Материалдар / Мектепке дейінгі балалардың таным құзіреттілігін қалыптастыруда оқытудың зерттеушілік әдісін қолданудың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі балалардың таным құзіреттілігін қалыптастыруда оқытудың зерттеушілік әдісін қолданудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың таным құзіреттілігін қалыптастыруда оқытудың зерттеушілік әдісін қолданудың маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы
Қала (аудан):
Шиелі ауданы , Алмалы ауылы
Балабақша: №181
қазақ орта мектебінің жанындағы "Жұлдыз" шағын орталығының тәрбиешісі Қуанышбекова Жансая Қуанышбекқызы

Сабақтың тақырыбы:
1. Баяндама. Мектепке дейінгі балалардың таным құзіреттілігін қалыптастыруда оқытудың зерттеушілік әдісін қолданудың маңызы
2. "Кіші жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған дидактикалық ойындар" (кітапша)
3. Мысық өлеңін оқу «Тіл дамыту»


Қызылорда облысы , Шиелі ауданы
"Жұлдыз" балабақшасы

Баяндама 

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың таным құзіреттілігін қалыптастыруда оқытудың зерттеушілік әдісін қолданудың маңызы

Тәрбиеші: Қуанышбекова Жансая

Мектепке дейінгі балалардың таным құзіреттілігін қалыптастыруда оқытудың зерттеушілік әдісін қолданудың маңызы
«ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз» деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап айтқандай, расындада Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін Қазақстандық білім беру жүйесін реформалау негізгі мәселелердің бірі болып анықталды. 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білімді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін дамытатын орталық делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, баланың мектепке оқып кетуіне жағыдай жасау. Оларды іске асыру үшін жаңа ұйымдастыру жұмыстары мен жаңа кешенді істер атқарылуы тиіс.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінің басты стратегиялық мақсаты – ұлттық білім үлгісін жасау. Ал ұлттық білім үлгісінің негізі дегеніміз-жас ұрпаққа қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде қарау. Оларды оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс- тәсіл деп жасалуда.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы педагог-тәрбиешіден терең теорилық, педагогикалық, әдістемелік, білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, тәжірибеге енуде.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің технологиялары екені мәлім. Жаңаша оқыту технологиялары төрт бағытты қамтиды:
1. Модульдік технология
2. Рейтингтік жүйе
3. Дамыта оқыту технологиясы
4. Сын тұрғысынан ойлау
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында:
• Жоспарлауға
• Мақсат қоя білуге
• Қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыландырады.
Міне осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағыт алады.
Дамыта оқытудың басты мақсаты баланың ақыл-ойын дамыту. Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз – баланың жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістер жиынтығы.
Ақыл-ойды дамытудың шартты-баланың санқилы іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін білім сапасы.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсатты – ұрпаққа мақсатты көздей ықпал етіп, оның айналадағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін, білім негіздерін игеруін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Жас ұрпақтың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық-психикалық процестерін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі.
Дамыта оқыту балаларды әртүрлі іс-әрекетке тартуды құптайды. Сабақта дидактикалық ойындар, ойлау қиялдау, есте сақтау, логикалық олау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады.
Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру үшін шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет.
Балалардың жеке қабілетін ашуда шығармашылық қызығушылығымен белсенділіктерін, шығармашылықпен ойлауын дамытуда мынадай міндеттер қойдым:
• Шығармашылық және зерттеу іс-әрекеттері бар сабақтар ұйымдастыру.
• Балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне қолдау көрсету.
• Балалардың жас әрекетіне, бейіміне, қызығушылығына байланысты жұмыстар ұйымдастыру.
Дамыта оқыту технологиясын пайдаланып әдіс-тәсілдерге сүйене отырып балалардың ақыл-ойын шығармашылық қабілеттерін дамытуда «Әлеуметтік орта» білім беру саласында балалардың әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыруды оқытудың зерттеушілік әдісін қолдануды іске асыруды көздедім.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез- құлықпен қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкенді, құрметтеуге тәрбиелеу.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының қоршаған орта, экология, көркем әдебиет, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түгел қамтылатын мәселе: баланың белсенділігін, тіл дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық бастамаларын қолдау, ақпаратты талаптарын қамтамасыз ету, құрдастармен, ересектермен, заттармен объектілермен өзара байланыс тәжірибесін ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 
Осы мәселелер бойынша ортаңғы топқа оқу жылының басынан келген балалардың білім дағдыларында іске асырдым.
Тәрбиеші-педагог «отаңғы» топтағы балалармен жеке сөйлесіп, әртүрлі тапсырмалар орындатып, ойын ойнату арқылы бала табиғатындағы зерттеуші әсершіл, жаңағақұмар, білуге құштарлығын оятып, үнемі бақылауға тәжірибе жасауға, тексеруге зерттеуге жаңа ақпарат іздеуге талпындырып, баланың зерттеушілік, ізденушілік, қоршаған ортаны танып білуіне құштарлығын, оятып, әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру.
Дамыта отырып оқыту идеясын ұсынушылар В.В. Давыдов, Д.В. Эльконин тұлғаны шығармашылыққа баулу принципінде ұстанған проблемалық дамыта оқыту-балаларды шығармашылыққа баулыйды
Өнімді іс-әрекеттің жүзеге асуы толғаны құзіреттілікке алып келеді. Бұл балаларды шығармашылыққа баулу модельі. Осы модельді басшылыққа ала отырып экология сабағында балалардың білім, білік дағдыларын ғана емес құзіреттілік мүмкіндіктеріне қалыптастырдым деген ойға келдім. Осыған орай берілген тақырып бойынша ұйымдастыратын тәжірибе жұмыстарының жүйесін жасадым.



Зерттеушілікке үйретудің басты мақсаты: қоршаған ортаны танып білуге деген қызығушылығын, құмарлығын арттыру, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып, жаңа ерекше нәрселер ашуға деген ынта-ықыласын қалыптастыру. 
Шығармашылықпен зерттеушілікке үйретудің басты міндеті: зерттеушілік әдіс-жеке шығармашылық ізденіс арқылы білімге жетуге ұмтылдыру. Оның құрамына: мәселені анықтап қоя білу, болжам жасау, бақылау тәжірибе, соның негізінде ой жүгірту және қорытынды шығару жатады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!