Материалдар / Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы қазақ ертегілерінің маңызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы қазақ ертегілерінің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
қалыптастырудағы қазақ ертегілері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2021
655
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Солтанбекова Ақмарал Күмісбекқызы

Педагог-психолог


«В.ВОСКОБОВИЧТІҢ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ»

Өзектілігі: ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасының “Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту” мақсатын шешу.

Қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі мекемелер өз қызметтеріне инновациялық технологияларды ендіруде. Сондықтан педагогтердің негізгі міндеттері балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздеу және қойылған мақсатты жүзеге асыруда баланың жан-жақты дамуын жүзеге асыратын педагогикалық инновациялық технологияларды енгізу болғандықтан 2019 жылдан бастап бөбекжайымыз В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын қолдануда.

В.Воскобовичтің дамытушы ойындары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауға, жүзеге асыруға бағытталған.

Мақсаты: В.Воскобовичтің дамытушы ойындары арқылы балалардың психологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, қалыптасуын, дербестік, ынтымақтастық комуникативттік қабілетін дамыту.

Міндеттері:

Балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу;

Олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

Балалардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру

Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті – ойын болғандықтан, баланың табиғи қажеттілігін өтейтін, оның психологиясына жақын, қызығушылығын арттыратын, оқу материалдарын меңгеруге қажетті танымдық қабілеттері мен танымдық үрдістерін дамытатын дүниені таңдап алу, яғни инновациялық технологияның ойындық сипатта болуы – басты міндет. Себебі, ойын арқылы оқыту қызықты, танымдық сипатқа ие болады және болуы да керек. Осыған орай менің В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын ойын сабақтарда қолдануыма төмендегідей себептері бар:

Мұнда әр ойын - оқытуды көңілді әрі еркін іс-әрекет ретінде құруға мүмкіндік беретін әмбебап құрал.

Ойындардың барлығы ертегі желісі ретінде құрылып, кейіпкерлер көмегімен бала сандарды, пішіндерді, түстерді, әріптерді т.б оңай әрі тез меңгереді.

Ойындар баланы жан-жақты дамытушы сипатқа ие. Олардың оқытуды жеңіл меңгертумен қатар, логиканы, ойлауды, есте сақтауды, қолдың ұсақ қимылдарын дамытуға тигізер әсері зор.

Баланың шығармашылық әлеуетін көтеру мүмкіндігі басым.

Ойындар қызығушылық – таным – шығармашылық үштігі негізінде құрылған.

Аталған технологиядағы дамыту ойындарының бірқатар психологиялық ерекшеліктері бар. Біріншіден, олар балаға жайлы, яғни бала өзіне және ойыншыққа зиян келтірмей жаттығады, тәжірибе жасайды, шығармашылықпен айналысады. Екіншіден, «ойын + ертегі» қағидасына құрылғандықтан, бала жанына жақын. Бала ертегі кейіпкерлерімен тілдесе отырып, түрлі оқиғаларды бастан кешіре отырып ойнайды, шаршамайды және ойнай отырып білім алады. Өте ыңғайлы - ертегіні оқисың, бала оны тыңдайды және сюжет барысында сұрақтарға жауап береді, міндеттерді шешеді, тапсырмаларды орындайды. Үшіншіден, тапсырмалар қарапайым болғандықтан бастаған істі аяғына жеткізу, яғни ерік-жігерін тәрбиелеу мүмкіншілігіне ие. Төртіншіден, баланың әлеуметтену үрдісі қиыншылықсыз жүзеге асырылады, заттық әрекет ету - балалардың өзара келісіп ойнауына, төбелеспеуіне жағдай жасайды. Бесіншіден, тапсырмаларды орындауда ересектердің рөлі тең құқылы ойнаушы ретінде болады.

Мен өз жұмысымның нәтижелілігін арттыру үшін В.Воскобовичтің ойындарын қолданамын. Ол үшін ең алдымен ойындарды балалардың танымдық үрдістерін дамытуы бойынша топтастырып алдым. Мысалы: «Сиқырлы сегіздік», «Геоконт», «Мөлдір шаршы», «Дамытушы баулар», «Ғажайып ұяшық» ойындарын ойлауды, «Сиқырлы сегіздік», «Бүркін-бүркін кемесі», «Күлгін орман», «Чудо крестик», «Ларчик кілемшесі» есті, «Тасбақа пирамидасы», «Төрт түсті шаршы», «Сиқырлы шамдар», «Сиқырлы гүлдер» ойындарын сөйлеуді, «Күлгін орман», «Ларчик кілемшесі», «Игровизор», «Төрт түсті шаршы» қабылдауды, «Төрт түсті шаршы», «Мөлдір шаршы», «Сегіздік», «Сиқырлы шамдар», «Сиқырлы гүлдер» ойындарын қиялды, «Игровизор», «Буль-буль кемесі», «Сиқырлы шамдар», «Сиқырлы гүлдер» ойындарын зейінді, «Сиқырлы гүлдер», «Ларчик кілемшесі», «Мөлдір шаршы» ойындарын түйсікті дамытуға балалармен жеке жұмыста қолданамын.

