Материалдар / Мектепалды даярлық тобындағы көптілділік – білім берудің жаңа бағыты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепалды даярлық тобындағы көптілділік – білім берудің жаңа бағыты

Материал туралы қысқаша түсінік
бала- бақшада, даярлық топтарында көптілділікті қолдану бағыттары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектепалды даярлық тобындағы көптілділік – білім берудің жаңа бағыты


«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тілі, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Н.Ә.Назарбаев

Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат. Қазіргі заманда білім беру әлемдік құрылымның маңызды элементінің біріне айналып, өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Мектепалды даярлық білім беру жүйесі алғашқы саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 5-6 жастағы балалардың зияткерлік және денесінің дамуы үшін жағдайлар жасайды.

Қазіргі таңда мектепалды даярлық мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті – балалардың мектепте оқуға уәжін және оған эмоциялық дайындығын қалыптастыру.

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау;

жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;

ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлігін дамуы;

рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;

балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту;

балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;

білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, сондай-ақ баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Мектеп алды даярлық тобындағы бағдарлама құрылымы мен мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушы, оқытушы міндеттерінің бірлігі мен кіріктірілуі, бірізділігі, жүйелілігі, сабақтастығы сияқты педагогикалық қағидаттар негізінде құрылған.

Барлық іс-шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастарымен және ересек балалармен қарым-қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.

Сонымен қатар қазіргі танда ұш тілді меңгеру мәселесі өзекті болып тұр.

Мелекеттік тілді білу - парыз, өзге тілдерді үйрену - құқық. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жарық жағылып тұратыны белгілі.

Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.

Сондықтан қазіргі таңда шет тілін балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді.

Мектеп алды даярлық тобында Сауат ашу, орыс тілі және шет тілінің бағдарламасында оқушылардың жас ерекшелігіне психология - физиологиялық жеке дара ерекшеліктері ескеріле отырып, келесі бағытта тақырыптар меңгеріледі:
1. Танысу
2. Отбасы
3. Отан
4. Мектеп
5. Тағамдар
6. Табиғат
7. Жануарлар

Мына жерде қазақ тілі, орыс тілі және шет тілдерін оқытуда ортақ тақырыптар, жиі қолданылатын әдіс-тәсілдер көрсету керек-байланыс болу керек
Бұл жастағы балалар өз мінез-құлқын, көңіл-күйін, сондай-ақ зейінін және есте сақтау қабілеттерін өз еркімен басқара алады;

- кез-келген іс-әрекетпен айналыса отырып, сол мезеттегі әрекет аумағынан тыс әрекеттерді де ойлай алады;

- өз ойын жүйелі, анық жеткізе алады, белгілі бір оқиғаны, құбылысты, затты сипаттап айтып бере алады, үлкен адамдармен қарым-қатынас жасау барысында сыпайылық ережелерін сақтай біледі.

Қорытындылай келгенде, ерте жастан балаға өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін меңгеруге жағдай жасаса, болашақта әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп, еліміздің ертеңін көркейте түсері сөзсіз.

Үш тілде оқыту – заман талабы, соның нәтижесінде:

-Президентіміз айтқандай әлемде Қазақстан үш тілді де еркін әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылады;

-Ағылшын тілін меңгерту арқылы –халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында емін-еркін жұмыс жасай алатын ұрпақ даярланып, тәрбиеленеді;




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!