Материалдар / Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналган
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2024
96
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

XX ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ ЖӘНЕ ОҚУ-АҒАРТУ ЖҮЙЕСІ

Ұлт келешегі үшін қызмет еткен, бойындағы барын берген зиялы қауым өкілдерінің қазақ мектептері үшін пайдалануға тұратын көзқарастары мен тәжірибелері бүгінгі күнде өзектілігін көрсетіп отыр. ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ елінде педагогикалық психологияның қалыптасуына зор үлес қосқан зиялы қауым өкілдеріне назар аударып, зер салу аса қажет деп білеміз. Себебі, еліміз егемендікке ие болғалы ұлттық мектептің іргетасы қалана бастады. Ұлттық мектептер тарихын, тілін мәдениетін зерттей отырып, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылудамыз.

Қазіргі «Қоғамның жаңару жағдайындағы ұлттық метептердің» бағыт-бағдарын, құрылымын, өткені мен бүгінгісін және болашағын анықтап, ұлттық мектептерді бүгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыру.

ХХ ғасырдың басында тарихи сахнаға шыққан ағартушылардың, педагогтар мен жазушылар буыны туралы ерекше атап айтқан дұрыс әрі қажет деп ойлаймыз. Олар қазақ халқының тарихи-мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған, республикада халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық ұлттық мектепті қалыптастыруда және оның іргетасын қалауға белсене ат салысқан, жеке басқа табыну кезінде зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың құрбаны болған, көп жылдар бойы есімдері ескерілмей келген халқымыздың адал перзенттері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллиннің т.б. педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні орасан зор. Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта еңбектер жазылып, кітаптар жарық көре бастады. Өйткені олардың барлығы өз жолын таңдап, адамзаттың дамуына септігін тигізген өз дәуірінің өкілі ретінде қазақ үшін аса қажетті болған ұлы жандар.

ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы өзінің шығармашылық еңбегі арқылы халықтың тарихи зердесіне барлау жасай отырып, оның ұлттық сана-сезімін ояту, жігерін қайрау жолында аянбай тер төкті. Қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері аймақтық баспасөз органдарын қалыптастырды, елдегі əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жəне рухани-діни мəселелерді реформалау қажеттілігін күн тəртібіне қойды. Қазақ зиялылары жалпы демократиялық мəндегі ұлттық тең праволық, халық-ағарту ісін көтеру, отаршылардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты көкейтесті мəселелерді өз шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды. Осындай өмірлік сұраныстан туған жəне оған жауап берген санаулы дүниелердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген, кешікпей əлденеше рет басылған М.Дулатовтың «Оян қазақ!» атты шағын көлемді өлеңдер жинағы еді. М.Дулатовтың «Оян, қазағында» ғасыр басындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер, оқу-ағарту секілді мəселелер көтерілді. Сонымен бірге қазақ жастарын оқып, білім алуға шақырды. «Оян, қазақ!» жарық көрісімен халықтың үлкен құрметіне ие болды.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Республикамызда жаңа қазақ мектебінің негізін қалауда оқу ағарту ісін дамытқан қазақтың ойшыл ағартушылары Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қарашев, Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай сынды зиялыларының баға жетпес мұралары негізінде жеткіншектерді тәрбиелеу қазақ халқының болашағын қалыптастырушы күш деп білеміз. 1922-23 жж. ұлт мектептерiн төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде бiраз шаралар iске асырылды, қазақ тiлiнде 14 оқулық шығарылды. Олардың iшiнде «Физика», «Грамматика», «Педагогика», «Алгебра», «Мектеп гигиенасы», т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Аспандияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты. 1920-30 жж. республика мектептерiнiң оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен 1864-ке жеттi оның 1231-i қазақ мектебi, оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жеттi. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары едi. 1928 ж. Қаз ОАК-нiң 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерiнiң саны аз едi. 1927-28 жж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбi 7 жылдық мектептi бiтiрiсiмен техникумдар мен училищелерге кетiп жатты. 1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тiлi болып келген араб әлiпбиiнен латыншаға көшуi оқу-ағарту iсiнiң дамуына үлкен соққы болып тидi. Араб әлiпбиiмен шыққан мәдени бай мұралардың көбi отқа өртелдi. 1940 ж. латын әлiпбиiнен кириллицаға көшу елдегi ағарту iсiн тағы көп жылға шегерiп тастады. 1937 ж. қазақ бастауыш мектептерiнiң саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жеттi. 1940-41 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары едi. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалiм кадрларының сапасы жақсарды. 1940 ж. жалпы бiлiм беретiн мектептерде 44597 мұғалiм қызмет еттi, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдерi едi.