«Күлгін орман» «Ойын + ертегі» қағидасына құрылғандықтан, бала жанына жақын. Бала ертегі кейіпкерлерімен тілдесе отырып, түрлі оқиғаларды бастан кешіре отырып ойнайды, шаршамайды және ойнай отырып білім алады.

«Геоконт» Гипербелсенді балалармен қолдануда оң нәтиже береді, себебі бұндай балалар кез-келген әрекеттен тез жалығатындықтан ережеге бағыну арқылы ол өз тәртібін басқаратын болады

«Сиқырлы гүл» “Сиқырлы гүлдер” ойыны балалардың психикалық процестерін ( ойлау, ес, қиял,сөйлеу, қабылдау) дамытады.Ойынға берілген“Сиқырлы таңғажайып гүлдер алаңы” нұсқаулығы балалардан өздерінің ойлаған ойларын іске асыруға, стандартты емес ойлауды дамытады.

«Сиқырлы шамдар» Тапсырмалар қарапайым болғандықтан бастаған істі аяғына жеткізу, яғни ерік-жігерін тәрбиелеу мүмкіншілігіне ие.Бұл ойынды көбінесе балалардың балабақшаға бейімделу кезінде қолданамын.

Сонымен қатар балалардағы түрлі мінез-бұзылушылықтарының алдын алу, жою жұмыстары барысында да бұл ойындар таптырмас құрал. Мінез бұзылушылықтарына гипербелсенді, тұйықтық, ашушаңдық, мазасыздық сияқты қасиеттерді жатқызуға болады.

Барлық ойындардың арнайы ережесінің болуы гипербелсенді балалармен қолдануда оң нәтиже береді, себебі бұндай балалар кез-келген әрекеттен тез жалығатындықтан, ережеге бағыну арқылы ол өз тәртібін басқаратын болады.

Ойындарды бала жеке де, топпен де ойнауына болады. Бұл тұйық бала үшін ең қажетті сапа, өйткені бұндай балалар өз әлемінде өмір сүретіндіктен көпшілікпен белсенді араласа қоймайды.

Ертегі кейіпкерлерінің нұсқауымен ойын тапсырмаларын орындау бала бойындағы орынсыз ашу мен ызаны басады, бұған ересектердің мақтап, мадақтап балаға стимул беру әрекеттерін қосу арқылы нәтижеге жетуге болады.

Іс-тәжірибеде бойында мазасыздық байқалатын балалармен жұмысты жоспарлау да кей жағдайларда қиындық тудырып жатады. Өз ойын айта алмау, себепсіз жылау, балабақшаға келгісі келмеу ересектерді шарасыз күйге де түсіреді. В.Воскобович ойындары барысында кез-келген тапсырманың соңында нәтиже көрініп тұратындықтан, бала бойына сенім қалыптастырады, жасап көруге құлшыныс тудырады.

Ойындардың мұндай өзгешеліктерін жалғастыра беруге болады. Мен аталған технологияның ойындарын тек жеке жұмыста ғана қолданып қоймай, педагогтерге балалардың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша білім, білік және дағдыны меңгеру деңгейін мониторингілеу кезінде бастапқы, аралық және қорытынды мониторингтер арасында нәтижеге қол жеткізу үшін қолдануда ұсынамын.

Балабақша қызметі отбасымен бірлесе жүргізіледі. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемеге ата-аналардың талабы жоғары. Бөбекжай тәрбиешілері инновациялық технология туралы толықтай мәлімет беріп ағартушылық семинарлар өткізсе, мен өз кезегімде ойындардың жоғарыдағы психологиялық маңызы туралы мәлімет беремін. Ойындарға басшылық жасау көп қиыншылық тудырмайтындықтан ата-аналар өз қалауларымен үйде де қолдануға ұсыныс білдіріп отырады.

Қорыта айтқанда, баланы өзіне сенімді, серіктерімен тіл табысып әрекеттесе алатын тұлға ретінде тәрбиелеп, негізгі психологиялық қасиеттерін қалыптастырып дамытуда В.Воскобовичтің технологиясының маңызы зор.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!