Материалдар / «Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға шебер-сынып өткізу жоспарын жасақтау»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға шебер-сынып өткізу жоспарын жасақтау»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ жетекшілеріне шығармашылық жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
828
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« №13 мектеп-гимназия » КММ















Шығармашылық жоба

Тақырып: «Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға шебер-сынып өткізу жоспарын жасақтау»





Орындаған: Байназар Нұргүл Рысбекқызы













2020-2021 жыл

Кіріспе

Зияткерлік-бұл күрделі

интегралдық оқыту.

П.Я.Гальперин

Адамның зияткерлігі, сенсорлық тәжірибесі бала кезден қалыптасады. Мектепке дейін алғашқы көргенін әңгімелеу, қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Балалардың мектепке дейінгі жастағы зияткерлігін дамыту - өзекті жағдайлардың бірі болып отыр. Зияткерлік дамыту ойыны – баланың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процессін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қайнар көзі болатын білім беру әдісінің бір түрі.
Сонымен баланың зияткерлік дамуы дегеніміз не? Зияткерлік дамудың не екендігі туралы мәңгілік пікірталас бар. Кейбір психологтар бұл белгілі бір білім мен дағдылардың жиынтығы деп санайды, ал басқалары оның көрсеткіші ақпаратты сіңіру және қажет болған жағдайда оны пайдалану мүмкіндігі деп санайды.

Біздің балабақшаның негізгі жұмыс бағыты - балалардың зияткерлік қабілетін дамыту, зияткерлік ойындарды тәрбиелеу, оқыту бағытында қолдану. Мектепке дейінгі мекемелерде дидактикалық ойындар дамытушы технологиялар ретінде қолданылады. Зияткерлігі жақсы дамыған бала берілген тапсырмаларды жылдам қабылдайды, есте сақтайды, өз күшіне сенімді, жаңа ортаға тез бейімделеді, мектепке дайындығы жоғары екендігін көрсетеді. Зияткерлік дамыту ойындарының ерекшелігі – оның әрекеттік сипатында. Мұнда балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Қазіргі кезде, барлығымызға белгілі зияткерлік ойындар авторлары Б.П.Никитин, В.В.Воскобовичтың дидактикалық ойындары, М.Монтессори, Дьёнештің туындылары өздерінің жоғары сапасын көрсетіп отыр. Зияткерлік дамыту ойындарының жүйесі мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың алған білімін бекітуде, сыни ойлау, мәселені шешу, топ құра алу және шығармашылықпен ойлауға баулиды.

Зияткерлік ойындар арқылы келесі нәтижелерге жетуге болады:

- баланың ақыл-ойының дамуы;

- сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады;

- тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады;

- қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады;

- тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады;

- қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады;

- ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді;

- еңбекке тәрбиеленеді;

- бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады;

- әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады;

- бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді; Негізгі бөлім:

Мектепке дейінгі жаста балалардың зияткерлігінің қарқынды дамуы байқалады. Ойлау, қабылдау, есте сақтау сияқты білімді игеруді қамтамасыз ететін ақыл-ой функциялары дамып, реттелетін еркін процестерге айналады. Бағдарлама П.Я.Гальпериннің «Ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру» теориясына және Л.С.Выготский-Б.Д.Элькониннің психикалық дамуы мен жетекші қызметіне негізделген. Бұл жағдайда сыртқы материалдық іс-әрекет ақыл-ойдың пайда болуынан бұрын бірнеше сатыдан өтеді. Осы кезеңдердің әр қайсысында маңызды өзгерістер орын алып, жаңа қасиеттер алынады. Сыртқы, материалдық іс-әрекеттің бастапқы нысандарында осы әрекеттің үлгілерін беретін, оны бірлесіп қолдануға және оның дұрыс жүруіне бақылауды жүзеге асыратын тәрбиешінің қатысуы маңызды рөл атқарады. Бұл теория тәжірибеде балаларға ойлау әдістерін, әр түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін, меңгеру процесін бақылауды үйрету арқылы оқу қызметін тез және жоғары деңгейде әлдеқайда тиімді етуге болатындығын көрсетті.
Баланың интеллектуалды дамуының басты шарты - отбасындағы жақсы қарым-қатынас болып табылады. Сүйіспеншілікке толы ата-ана достық кеңестер мен істерге көмектеседі, дамуға қолайлы жағдай жасайды. Сабырлы, осы әлемдегі маңыздылығына сенімді бола отырып, бала қоршаған әлемді үлкен қызығушылықпен қабылдайды, сондықтан үйлесімді дамиды. Қазіргі білім беру жүйесі үшін ақыл-ой тәрбиесі мәселесі өте өзекті. Ойынның көмегімен біз оқуға, танымдық және шығармашылық іс-әрекетке қызығушылықты оята аласыз, мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік қабілеттерін аша аламыз. Біз баланың білімі мен дамуын ол үшін ең тартымды және ең бастысы ойын түрінде ұйымдастыра аламыз.