Алаш зиялыларының көп салалы қызметінің бір қыры-ғылыми-педагогикалық іс-әрекетінің тамыры тереңге тарап, бүгінгі қазақстанның зияткерлік ұлт қалыптастырудың түпкілікті негізінен бастау алғандығын байқаймыз.

Алаш зиялыларының бәрін, өзінің жекелік мүддесі емес, халықтың тағдыры қызықтырды. Қазіргі біздің ақпараттық өрлеу заманында жұртшылықтың сауаты жоғары. Адамзат баласы, дәл бүгінгі күні, бүкіл дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтардан үйінде отырып-ақ, толық мәлімет алатын күйге жетті. Алаш зиялылары өмір сүрген дәуірде, дәл бүгінгідей сауаттылық болмады.

Алаш зиялылары сияқты өз дәуірінде оқыған адамдардың көбінің орысша және латын әрпімен хат тануының өзі, жүре келе, бірнеше тілде сөйлеп, ғылымның түрлі салаларымен айналасуына қол жеткізді.

Әлихан Бөкейхан Кеңес өкіметіне қызмет етуден бас тартқанымен қазақ еліне, Алашына қызмет етуді борышым деп санады. Мәскеуге жер аударылса да, елінен хабар үзбеген Әлихан жат жерде жүріп, ұлт зиялыларының басын біріктіре отырып, халқының ұлттық өнерін, мәдениетін, әдебиетін, білімін өркендету жолында еңбек етеді.

Большевиктік қызметке белгілі мақсатпен араласа бастаған А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Садуақасұлы сынды әріптестері арқылы Ә.Бөкейхан Қазақстандағы саяси-қоғамдық, мәдени, әдеби процестерге бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауды жалғастыра береді. Әлихан Бөкейханның тікелей басшылық нұсқауымен С.Асфендияров өзінің ғылыми еңбектерін, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы өзінің әйгілі лингвистикалық еңбектері «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» Ж.Аймауытұлы «Психология», М.Жұмабайұлы «Педагогика» секілді ғылыми еңбектерін жазса, сол кездегі жап жас жігіт Қаныш Сәтбаев орта мектепке арналған «Алгебра» оқулығын жазып шықты. Осы кездегі Әлекең бастаған қазақ зиялыларының атқарған ролін ағылшын ғалымдары: «Около дести лет, вплоть до начало 30-х годов, члены Алашорды сохраняли почти полный контроль над образованием, прессой и издательским делом в Казахстане, следуя единственной цели придать советской Казахской культуре отчетливо национальный» деп, сол кездегі тарихи ақиқатты шыншылдықпен сипаттайды. Иә, сол кездегі ұлт зиялыларының алдындағы кезек күттірмейтін ең күрделі де өзекті мәселе – бұл ұлттық ерекшелік пен құндылықтарды негізге ала отырып, ғылымға білім мен мәдениетке ұлттық бояу, ұлттық нақыш беру еді. Бұл игі істің бастауында өз халқын жан-тәнімен сүйген ұлт көсемі, қазақ халқының аяулы перзенті, энциклопедист-ғалым Әлихан Бөкейхан тұрады.

