Материалдар / Мектепке дейінгі балаларда ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетін қолдану

Мектепке дейінгі балаларда ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетін қолдану тәсілдері көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2018
584
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сейтхожанова Нұрбану Жақсылыққызы

Ағылшын тілі мұғалімі, жоғарғы білімді

Астана қаласы

МКҚК №16 «Шағала» балабақшасы


Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолданудағы

Міндеттері:

- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру

- ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу,

- фонетикалық есту қабілетін дамыту;

- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;

- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту

Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып  қалуына бағытталып құралады.

 Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: «The three little pigs», «The turnips», «Little mouse», «Old MacDonald» «The wooden house» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.

Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр. Драматизациялық ойындар мектепке дейінгі балалардың тілдік компетенттілігінің жоғарыдауына септігін тигізеді, тілді тезірек «сезінуге» көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады. 

Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:

  • Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;

  • Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;

  • Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау

т. б. нақтылануы қажет;

  • Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;

  • Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар

өлеңдердің таңдалынып алынуы;

  • Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық

материалдардың анықталуы;

  • Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

  • Фонетикалық ойындар;

  • Сөздік ойындар;

  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;

  • Сергіту ойындары;

  • Дидактикалық мақсаттағы ойындар;

  • Қимыл – қозғаліс ойындары;

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда қолданылатын ойын элементтері:

Буратинада қонақта. Сабақ балалар арасында және Буратиномен диалог ретінде жүреді, «Сиқырлы микрафон» ойыны (Буратино балаларға ойыншық микрафон таратады да, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі).

-Hello.
- Hi.

 -What is your name?/ Who are you?

 - My name is Айым./ I am girl.

- What is your name?/ Who are you?

- My name is Алмас./ I am boy.

- Good  bye, friends.

- Bye, Буратино What is it?

Аңдар. Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жанарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Айнур, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді).

Орманды дала. «I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды.

Мысалы: «Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»).,  «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді).

Apples

Мақсаты: балаларды санай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

Ойын барысы: Педагог «Apples» санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады. Балалар сол санамаққа сәйкес алмаларды себетке салады:

One little, two little, three little apples,

Four little, five little, six little apples,

Seven little, eight little, nine little appels,

All fell to the ground.

 My family

Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.

Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.

 



Let's fly” ойыны

Parts of the body” тақырыбын өткенде балаларға жаңа сөздерді меңгерту үшін “Let’s fly” ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген бала ойыннан шығады. Сол сияқты “face, head, hand…”. Ойын нәтижесінде балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.

«Кім жоқ ойыны

Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.

Ойынның барысы: Балалардың қолымен көздерін жауып-ашу арқылы топта кімнің жоғы туралы анықтаймыз, ол үшін көзді жұмып-ашу үшін команданы ағылшынша береміз: «Close your eyes! Open your eyes!». Баланы жасырып болғанша,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