«Қашан және қайда зияткерлік ойынды пайдалануға болады?», - деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Зияткерлік ойындарды балалармен бірге ойнамас бұрын, тәрбиеші ойын тәртібімен дұрыс қолданылуын, өзі өте жақсы меңгеруі керек.

Мақсаты:

1. Баланы ойлауға үйрету

2. Балалардың танымдық іс-әрекетінде жағымды қатынас қалыптастыру

3. Білім, біліктілік дағдыларын әр түрлі мәселелерді шешу үшін қолданады

4. Мектепке дейінгі балалардың оқуға рефлексияға ынтасын дамыту

5. Әр баланың ойын тәжірибесін жетілдіру арқылы, ойынның баланың дамуына әсерін нығайту.

Міндеттері:

  1. Балаларға білім беруде ақыл-ой қызметін жүзеге асыру үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету.

  • Заттардың белгілерін сипаттау және тану

  • Заттарды, сөздерді салыстыру, қорытындылау, жіктеу

  • Логикалық заңдылықтарды құру, жүйелеу, бағалау

  • «Бөлік-бүтін», «түбір-түр» ұғымындағы нәрселер арасында байланысты анықтау

  • Сөйлеуді дамыту, сөздердің тура және кері мағынасын ажырату

  • Логикалық ойлау әрекеттерін қолдану

2. Жағымды эмоционалды жағдай құру

3. Балалардың өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру

4. Балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту

Жұмыстың әдіс-тәсілдері:

  • Мәселелік жағдай әдістері

  • Ойын түрлерін қолдана отырып, жаттығулар әдістері

  • Топтық жұмыс әдістері

  • Жеке жұмыс әдістері

Мен сіздерді, өте қызықты ойынның бірін ойнап көруге шақырамын. Бұл

ойынды таным білім беру саласында, оның ішінде, құрастыру оқу қызметінде, түстерді бекітуге, математика оқу қызметінде пайдалануға болады. Сіздердің назарларыңызға В.В.Воскобовичтің «Геоконт» ойынын ұсынамын. Геоконт – түрлі-түсті резинкалар жиынтығынан және ерекше орналасқан пластмасс шегелері бар планшет. Бүлдіршін түрлі резинкалардың көмегімен геометриялық пішіндерді, сандарды, жануарларды жасай алады.

Ойын мынандай мүмкіндіктер береді:

1. Кеңістікте құрастыру.

2. Координата торымен қолдануды үйретеді.

3. Саусақтармен қолдың ұсақ моторикасын жаттықтырады.

4. Логика мен қиялды дамытады.

«Айтсаң ұмытамын, көрсетсең есте сақтаймын, ұстатсаң түсінемін», - деп қытай халқының данасы Конфуций айтқандай, сіздердің логикалық белсенділігіңізді тану үшін, өзімнің іс тәжірибемнен «Мёбиустың лентасы» ойынын таным, шығармашылық білім салаларында қолдануға ұсынамын. (лентада нүкте бейнеленген, сіздер ортасынан сызып отырып, нүктеден нүктеге дейін сызықты жалғастыруыңыз тиіс. Нүктеден нүктеге дейін сызып келгенде не болады деп ойлайсыңдар? (Тәрбиеші тексереді, балалар өз ойларың ортаға салады). Келесі тапсырма: сызықтың бойымен қиып, не пайда болатынын көрейік.