Мәскеуде айдауда болған өмірінің осы тұсында Ә.Бөкейхан өзінің педагогикалық танымын айқындайтын ғылыми еңбегін және мектеп мұғалімдеріне қосымша ғылыми көмек ретінде «Пыланеттер», «Луи Пастер», «Білім күші» және саяси гуманистік көзқарасын айқындайтын «Хахас» атты мақалаларын жазады.

Ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханға педагогикалық еңбек етене жақын еді. Себебі, Әлекең 1894 жылы Санкт-Петербургтегі Орман институтын орман экономикасы мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы Омбы қаласындағы төменгі дәрежелі Орман мектебіне жұмысқа қабылданған соң, мектепте екі жылдай өз мамандығы бойынша дәріс оқып, сабақ береді.

«Серуен жасап зерттеу әдісі» ғылыми еңбегінде көрсетілген ғылыми-педагогикалық тәсілдерді Әлихан Бөкейхан біреуден естуі бойынша, болмаса әр ғалымда болатын ғылыми түйсік арқылы жазған жоқ. Ол педагогикалық жұмыспен тікелей өзі айналысқан 1894-1896 жылдары кезіндегі тәжірибесіне және теориялық ғылыми даярлығына сүйенді деп толық сеніммен айта аламыз. Себебі, еңбек соншалықты қарапайым, әрбір мұғалімге түсінікті және биік дәрежелі ғылыми негізде жазылған. Еңбек оқушы балалармен тікелей араласып, сабақ беретін мектеп мұғалімдеріне ғылыми методикалық нұсқау іспеттес. Еңбекте Ә.Бөкейхан бірінші кезекте көзбен көріп, қолмен ұстаған тәжірибеге сүйенеді.

«Серуен жасап зерттеу әдісі» еңбегінде Әлихан Бөкейхан: «Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі – тәжірибия. Жаттап алып білген білім мектептің табалдырығын аттай бере естен шығады да ұмытылады. Қандай жақсы кітап болса да, кітап кісінің сөзі, оны біреу тапқан. Аңда жүріп кісі байлаған түлкі, өзің қуып алған түлкіге жетпейді» - дейді.

Білімді игеруде ең бірінші кезекте тәжірибеге сүйену керек. Қандай жақсы кітап болса ол біреудың сөзі яғни, теория. Ал, көзбен көріп, қолмен ұстап, тәжірибе арқылы өзінің көзі жетіп, еңбегімен, өз бетінше өзі тапқан білімге еш нәрсе жетпейді, - деген ойды Ә.Бөкейхан сол кездегі мұғалім мен оқушының тұрмысы мен пайым түсінігіне лайықтап «Өзің қуып алған түлкіге жетпейді» деп түсіндіреді.

«Білім анасы – тәжірибә» деген Әлихан Бөкейхан: «Жерді, ауаны,суды, жанды, жансыз өзімізді қамап алған затты тану тәжірибемен ғана болады. Бұ туралы тәжірибә көзбен көрген, қолмен ұстағаннан басталады. Ақыл зерек тексеріп, тергеп, терең бойлап тоқып, кестелеп көзбен көргеннен қолмен ұстағаннан қорытынды шығарады. Бұ неше сыннан өтіп, таспадай сыдырылып, таяқтай жонылып, білім негізі болып шығады. Тәжірибесіз білімде негіз де жоқ, бет те жоқ. Білім анасы тәжірибә! Баланы баулыған оқытушы білім үйретпек болса, жаттаманы талақ қылады да тәжірибә жолына түсіреді. Оқытушы ісіне шебер болса, өзі де балалар да табиғатты әліппедей оқып, аты бәйгеден келіп, бүркіті түлкі алғандай қызыққа батады да қуанады. Бала оқуға күйі түскен қаршығадай түлеп ұшады», - дейді.

