Материалдар / Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2023
221
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Метепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологиясының маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Тіл – баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой – өрісін, ақыл – парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Ал сол тілді дамытуда ойынның орны ерекше. Мектепке дейінгі балаларды оқыту – тәрбиелеу жүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыруда, сонымен қатар, айналасындағы заттарды таныстырып, атын атай білуде, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуде, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасауда – ойын технологиясының маңызы зор. Ұлы педагог А.С. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мумкін де емес. Ойын дүниеге ашылған жарық терезе сияқты. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – үшқын білімге деген қүмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Ойындар арқылы балалардың жан – жақты дамыта отыра, болашақ бейнесін қалаптастыруға болады. Ойын жаттығулары арқылы баланың ойлау қабілеті, сөздік қоры, тіл мәдениеті қалыптасады [1]. Ойын технологиясы арқылы баланың тілін дамыту жеңіл. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, үлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дүрыс және үғынықты сөйлей білуін, сондай – ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дүрыс. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ түлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып – біледі. Көрген – білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Ойын- баланың жеке түлға ретінде қалыптасуы барысында ой – өрісін, ақыл – парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Балабақшаға оқыту – тәрбиелеужүмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі балалармен жүмысын жүргізу ісі тіл дамытудың негізі бір міндеттері болып есептелінеді [2] Ойын арқылы баланың төмендегідей қасиеттері дамиды. Әсіресе, ойынның тіл дамытуда орны ерекше.Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдаланудың өзіндік мәні бар. Ойындар қолдану арқылы оқу әрекеті жүргізіледі. Балалар тек ойнап қана қоймайды сонымен қатар, тілдері дамиды, қарым – қатынастарда сөйлеуі жақсы дами түседі. Топпен біріге жүмыс жасау қабілеттері арта түседі. Балалардың тілдерін дамытуда көптеген өлең – тақпақтар жаттату, ата – анасын қүрметтеуге, отансүйгіштікке баули отырып, тілдерін ары қарай дамытып, оқу іс – әрекетіне сай бағдарлама бойынша жаңа технологиялармен жүмыс жүргізген абзал. Балалардың сөздік қорларын дамытуда ойын технологиясының қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл – ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Бала ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар қүрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады.Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігі мен тілдік қорының дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін үстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен қүлшынысы. Баланың білуге деген қүштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жүмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жүмбақ шешу және қүрастыру, саяхат, ойын сабақтарын үйымдастыру арқылы балалардың сөздік қорларын дамытады. Сөйтіп балатоптағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын үйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады [3]. Ойын технологиясы балаларды оқу жүмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым – қатынас режимдерін, жүппен және топпен жүмысты үйымдастыруға көмектеседі. Ойынның шартты әлемінің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекіту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бір қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетінің эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады [4]. Ол білімді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын өзіндік тәжірибеден өткізуге, оқу процесінде әр түрлілікті және қызығушылықты тудыруға мүмкіндік беретін ойынның екінші жағымды жағы болып табылады. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізі мақсаты – ойын процесінде баланың жан – жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын арқылы тілін дамыту әдістері мазмұнына қарай төртке бөлінеді: Ойындардың балаларға әсері

Ойын түрі

Баланың тілін дамытуға әсері

Рөлдік ойындар

Рөлдік ойын арқылы балалар бір -бірімен қарым- қатынасқа түсіп сөйлеседі. Рөлде ойнап түрған бала өзін сол кейіпкерлерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл, маржан сөздерін меңгереді. Ойынның осы түрі баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл-ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді.

Драматизациялық ойындар

Бүл ойын түрі балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дүрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп сөйлеуге үлкен эсер етеді.

Ұлтттық ойындар

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, сөз шеберлігін, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты» сияқты ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тэжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз эсерін тигізеді.

Дидактикалық ойындар

Үлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту жүмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ – жауап, баламен сөйлесу, әңгімелесу, көрнекілік, суретпен жұмыс жасау.

