Материалдар / Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың педагогикалық аспектілері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың педагогикалық аспектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
135
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

..............................











Аудандық педагогикалық оқылым

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың педагогикалық аспектілері»















Дайындаған:...............












.............жыл

Мазмұны



Кіріспе....................................................................................................................3

Негізгі бөлімі.........................................................................................................4

Қорытынды............................................................................................................6

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................8











































Адамның екі ең маңызды өнертаңбасы бар:

Тәрбиелеу өнері және басқару өнері.

И.Кан

Кіріспе


Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.

Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері.

Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына ойын арқылы жеткізеді. Ол – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде педагогтердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.

Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың бір тұтас дүние танымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.



3

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтердің инновациялық іс - әрекетініңғылыми -педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.

Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:

  • жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;

  • педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;

  • оқу процесі кезінде теориялық талдау, жасау, немесе іс - әрекет ретінде.

Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс - инновациялық іс-әрекет - инновациялық потенциал - инновациялық процестерді басқару.Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика - инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы. Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау.

Жаңалық ғылыми - зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама - қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.

Білімділік деңгейде бала тәрбиеші көмегімен амал-әрекет жасайды. Мұнда тапсырмалар алдыңғы сабақты нысықтауына мүмкіндік беретіндей, жаңа тақырып үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.

Алгоритмдік деңгейде тапсырма балалардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін беріледі. Мұндай іс-әрекетте келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.

Эвристикалық деңгей - өнімді деңгей.Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында қарапайым білімдерін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, жаңалық ашады.

Шығармашылық деңгейде балалардың іздену нәтижесінен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына бағытталған тапсырмалар. Оқыту технологиясы педагогтардың эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс - әрекетін ұйымдастыру және бала тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті бақылау.Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашыл орта құру үшін инновациялық технологияларды енгізу болып табылады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

4

  • Баланың танымдық күшінқалыптастыру және дамыту;

  • Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Әр баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

  • Баланың оқу үрдісін сезінуі.

Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.

Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс.Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс-шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да жас ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі. Балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс тәртібінде жұмыс жасап келешек ұрпақты өмір талабына сай тәрбиелеп білім беру, ал ең бастысы дені сау, рухани азамат дайындау.

Ойын – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.

Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл - қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын – баланы жан-жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын түсінуіне әсер етеді. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.Ойын арқылы

5

баланың дербестігін демеп, оны ілгері дамытуға деген сенім тәрбие саласындағы тиімді әдіс екендігін нақты сабақ барысындағы ойыннан жан-жақты байқауға болады. Баланың үлкені кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы олардың жастайынан бірге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені ойын балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас болмаса, бір отбасындағы балалардың өзі де бір-біріне салқын, жат-бауыр, керек десе бірін-бірі жеп көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады. Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынандай кесте арқылы суреттесек те болады:

Shape1

Іс-әрекет







Shape2 Shape3 Shape4


Shape7 Shape5 Shape6

Еңбек-әрекеті



Ойын- әрекеті



Оқу-әрекеті






Балабақшада ойын не үшін керек ?

  • Өздігінен бұл технология жаңа ұғымдарды, тақырыптарды меңгеруге ыңғайлы.

  • Жалпы технологиялық элементтерін қолдану.

  • Ойынды сабақ ретінде түсіндіру,пысықтау,тапсырманы бақылау түрінде қолдану.

  • «Ғажайып алаң», «Жұлдызды сәт», «Ақылдылар» ойындарын демалу үзілістерде ойнатуға болады.

Ойын технологиясының мақсаты:

1.Дидактикалық :

Ой - өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану,еңбек іс-әрекеттерін дамыту.

2.Тәрбиелік :

Өздігінен жұмыс жасау,ерік,адамгершілік қасиеттерін дамыту .

3.Дамытушылық :

Есте са1қтау,ойлау,салыстыру,қиялдау,дұрыс шешім қабылдау.

4.Әлеуметтендіру:

Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.

М.Монтессори-педагогика арқылы ерте шақтағы даму

Мария Монтессори – итальян педагогы, врач. Ақылы нашар дамыған балаларға арналған тиімді әдістерді жасай отырып, оларды дені сау балаларға да қолдануға болады деген шешімге келеді. Жүйе еркін тәрбиелеу идеясында қаланып, 3 пен 9 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Монтессори әдістемесі балалардың арнайы дайындалған дидактикалық материалдармен сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттерінің негізінде қаланған (текшелер, цилиндрлер, қосымшалар, түрлі формадағы жақтаулар, санағыш моншақ тізбесі және т.с.с.). Баланың дамуы мен оқуы оның физикалық сезім

6

мүшелеріне негізделеді. Ол үш түрлі құралдар пайдаланылады: иісі бар қораптар, түйсік үшін тақта, шу қораптары, қоңыраулар, дәм банкілері, жылы құмыралар және т.с.с.

Монтессоридің әдістемесі:

  • жекеше оқытуға негізделген;

  • бала қажетті құралдарды және ойының ұзақтығын өзі таңдайды;

  • бала табиғи жағдайында өзінің бағытымен дамиды.

Монтессоридің педагогикасы жалпылай оқытудан ашық оқытуға негізделген. Бұл педагогиканы экспериментті деп атауға болады, өйткені баланың бақылауы дидактикалық құжаттарды таңдауға мүмкіндік береді. Табиғи жағдайға қарап бала тағлиматтық әдіс тәсілдерді таңдайды. М.Монтессори педагогикасының ұраны«Өзімді тануға көмектес».





































7























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!