Материалдар / Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін ойын түрін пайдалана оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін ойын түрін пайдалана оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шет тілі сабағында ойын технологиялары арқылы оқыту әдістемесі және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру әдістері туралы баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2024
102
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін ойын түрін пайдалана оқыту

А.Б.Насимуллина

Аға оқытушы, магистр, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Орал қ.

Г.А.Қашқынова
Студент, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.



Мақалада жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шет тілі сабағында ойын технологиялары арқылы оқыту әдістемесі және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру әдістері туралы баяндалады.

Түйін сөздер: білім беру, дидактика, ойын, инновация, әдіс,

қызығушылық, технология



Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойында шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің негізгі формасы болып табылатын сынып сабақтарында жүргізіледі.

Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі. Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бағытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білімін тереңдетуге арналған ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары.

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Винни-Пухтың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық  сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек. Өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап  кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.Ойын құрылымының схемасы дәстүрлі болып келеді. Сабақ негізінен 3 бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі бөлімі, қорытынды. Сонымен қатар, барлық білім берудің мәселелері сәйкес ойын түрлерін және ойын жаттығулары таңдаумен, белгілі бір жүктемелердің алмасуы мен тиімді бөлінуімен шешіледі. Ойынды анықтайтын басты факторлар – қызығушылық, ал қанағат пен қуаныш сезімі сабақ барысын жеңілдетеді. Ойын нақты және мектепке дейінгі баланың дамуына сай келеді. Жоғары топта ойын сабақтың 80%-ы ағылшын тілінде өтуі тиіс, ал дайындық тобында 50%-дан көп болмауы керек.

Ойындар негізінен әртүрлі мақсаттармен қолданылады: кіріспе бөлімінде және сөздік қор мен шет тілінің модельдерін бекіткенде; сөйлеу қабілетін қалыптастырғанда; шет тілінде еркін қарым-қатынас жасау формасы ретінде. Сабақ барысында ойы Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.Оқытудың бастапқы этабында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.

Ойын элементтерін ағылшын тілі сабағында қолдану

Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.

Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әңгімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.       Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде  ғана айқындалмайды, соынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.Дидактикалық ойындар ағылшын тілін оқытуда маңызы зор, өйткені бұндай ойындарда балаларда тек қана лексико-грамматикалық материалды бекіту ғана емес, сонымен қатар психикалық үрдістердің қалыптасу жүреді: ойлау, еске сақтау, еркін зейін қою, және де мақсаттылық, зейінділік, өзін белгілі бір ережелерге бағындыру қабілеті, сонымен қатар әлеуметтік сезім, жанашырлық, әрқашан көмекке келу, көпшілдік, достық сияқты басты адами қасиеттер дамиды. Сондықтан ағылшын тілін оқытудағы дидақтикалық ойындардың маңыздылығы тек сабақта ғана емес, үйде де, серуен кезінде де, демалыс уақытында да жоғары болып есесптеледі.

Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

  Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек. Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:

  • Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;

  • Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;

  • Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;

  • Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;

  • Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;

  • Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;

  • Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары

және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді.Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

  • Фонетикалық ойындар;

  • Әріптерге байланысты ойындар;

  • Оқу ережесіне байланысты ойындар;

  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;

  • Грамматикалық ойындар;

  • Сан есімге байланысты ойындар.

Алғаш әріптерді үйреткеннен бастап әрбір әріптен келетін затты көрсетіп өтсек, онда ол әріп оқушының есінде қалады.

Мысалы:

Aa- apple

Bb- ball

Cc- cat                      т.с.с

Сонымен бірге әрбір әріпті дұрыс қатесіз жазу да бастауыштан басталады.Ол үшін арнайы дәптер немесе әр әріпті мұқият тақтаға жазған дұрыс.Дыбыстарды толық меңгерген оқушы сөздерді дұрыс оқи алады. Оны дұрыс оқыту, оның қатесін дұрыстау әр мұғалімнің міндеті.

Оқушылардың фонетиканы және грамматиканы толық түсініп әрі қарай жалғастырып оқып қызығуы үшін оларға өтілген әрбір жаңа сабақ ойын сабағы болып өткені жөн. Оқушылар ағылшын пәнін ойын сабағы ретінде тез қабылдайды, мұның өзі мұғаліммен оқушыларды пәнге қызықтырудың қосымша шараларын іздестіруді қажет етеді. Мұндай қызықтыру шараларының қатарына: еңбек процестерін суреттеу, еңбек, білім, ғылым озаттары, табиғат, туған ауыл, қала туралы әңгімелеу. Сабақтан тыс жекелей және оқушылар топтарымен консультация зачеттар өткізіледі.

Балабақшада шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты балаларды шет ел тілінде сөйлеуге үйрету. Шет ел тілін үйретудің бастапқы кезеңінде әр сабақ өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өтілсе, білім мазмұнының сапасы да артпақ.Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ жоғары сыныптарда олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталмақпын.

Snake word

Бұл ойын балалардың сөздік қорын тексеруде тиімді. Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа бір сөз жазылған А3 форматтағы қағаз бен маркер беріледі. Балалар сол сөздің соңғы әрпінен басталатын сөздерді жылан тәрізді жазу керек. Мысалы:

S n a k e

g
g i r l

i

f

e  l e p h a n t

Blind man

Барлық балалардың қол ұстасып дөңгеленіп тұрады. Бір балалың көзін байлап ортаға тұрғызады. Мұғалім ағылшын тілінде 1- 10 дейін санайды. Бұл кезде шеңберде тұрған балалар ақырын көзі байланып тұрған баланы айланады. Мұғалім «ten» дегенде балалар тоқтайды. Мұғалім шеңберде тұрған бір балаға ағылшын тілінде сұрақ қояды. Ал ортадағы бала жауап берген баланың кім екендігін табу керек.

Ойын соңынан балалармен бірге олардың пікірі, көзқарасы, т.б. талданады., баға беріледі. Ойын кезінде жазылып алынған кесте бойынша қателер түзетіледі. Ойынды дұрыс ұйымдастыру оның нәтижелі болуының басты себебі екенін есте ұстау ләзім. Бір тақырыпта бірнеше ойын қолданылатын жағдайда, олар тақырыптары бойынша топтастырылып, хатқалтаға салынып сақталады.

Балалардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында балалар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдылаланды. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар мектепке дейінгі жастағы әр баланың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.

Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында, әсіресе шетел тілін  меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі қоғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда. Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген  қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ықпал етеді, баланың ойлауына, танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздык, назар аударудағы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек.

Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру.Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтың мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді.

Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері  анық.Балабақшада берілген барлық білім — барлық білімнің бастамасы әрі жан — жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз  дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтың атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. .Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Агапова Г.Г. Профессионально-педагогическая подготовка учителя в США: Автореф.дисс.-канд.пед.наук.-М.кес.-кан, д.пед.наук.-М., 1973,29c

2. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. - Алма-Ата. Знание, 198548 с.

3. Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка.

4. Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін Білім, 70-бет, оқытудағы бүгінгі белес №3, 2006 ж..

5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!