Практик-ғалым Ә.Бөкейханның айтуынша мұғалім оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, жалаң теория, жаттанды сөзді тастап, оқытушының әрбір сабағы сыртқы ортамен, өмірмен тығыз байланысты болуы шарт. Бұл іс мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Ауылдағы мектепте табиғат тану тәжірибесін мынадан бастайды,- деген ғалым, «Серуен жасап зерттеу әдісі» еңбегінде өте бір қызықты жағдайды баяндайды.

Май айында қолында лупасы бар мұғалім оқушылармен серуенге шығады. Олар келе жатып тобылғының сабағында жабысқан тарыдай түймешек дақтарды көреді.

«Бұл не?» деген мұғалім сұрағына балалар: «Бұл жыланның сілекейі», – деп жауап береді. Мұғалім балаларға лупамен сілекейді көрсетеді де, бұл жыланның сілекейі емес, көбелектің жұмыртқасы деп жауап беріп, осы жұмыртқадан көбелектің қалай шыққанын бақылаймыз,-дейді.

Тобылғыны белгілеген балалар үйіне қайтады. Балалар сілекейден көбелек пайда болғанға дейінгі өзгерістерді күнде келіп бақылап, өз көздерімен көреді. Ең соңында мұғалім: Балалар, көрдіңдер ме біз:

  1. Шиден жыланның сілекейі секілді нәрсені көрдік.

  2. Ол бірнеше күннен соң жұмыртқа болып шықты.

  3. Жұмыртқа толғанып жұлдыз құртқа айналды.

  4. Жұлдыз құрт өсіп бұршақ болды.

  5. Бұршақтан көбелек шықты.

Осы жағдайдың бәрін өз көздеріңмен көрдіңдер. Көбелектің бәрі де осы біз тәжірибелеген жолмен өсіп өнеді – деген мұғалім, көбелектің қандай түрлері бар және олар қандай жерде өмір сүретінін түсіндіріп өтеді.

Әлхан Бөкейханның «Серуен жасап зерттеу әдісі» еңбегі өте қарапайым тілде жазылып, мұғалім мен оқушылардың  қарым – қатынасы және табиғаттағы күнделікті жағдай суреттелген секілді. Бұл еңбектің сырт көрінісі ғана. Ал, шындығына келгенде еңбекте баланың жан-жүйесіндегі ұғымдық өзгерістері мен мұғалімнің кәсіби шеберлігі ғылыми жолмен баяндалған.

Қай заманда да мұғалімнің ең басты міндеті оқушыларға қоғам мен қоршаған ортаны таныстыра отырып, баланы өздігінен ойлана алуға және сол ойлану арқылы оқушы баланы белгілі бір шешімге келе алуға үйрету.

Аса жауапты осы күрделі мәселені Ә.Бөкейхан өзінің ғылыми еңбегінде қалай шешеді? Енді осыған келейік. Еңбекте айтылғандай, мұғалім балаларды ертіп далаға серуенге шығады. Серуенге шыққан бала өзін қоршаған туған табиғатын көріп қиялға берілуі табиғи жағдай.

Қиял – көру, естуден жалпы суреттеулерден жасалынатын психологиялық процесс. Қиялға берілген бала мұғалімнің көрсетуімен тобылғының сабағында жабысқан ақтаған тарыдай түймешек  дақтарды көріп әсерленеді яғни тарыдай түймешек дақтар балаға әсер етті. Әсерленген бала түймешек дақтарды сыртқы сынына қарап, жыланның сілекейі, -деген жалпы аналогиялық ойға келеді. Мұғалім: «Бұл жыланның сілекейі емес, көбелектің  жұмыртқасы,»- деген соң, бала жыланның сілекейі емес, көбелектің жұмыртқасы туралы ойлап, жалпыдан жалқыға яғни дедукациялық ойдан индукциялық ойға көшеді.

