Материалдар / Мектепке дейінгі мекемеде "Тәуелсіздік тұғырым" атты ертеңгілік ұйымдастырылды
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі мекемеде "Тәуелсіздік тұғырым" атты ертеңгілік ұйымдастырылды

Материал туралы қысқаша түсінік
:Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Оларды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық сезімдерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
320
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Нұрбек Орда» балабақша мекемесі















«Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік

Ортаңғы «Балдәурен» тобы

Тәрбиеші: Д.Дюсенова





















2018-2019 оқу жылы

























Қыран құс-: Сәлем, бердік баршаңызға! Сендер мені танисыңдар ма?

Тәрбиеші: -Балалар бұл құсты біз қайдан көруіміз мүмкін?

Балалар:- Еліміздің көк байрағы- тудан көрдік.

Қыран құс:-Мен –қазақстандықтардың еркіндігінің, тәуелсіздігінің, бостандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны Қыран құс боламын. Қариясы сыйлы,балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына
сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.

Тәрбиеші: -Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін Тәуелсіздік күнінен басқа тағы
қандай мереке?

Қыран құс-: 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-
елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі.
Бұл мереке туралы бұрын сендер естімедіңдер ме?
Тәрбиеші:-Естігенде қандай! Тұңғыш президент күні мерекесіне де біз арнайы
тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.





Тақырыбы: Тәуелсізд
ік тұғырым

Мақсаты:Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Оларды Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекілігі:Гүлдер,  шарлар, суреттер т.б.

 

Тәрбиешінің кіріспе сөзі. Құрметті ата – аналар, бүлдіршіндер және балабақша қызыметкерлері! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толғалы отыр. Жас мемлекетіміз жиырма жеті жылдың ішінде көптеген жетістіктерге  жетті. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.Болашақтың тірегі  бүгінгі мына бүлдіршіндер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын деп тілейміз. Келе жатқан ұлық мереке құтты болсын!

«Балдәурен»  тобының  бүлдіршіндерімен  дайындаған 

«Тәуелсіздік тұғырым »  атты  мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Ортаға бүлдіршіндерді шақырайық.

Әнұран орындалады.

Топ атауларының  өз сыры бар. Еліміздің  айдындай  жарқыраған ұланғайыр даласы,  өзен, көлі көз алдымызда. Бүлдіршіндеріміздің  де

білімдері теңіздей  терең, айдындай жарқырай берсін  деген ниетпен алдық.

Тәуелсіздік алғаннан бері болашағымыз жарқын. Елмен бірге бүлдіршіндеріміздің де болашағы жарқын болсын  деп тілейміз.

Кейінгі толқын мына бүлдіршіндер еліміздің болашағы.

 

  Топтар үш топта бақ сынасады.

І топ – Көркем әдебиет

Бұл топта   сайыскерлер  Отан, Тәуелсіздік , туған жер тақырыбындағы

өлең, тақпақтарды  мәнерлеп,  жатқа айтады.

«Айдын» тобы:  






















1-бала

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

 

2-бала

Туған жер алтын босағам,

Аттандым сенен қияға.

Апам мен Отан қос анам

Қондырған мені ұяма.

 

   3-бала

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

    4-бала

Тәуелсіз елім, тірегім,

Самғауыңды тіледім.

Елу елдің ішінен,

Орын алар ұлы елім.

 

«Жарқын» тобы:

1-бала

Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр- әні.

Отанымның туын көкке көтеріп,

Мен боламын ұлы елімнің ұланы.

 2-бала 

Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп шығады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағын.

 

 3-бала

Отан – менің жүрегім,

Отан – менің тірегім,

Отан – менің отбасым,

Тек соны ойлап жүремін.

 

4-бала

  Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ.

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр  жарқырап.

 






«Толқын»  тобы

1-бала

Отан – менің ата – анам

Отан —  досым, бауырым.

Отан – өлкем, астанам,

Отан – туған ауылым.

 

Отан –тарих,  Отан – тіл,

Жасаған елім, өз халқым.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

 

     2-бала

  Отан – сенің ата – анаң

Отан —  досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан,  ауылың.

 

3-бала

Жаса, жаңа Астанам!

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

 

  4-бала

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы.

 




























ІІ. «Ғажайып  қоржындағы»  сұрақтарға  жауап  беру.

  1. ҚР –ның  Елбасы  (Президенті)  кім?

  2. ҚР – ның  рәміздерін ата.

  3. Еліміздің бас қаласы (Елордасы) қай қала?

  4. Тудың түсі қандай, сипаттап бер?

 

ІІІ. Сөйлеуді дамыту.

Алдын – ала берілген  тақырыпқа үйден ата- аналары сурет салады. Балалар сол суретке әңгіме құрап айтады. Кемінде 4-5 сөйлем айтуы керек. Балалардың сөз құрауы, сөздердің байланысы, жалғау, шылауларды пайдалануы және сөйлеу мәнері ескерілуі тиіс.

Ән. Әрқашан күн сөнбесін. Орындайтын балалар хоры.

 

Қорытынды:   Отан деген не?

Жүргізуші: келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!