині ғылымға XIX ғасырда енді. Ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

«Технология» ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - білім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым.

«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс - тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Бұл міндеттерді шешу үшін, мектепке дейінгі ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да қазіргі кезде әр мұғалім өз іс -әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс - тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелердегі оқу - тәрбие жүйесі, ұстаз -бала арасындағы қарым - қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекетінің ылыми -педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең – оқып үйрену;

2 кезең – меңгеру;

3 кезең - тәжірибеге енгізу;

4 кезең – дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

  • Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • Тәрбиеленушілердің сабаққа қатыспаушылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми- әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

  • Жаңа оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы балаларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;

  • Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • Баланың танымдық күшінқалыптастыру және дамыту;

  • Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

  • Баланың оқу үрдісін сезінуі.

Өз іс-тәжірибемде М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын қолданамын, себебі аталған технология өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді бала тәрбиелеуге мүмкіндік береді.. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат-баланың өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту.

Модульдік оқытудың өзегі-оқу моделі, ақпараттардың аяқталған блогынан,бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген ұстаздың нұсқауынан тұрады. Оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін дамыту.

Әр баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсету арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамыта алады. Баланың қабілеті мен талантын неғұрлым ертерек байқалса, сол-ғұрлым оның қабілетін толық ашуға мүмкіндік болады. Егер қабілетті бала жұмысын уақытынан ертерек аяқтайтын дәрежеге жетсе, басқа балалардың жұмысын тексеруге рұқсат етемін. Сонда ол балалардың өзіне деген сенімін қалыптастырады, ұстаздың сенімімнен шыға алатынына көзі жететін болады.

Жұмыстың тиімділігі педагогикалық кәсіптіліктің және педагог-тәрбиешінің шеберлілігінен анықталады. Сонымен бірге оның тұлғаны зерттеп, осы тұлға әрдайым жекеленгенін, оны басқа адамдардан айыратын, нақты бір адамға өзіне тән психологиялық және физикалық ерекшеліктерінің сәйкестілігін есепке алып, педагог әр баланың тұлғасына тәрбиелілік әсерінің әдістері мен түрлерін анықтайды. Мектепке дейінгі жастан бастап, өз жұмысын тұлғаны қолдау бойынша, оған көмек көрсету бойынша, балаға сүйіспеншілік пен құрмет көрсету, оның шығармашылық күшіне сенім білдіруде жасау керек. Сонда ғана балалар басқалардың пікірлерін құрметтеп, қамқорлық жасау, педагогтармен қатынас жасауды және мектепке дейінгі мекемеге үлкен ынтамен баруға үйренеді.

Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Даярлық тобында тілді оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Модульдік оқыту технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологияны қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту және дыбыстық тіл мәдениетіне тәрбиелей отырып келесі міндеттерді орындаимын:

-тілдік естуді дамыту;

-дұрыс дыбыстауға үирету;

-интонациялық қабілетті қалыптастыру;

-анық сөйлеуге дағдыландыру;

-қарапайым түсініктер бойынша сөз мағынасын меңгерту;

- балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

-халық ауыз әдебиетінің көмегі арқылы балаларың көркемсөзге деген қызығушылығын ояту.

Осы аталған міндеттерді үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырамын. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Сол әдістердің бірі:
түсіндіру әдісі  - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін   жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі –сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек.

Ы. Алтынсарин  «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу  арқылы бір - бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір  арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды  сурет бойынша, техникалық құралдар  және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
жұптық, топтық, ұжымдық.

Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі: ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен- екеуінің үйренуі ; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдістер арқылы  іске асады.

Бұл жұмысты атқару барысында келесі қиыншылықтар кездеседі:
Мәселен:
- балалардың сөздік қоры аз болуы;

- сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы;

- қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы, үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы;

- жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы;

- байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауы;

- қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге, жаттап алмауы;

- өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі.

Аталған кеммшіліктерді жою барысында мнемокесте көп көмегін тигізеді.

Мнемокесте – бұл қысқаша белгілі бір мағлұматты қамтитын сызба, есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау

2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б

3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақпақтарды мазмұндап бер.

Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:

1. Сөздік қорларын байыту;

2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету;

3. Сөйлем, әңгіме құрастыру;

4. Әңгімені құрастыру;

5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;

6. Тақпақтарды жаттау.

Мнемокестелерді  баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға  қонымды болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.

Балалардың сөздік қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор.

Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктіліктері мен шеберліктерін қалыптастырып, оны өз тәжірибесінде кез-келген жағдайда қолданы білетін тұлға дайындаудың бірден-бір жолы –балаларға мектепке дейінгі мекемелерден бастап сапалы білім беру.


Әдебиеттер тізімі

1. К.Ю. Белая «Инновационная деятельность в ДОУ» әдістемелік құралы. М. 2005ж.

2. Б.Бөрібаев, Е.Балапанов «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы,2001.

3. Қ.М.Нағымжанова «Бастауыш сынып мұғалімнің оқу процесіндегі инновациялық іс-әрекеті». - Өскемен: Медиа–Альянс, 2004.

4. Н.Асанов «Университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқарудың педагогикалық негіздері». – Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2004.

5. М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.

6. Қ.Ахметұлы, Т. Баймолдаев «Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.

7. М.Ж.Жадрина «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!