Оқушылар көбелектің жұмыртқадан қалай өсіп шыққанын көріп білген соң ой қорытып, шешім шығарады. Оқушыдағы осы шешім оның дағдылы біліміне айналады. Шешім арқылы өз көзқарасы қалыптасқан балада саналы тұлға қалыптасу процесі басталады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда негізгі ролді білім алады. Білім тәжірибе арқылы келеді.


Еліміздің дамып, көркейіп өркениетті, бәсекеге қабілетті мемлекеттер санатына қосылуы қазіргі заманғы буын бейнесінен байқалады. Осы таңдағы білім беру шеңберіндегі мәселе-ұйымдастыру және әлеуметтік педагогикалық тұрғысынан, білім беру мәніне жаңа серпіліс кіргузідің жаңа, оңтайлы тәсілдерін іздестіру, оларды іске асыра алатын оқытушыларды әзірлеу. Оқытушыларды дайындау қай кезде де актуалды проблемалар санатына жататынын ап-айқын. Бұл, қоғамның экономикалық-әлеуметтік мақсат-міндеттері заманына сай ерекшеліктерге ұшырап, жаңа буынды соған сәйкес өмірге үйретудің жаңа талаптары пайда болып отыр. Осы таңда ұстанымдар кәсіби педагог мамандарын дайындау жүйесіндегі көзқарастардан белгілілігі сөзсіз. Осы мектеп жағдайындағы оқытудың ұлттық моделіне өту тәрбиелеудің және оқытудың ақырғы тәсіл-әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияны меңгерген, педагогикалық және психологиялық тексеруді қабылдауға мүмкіндігі бар, білім беру жұмысында пайда болған ескі сүрлеуден жылдам құтылуға нақты және қабілетті тәжірибелік іс-қимыл үстінде өзіндік бір ерекшелігі бар бағыт салуға икемді, ойшыл мұғалім, шығармашыл зерттеуші-педагог болуын талап етеді. Елдің білім жүйесі сатысында білім беру үрдісін ұйымдастыру жаңаша, өзгеше оқыту технологияны кіргізуді бағыт-бағдарға алады.


Заманға сайнегізделе отырып,өте ерекше, жаңа бағдар-бағытта жұмыс істеу- бүкіл мұғалімдер алдындағы негізді әрі негізді басты мақсаттардың негізгісі болып есептелінеді. Осы мақсат-міндеттерді іске асыруда мектептің теориялық және әдістемелік ісінің алатын орныөзгеше. Мектеп оқытушылары ішінде өтілетін түрлі әдістемелік жиналыстар өзгеше, жаңаша сипатта ұйымдастырып жүргізуді дәстүрге айналдыру қажет.


Еліміздің«Білімжөнінде» Заңнамасында білім беру нысанын, типтерін, ақпараттық технологияларынтаңдаған кезде біршама нұсқалық принципі тіркелген болатын, аталған білім беру орындарының оқытушыларына өзіне оңтайлы форманы пайдалануға, оқыту процессін кез келген нұсқамен, сонымен қатар авторлық нұсқамен құруға мүмкіндік береді.


Алуан түрлі тәжірибелер көрсеткендей, осы технологияны пайдалану кезінде білім беру сапасын әжептәуір арттыруға, сонымен қатар білім беру стандарты негіздеген оқу материалын түгел балалардың 100 пайыз игеруін қамтамасыз етуге болады. Осы технологияның айта кетерлік бір өзгешелігі аса білімді оқушылармен жүйелі, сондай-ақ тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі болып саналады.

















Кіріспе


Қазақ халқының үлы ағартушы-педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмүхамедов өз еңбектері аркылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына үлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың үлттық меқтебін жасау, ол мектептегі үлттық тербиенің мақсаты, міндеттері, мазмүны, әдістері мен қүралдары жөне нәтижесін негіздеді. Сол арқылы олар XX ғасырдың басында қазақ халкының болашағын ойлап, онын. мектебінің үлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмүнынын, қазак халкының үлттық мәнімен, оның үлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді.