Оқу қызметінің тиімділігін арттыратын ойындар:

Білім беру салалары

Ойын атаулары

1

Коммуникация

«Сөзжұмбақты шешу»

2

Таным

«Құрамын тап?»

3

Әлеуметтік орта, Коммуникация

«Мнемокесте»

4

Таным, Қатынас

«Нүктелер»

5

Таным

«Геоконт»

6

Таным, Әлеуметтік орта, Коммуникация, Шығармашылық

«Күлгін орман»

7

Таным, Коммуникация, Шығармашылық

«Сиқырлы таяқшалар»

8

Таным, Әлеуметтік орта, Коммуникация

«Зияткер картасы»

9

Таным, Шығармашылық, Коммуникация

«Көңілді пішіндер»

10

Таным, Әлеуметтік орта

«Көбелекті жасыр»

Бұлардан басқа таным, қатынас салаларының оқу қызметі үшін Б.П.Никитиннің «Нүктелер» ойынын қарастырайық. Бұл ойын құрастырудың, ойлаудың, сызба бойынша жұмыс жасаудың негізі болып табылады. (қатысушыларды шақыру,ойын ережесін түсіндіру)

В.В.Воскобовичтің әдістемесі бойынша «Күлгін орман» ойынын дайындадым. Автордың жұмысын негізге ала отырып, қажетті құралдардың бәрін қолдан жасадық. Бұл ойынның басты мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік - шығармашылық дамуын белсендіру. Бұл ойын барлық салаларды қамтиды. «Күлгін орман» ойынын ойнап көруге шақырамын. (қатысушыларды шақыру,ойын ережесін түсіндіру)

Осы аталған ойындар бойынша балалармен бірге талдауға кірісемін. Талдау арқылы балалар алған білімдері туралы ойларымен бөліседі, ұжымда бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады. Балалар, сіздердің ойларыңыз, пікірлеріңіз, ұсыныстарыныз, тілектеріңіз мен үшін өте маңызды.

(Пікірталас жүргізу)

Жасалған іс-шаралар:

Жұмыс мазмұны

Нәтижелер


Дайындау кезеңі


1

Педагогтермен әдістемелік жұмыстар:

Көркем әдебиет арқылы зияткерлікті дамыту

«Сиқырлы ертегінің түстері» жобасы

мастер класс дәстүрден тыс әдістерді қолдану,

сезімдік зейінді дамыту

2

Ата-аналармен жұмыс:

«Балалардың ойын қызметінде зияткерлік дамуы»

сауалнама, ақпараттық

стенд


Қалыптастырушы кезең


1

Зияткерлік ойындармен таныстыру бойынша оқу қызметі

Барлық сала бойынша жасақталған ойындар жинағын дайындау

конспектілер,

ойын

картотекалары, сценарилер

2

Балалармен жұмыс:

Суреттерді қарау

Оқу іс-әрекеттерінде қолдану

Қалалық семинар «Түрлі оқу қызметіндегі зияткерлік ойындар»

конспект

мастер класс

барлық топтарда

3

Ата-аналармен жұмыс:

Ата-аналардың іс-шараларда қатысуы

Сайыстар

Балалармен бірлескен өнімдік жұмыстар



суреттермен


Қорытынды кезең


1

Педагогтермен жұмыс:

Педкеңесте жұмыстың қорытындысы бойынша сөз сөйлеу

Мастер класс

Облыстық семинар: «Түрлі оқу қызметіндегі зияткерлік ойындар»


есеп беру

конспект

2

Балалармен жұмыс:

Балалардың суреттері

«Жас зияткерлер»

көрмесі

3

Ата-аналармен жұмыс:

Балалардың зияткерлік дамуындағы сапасын анықтау

Ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу

Қорытынды:

Зияткерлік ойындар арқылы балалардың ақыл-ойы дамиды, сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады. Тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады. Қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады. Тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады. Қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады. Ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді. Еңбекке тәрбиеленеді. Бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады. Әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады. Бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!