Балабақшаларда ойынды тиімді пайдаланса, онда тәрбиеленушілердіңтілін дамытуға, білімге деген құштарлығын дамытуда және қазақ халқының мол мүрасын бойына кішкене кезден сіңіріп, үлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың біртуар ғалым – ағартушылары Абай Қүнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин үлттық ойындардың балаға білім беруде тәрбиелік мәнін, өткен үрпақтың дәстүрі мен тарихын қүрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастар қайнар көзі, тілдік тәрбиенің ажырамас бөлшегі ретінде түжырымдайды. Тіл дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүмыстарының негізі болуға тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана – сезімін кеңейтеді [5].

Көп балалар кейбір «р, л, с, ш» сияқты дыбыстарды айтуға тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш – ойындарды пайдаланудың мәні зор. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дүрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дүрыс айтуға үйренеді. Баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне мән беріп, оларды дүрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап, анық сөйлеуге үйретуді мақсат еткен. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын дыбысы «р»- ның орнына «и» немесе «л» дыбыстарын қолданады.

Тілдің жетілуімен бірге балалардың ойлау, қоршаған ортаны бағдрлау қабілеті дамиды, жеке заттар жайындағы нақты үғымдарының молаюына және тілдік қабілетінің дамуына қарай өмірінің бірінші жылының соңында-ақ бала алғашқы қорытандыларын жасайды. Алдымен олар заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілеріне негізделеді. Мысалы: «алма» деген сөзді үйренген соң балалар допты да, шарды да осылай атайтын жағдай жиі кездеседі. Өздерінің іс – әрекеттері барысында және үлкендердің үғымдарының ықпалымен қорытындылау қабілеті біртіндеп жетіле түседі: заттар енді сыртқы емес, мәндік белгілері бойынша біріктіріледі. Көптеген іс-әрекеттерінің атаулары да жалпыландырылады.

Үш жастан асқан, мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын одан әрі дамытуға:

Айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді – келер шақты, өткен шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес, сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді қамтамасыз ету;

Балалардың актив сөзін жетілдіру – сөздікті байыту, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің грамматикалық құрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық әсерлілігін жақсарту;

Сөзді пайдалануды кеңейту — өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға сүрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендермен балалармен белсенді тілдік қарым- қатынас жасау себептерін ұлғайту;

Айналадағыға қарап бағдарлауды ұлғайту;

Қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік қатынастарды, заттардың атқарар қызметі жэне т.б. туралы аса қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;

Сөзді қабылдауды және құлақ қойып тыңдауды – үлкендердің айтқанын жақсы тыңдай білуді, шағын әңгіме, өлең тыңдауды жақсарту;

Жоғарыда айтылғандардың бәрін ойын түрінде жүзгізсе, баланың тілі тез дамып, қалыптасатын еді.

Қорыта келе,ойын баланың барлық жақтарын ашатын, яғни тілін де дамытатын бүкіл жақсы қасиеттерін ашуға көмектесетін, басқа балалармен қарым – қатынас жасаудың бірден – бір қүралы.«Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген қүлқы, қарым – қатынасы, мінез – қүлық көріністері арқылы олар өсіп, есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді,солардың сөйлеу мәнерін қолданып, эмоцияға беріп, әрекет жасайды.Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Мектепке дейінгі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану бағытдағы атқарылатын игі іс – шаралардың нәтижесіз қалмайтындығы белгілі. Мен болашақ тәрбиешімін. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойын технологияларын маңызын айта келіп, менде болашақта балалардың тілін дамытуда осы әдіс бойынша жүргізетін боламын.

Әдебиет:

Сагиев Г.Ч. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту // Мектепке дейінгі білім. – 2014. - №3. -Б. 10-11.

Магрупбекова Б.Ш. Мекткепке дейінгі балаларды дамытуда ойын маңызы // Мектепке дейінгі білім. – 2013. - №5. – Б. 7-8.

Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана: Фолиант, 2008. – 332 б.

Меңжанова Ә. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы. – 2002. – 205 б.

Ядэшко В.И. Мектеп жасына дейінгі педпгогика. – Алматы: Мектеп, - 2002. – 158 б.





ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қабанбай, Тәуке ауылы. «Т. Тоқтаров негізгі орта мектебі»КММ жанындағы «Балдырған» шағын орталығы тәрбиешісі Кузербаева Гульжамал Калдарбековна.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!