Қазақ үлтынан түңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне 1962 жылы ие болған профессор Т.Тәжібаев өзінің 60-шы жылдардың басында жазған "Ауылдағы қазақ балала.рының төрбиесі және Қазақстанньщ мектептері" атты мақаласында "Қазақтардың мөдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және халықтың тәрбиелік дөстүрлері басты рел атқарған" дей келіп, қазақ балаларының ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде жүргізілгенін айтып, қазақ педагогикасының тарихында алғаш рет "Халыктық педагогика" терминін былай ендіріпті: "Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мүң-мүқтажын білдіретін мақалдар мен мөтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп жинакталған" [144].

Қазак халык, педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор М.Ғабдуллин еді. Ол өзінін, "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" атты ғылыми-зерттеу еңбегінде былай деп ой қозғаған: "Қазақ халқыньщ өмірінен орын алған тәрбиенін, тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз - революцияға дейінгі қазақ арасында жас үрпақты еңбек пен ерлікке төрбиелеуде халықтың нені арман еткенін және баланы жастайынан тәрбиелегенде өсе келе кім болуын көздегенін шолып өту. Мүндай шолудың керек болып отырған себебі, біріншіден, халқымыздын, бала тәрбиелеудегі өткен кездегі арман-мақсатымен танысу, екіншіден, оларды бүгінгі күннің тілек-міндеттерімен салыстыру еді" [145]. Мүндағы автордың мақсаты қазақ халқының сан ғасырлық үлттық төлім-тәрбиелік дәстүрлерімен елді таныстыра отырып, болашақ зерттеушілерге халқымыздың өмірінен орын алғаи тәрбиенің тарихын зерттеу қажеттігін, оны зерттейтін ғылымды анықтау керектігін керегендікпен болжауы еді деп толық айтуға болады.

Ғылыми айналымға "этнопедагогика" терминін түңғыш рет ендірген шуваш ғалымы, профессор Г.Н.Волков екені XX ғасырдың 60 жылдары ортасында белгілі болды [285]. Ал Қазақстанда "этнопедагогика" терминін түңғыш рет 1978 жылы профессор Қ.Жарықбаев өзінің "Револгоцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихынан" атты өдістемелік үсынысында берген еді [147]. Сондай-ақ ол 90-шы жылдары "Халықтық педагогика - халыктың тәрбиелеу және оқыту туралы білімдерінің қосындысы", ал "Эгнопедагогика - халықтық тәлім-төрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы" [366] деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттеу проблемаларын анықтап берді.

Осындай әдіснамалық негіздерге сүйенген казақ ғалым-педагогтары 1990 жылдан бастап қазақ халық педагогикасы мен оның тарихын зерттеуге ерекше кірісті.

Қазақстанда қазақ этнопедагогикасы және онын, тарихы бойынша педагогика ғыльшдары докторы ғылыми дәрежесіне 14 адам ие бслды, оның жетеуі - Әмірғазин К., Балтабаев М., Ералин Қ., Қалиев С, Қожахметова К., Наурызбай Ж., Үзақбаева С. - қазақ этнопедагогикасьшан; жетеуі - Жарықбаев К,, Ильясова А., Көбесов А., Қүнантаева К., Халитова I., Тәнекеев М., Әлсатов Т. - қазақ этнопедагогикасының тарихынан қорғаған. Ал педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертациялардың саны 89 болды, олардың 60-ы қазақ этнопедагогикасынан, 29-ы казақ этнопедагогикасының тарихынан қорғалды. Барлығы - 103 диссертация болды [181-285].

Қазақ этнопедагогикасынан ғылыми-зерттеу жүмысы соңғы 10 жылда ерекше қаркынмен жүргізіліп жатқанын жөне олардың нотижелері республиканың үздіксіз білім беру жүйесіне ендірілу барысын 1-кестеден көруге боладьь")

1-кестеден қазақ этнопедагогикасынан диссертациялык зерттеулер кеңес доуірінде, оның 1920-1970 жылдары 8-ақ, 1971-1990 жылдар арасында 15-ақ жүмыс орындалғанын, ал 1991-2000 жылдар арасында 47 жүмыс қорғалғанын көруге болады. Осыдан үлттық сипаттағы тәрбиеге 70 жылда 23-ақ, ал егемендік алған 10 жылда Қазақстанда 47 диссертация қорғалғаны кеңестік дәуірде үлпык. тәрбиеге тиым салынғанының әсері көрініп түр. Қазір ҰЛТВЫК мектеп жасау, оида үлтгық төрбие беруге ерекше назар аударылып жлтқаны, қоғамымыздын. болашағы сол тәрбиеге тікелей байланысгы екеніне көзіміз жете бастады. Дегенмен, жоғары оқу орындарыпда болашақ мүғалімдерді үлттық тәрбиеге дайындау проблемасы әлі де болса ерекше зерттеуді қажет етеді.

Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі - XIX ғасырдың екінші жартысы және ол осы түстағы ағартушы-демократ, ойілыл зиялылардьщ еңбектерімен тығыз байланысты десек тс, шын мөнінде, сол ғасырдың аяғына дейін қазақ (ііюпедагогикасы мен этнопсихологиясы дербес ғылым дорежесіне көтеріле алмады. Оның бірнеше себептері болды. Ьіріншіден, Қазақстаңца қоғамдық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, ғылыми терминдер әлі қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылым счласын жеке ғылыми түрғьща зерттейтін ғалымдар жетіспеді. Үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық база (арнаулы зерттеу мекемелері мсн баспа орындары) болмады.

Кейін еліміздің экономикалық және мөдени-әлеуметтік омірінде болған өзгерістер мен ілгерілеулер ғылым мен мөдениеттің, оқу-ағарту ісінің өркен жаюына мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта жөне жоғары оқу орындары апіылып, ғылым мен мөдениеттің өр саласынан білікгі маман кадрлар кебейді. Ғылымның сан-саласын қамтитын ғылыми-ісрттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық -Қазақстан Үлттық ғылым академиясы қүрылды.

Республикада соңғы 60 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына ондаған баспа^, орындарының, ғылыми-өдістемелік арнаулы журналдар мен' газеттердің ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен овдаған ғылыми-педагогикалық зертгеу еңбекгерінің шығуы да игі өсерін тигізді. Бүл істе 1933 жылы Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанынан түңғыш күрылған Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты үлкен рөл атқарды. Педагогика, психологая ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбекгері мен оқулыктарын, сөздіктерін жасауда, сейтіп бүл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ә.Диваев, ПІ.Қүдайбердиев, А.Байтүрсынов, С.Торайғыров, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х-Досмүхамедов, М.Әуезов, Қ.Кемеңгеров, Қ.Жүбанов, Н.Қүлжанова, М.Жолдыбаев, Ш. Әлжанов сияқты біртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек сіңірді. 1950-1980 жылдарда Ә.Сыдықов, Р.Г. Лемберг, А.П. Нечаев, Т.Төжібаев, Е. Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов,



Дазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мүра-халықтық пе-дагогика мен VI ғ. Орхон-Енісей жазуларынан баста-лып, орта ғасыр ойшылдарыньщ парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен толысып, XIVXIX ғ.ғ. ақын-жы-раулардьщ терме, толғауларында жалғасып, XIX ғ. екін-ші жартысында өмір сүрген қазақтын. ғұлама ағартушы-демократ ұлдары: Шоқан, Ыбырай, Абай, Сүлтанмахмұт еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын мәнінде Қа-зан төңкерісіне дейін педагогика, психология ғылымдары дербес ғылымдық дәрежеге кетеріліп жетпеген еді. Оньщ бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстанда қо-ғамдық ғылымдардың сан салалы тараулары бір-бірінен дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалып-тасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке-жеке ғылыми түрғыда зерттеуші ғалым-дардьщ жоқтығы, үшіншіден,— ғылым салаларын өріс-тетерлік ғыльши-техникалық материалдық базаньщ (арнаулы зерттеу мекемелері мен баспа орындарыньщ) болмауы себеп болды.

Қазан төндерісінен кейін еліміздің саяси-экономика-лық және мәдени-әлеуметтік емірінде болған үлы өзге-рістер мен жаңалықтар ғылым мен мәдениеттің, оқу-* ағарту ісінің барлық саласыньвд өркен жаюына толық мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр сала-сынан білікті маман кадрлардьщ көбеюіне жағдай жа-салды. Ғылымның сан саласын қамтитын ондаған ғылы-ми зерттеу институттары ашылып, оларға б^асшылықжа-сайтын орталық Қазақстан ұлттық Академиясы қүрыл-ды. Оларда 4,5 мыңнай астам ғыльши қызметкерлер еңбек етті. Оның ішінде Академиянын, 53 толык мүшесі,


85 мүше-корреспонденті, 204 ғылым докторлары, 1486 ғылым кандидаттары бар.

Республикада соңғы 50 жыл ішінде педагогика ғылы-мының дамып қалыптасуына ондаған баспа орындары-ның ашылып, 5 ғылыми-методикалық арнайы журнал-дар мен 2 газеттің халыққа қызмет етуі, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тиғізді. Бұл істе 1933 жылы Қазақ ССР Халық ағарту комйссариаты жанынан тұңғыш құрылған педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты үлкен рөл атқарды. Педаго-гика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптас-тырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулыктарын жа-сауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920—1935 жылдары Ш. Қүдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жүмабаев, Ж- Аймауытов, М. Дулатов, X. Досмұха-медов, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жүбаиов, С. Асфендияров, Н. Қүлжанова, Жолдыбаев, Ш. Әлжанов сиякты біртуар асыл азаматтар орасан зор еңбек етсе, ал 1935—80 жыл-дарда М. Әуезов, Ә. Сыдықов, Р. Г. Лемберг, А. П. Не-чаев, Т. Тәжібаев, Е. Бекмаханов, Ә. Сембаев, Ә. Қоңы-ратбаев, Ш. Кәрібаев, С. Қожахметов, М. Мұқанов, М. Ғабдуллин, Қ. Бержанов т. б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар белсене ат салысып, бірнеше моногра-фиялық зерттеу еңбектерін қалдырып кетті. Сейтіп, пе-дагогика, психология ғылымы шын мәнісінде XX ғ. ал-ғашқы 20—30-жылдарында қоғамдық ғылымдар сала-сынан белініп, жеке ғылым саласы болып қалыптаса бастадыГЛ

Осыі\Я?н байланысты ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің іргетасын қалаушы ірі ғылым қайраткерлеріиің педаго-гикалық және психологиялык ой-пікірлеріне ерекше тоқ-талып, оқу құралының IVV тарауларында арнайы сөз етуді қажет деп таптық.



жақтарына ерекше мән беріп, халыңтық тәрбиенің негіз-деріне рылыми талдаулар жасады.

Алайда, Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірде халык педагогикасын зерттеу, оны тәжірибеде ңолдану ісіне немңүрайлық көрсету, ңала берді адамдардың сана-сындағы ескі ңоғамдың идеялардың қалдығы деп ңарау өріс алды. Ол идея коммунизм кезінде бір тіл, бірыңғай мәдениет болады деп ңараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған үраннан туындаған еді. Көне мәдениет кереметтері - мешіт-медреселерді, шіркеу-лер мен храмдарды ңирату, халыңты діннен, үлттьщ тілден, салт-дәстүрден бездіру, тарихи ескерткіштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, ңала аттарын кеңестік саясат-қа негіздеп өзгерту, т.б. солақай саясаттың әсерінен туын-даған теріс әрекеттер болатын.

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!