Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Мектепке дейінгі мекеменің жылдық жоспарын жасақтау»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Өзіндік жұмыс
|
||
|
|
Орындаған:
Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы
« Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайының әдіскері,
Blended learning жүйесіндегі курстың тыңдаушысы
Жумагалиева Амангүл Багитжановна
2017 Атырау
|
|
|
|
Жылдық жоспар мектепке дейінгі мекеменің ең басты құжаттарының бірі. Ол мектепке дейінгі ұйымның білім беру саласының барлық бағыттарын анықтайды. Тиянақты жазылған жоспар Қазақстан Республикасының және мектепке дейінгі ұйымның нормативті-құқықтық актілері негізінде балабақшаның барлық жұмыстарын мақсатқа бағытталған және жүйелі іске асыруға мүмкіндік береді.
Жылдық жоспар негізінде жылдық міндеттірі шығады
Жылдық міндет балабақшаның өткен жылдың қорытынды әрекеті негізінде шығады. Егер өткен оқу жылының міндеттері қанағатанарлықтай болмаса, онда жаңа оқу жылында сол міндеттерді жалғастыруға болады.
Жылдық міндет негізінде барлық мамандар өздерінің жылдық жоспарларын құрады. Ең маңызды іс – шаралар басты жылдық жоспарға көшіріледі.
Жұмыс жоспарында балалармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, педагогтармен жұмыс түрлері көрсетілуі керек. Сонымен қатар, әкімшілік-шаруашылықтық іс-әрекеттері, бақылау, сауықтыру жұмыстары (балаларды және қызметкерлерді) т.б жұмыстар қосылады. Педкеңесте бекітіліп, барлық педагогтар мен қызметкерлерге, ата-аналарға жеткізіледі.
Жылдық жоспар шынайы орындалған болуы керек. Жұмысты қортындысын анализдеу жыл барысындағы жұмыс әрекетіндегі жетіспеушіліктерді білуге мүмкіндік. Жоспардағы іс-шараларды қиындатудың керегі жоқ. Бұл педагогтардың жұмыс сапасына кері әсер етіп, толықтай дайындалуына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, іс-шаралардың көп бөлігі балаларға ауыртпалық болады.
Оқу жылының соныіда білім беру
облысында индикаторлар негізінде, жылдық жоспардың жүзеге
асырылуына анализ жүргізу.
Жылдық
жоспар өткен жылдың білім
беру-тәрбиелеу жұмыстарының қортындығы негізінде
құрылады. Анализ қосымша ретінде
қосылады, тігіледі және беттері
қойылады, меңгеруші бекітді. Жылдық жоспар бірінші педкеңесте
қызметкерлерге танысырылып және меңгеругіші
бекітеді.
Әрбір әдіскер балабақша бағытына орай жұмыс түрлері мен жаңа бағытарды енгізуге болады.
Басқаруды жоспарластыру
зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде
іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар
түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл,
адамдағы істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты
балабақша жұмысының жоспарын
перспективалық, жылдық,
ағымдағы деп бөліп
қарастырамыз. Жұмыс жоспарының түрлері
және оған қойылатын негізгі
талаптар: Жоспар дайындау оның
орындалуының шынайылығын, нақтылығын,үздіксіздігін қамтамасыз
ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен
мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық
дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның
мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын
дамытып және тереңдетіп, МДҰ жұмысының барлығы
тәжірибесін есепке алу деген сөз. Бұл тәрбиеші, қоғамдық ұйымдар
әрекетіне және мақсаттар қою болып
табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол МДҰ қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
МДҰ жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Тәжирибе көрсеткендей, кейде басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
МДҰ жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.Перспективалық жоспар МДҰ-ның соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Шаралар жөніндегі жоспар қоғамдық ұйымдарының жоспарларымен алдын ала сәйкестендіріледі. Бұл кадрлармен жұмыс істеудегі қайталаушылықтың болмауына көмегін тигізеді.Жоспар жасай отырып, барлық шаралардың көлеміне және мерзіміне қарай орындалатын болуын, олардың жыл бойына біркелкі бөлінуін қарастыру керек. Кімнің қай жұмыстың орындалуына жауапты болатынын алдын ала ойластыру қажет, коллективтің әрбір мүшесіне жұмыстың дұрыс бөлінуінің маңызы зор, өйткені жоспардың орындалу сапасы осыған байланысты болады. Мекеменің әрбір қызметкері жылдық жоспарда белгіленген міндеттердің орындалуына өзін жауаптымын деп санайтындай болуына жетуге ұмтылу керек, - тек осы жағдайда ғана жылдық жоспар коллектив жұмысының перспективасын белгілейтін документке айнала алады.Жылдық жоспарға мектепке дейінгі мекеменің кәсіподақ комитетінің, ата-аналар комитетінің, медициналық қызметкерлердің жұмыс жоспарлары, сондай-ақ жазғы сауықтыру жұмысының жоспары, балаларды мектепке оқуға әзірлеу жөніндегі мектеппен біріге отырып атқарылатын жұмыстар жоспары, педагогикалық мамандықты жетілдіру жөніндегі бес жылға арналған жоспар қосылады.Жоспар методикалық кабинетте, барлық қызметкерлердің алып көруіне ыңғайлы орында сақталады.
Жылдық жоспар үлгісі:
I бөлім. Мектепке дейінгі ұйым туралы ақпарат
Негізгі ақпарат:
Құрылыс объектісінің түрі және жылы:
Мекен-жайы:
Ұйым басшысы:
Жалпы балалар:
Топ саны:
Өткен жылдың қорытындысын талдау.
Педагогтардың көрсеткіштерінің қалыпты өсуі.
Педагогикалық ұжымға үш жылға әдістемелік тақырыптар.
әдістемелік тақырыптарды ұйымастырудың мақсаты.
әдістемелік тақырыптарды ұйымдастырудың басты міндеттері.
Ең басты нормативтік-құқықтық құжаттар
II бөлім. Денсаулықты және салауатты өмірді қамтамасыз ету
Мақсаты: денсаулығын сақтау және күшейту, барлық организмдерді қалыптастыру физикалық дамуын және тәрбиелеуді толыққанды қамтамасыз ету.
III бөлім. «Тіл туралы заң» іс-шараларды ұйымдастыру
Мақсаты: мемлекеттік тілді меңгертуге жағдай жасау, қазақ тілін білім берудің оқу-тәрбиелеу жүйесінде үгіт насихат жүргізу және енгізу.
IV бөлім. Педагог кадрлармен жұмыс түрлері
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беруде педагогтардың өздерін жүйелендіре қазіргі заман талабынана сай қажетті жағдай жасау,компетентті кілтті қолдануда нәтижелі болуы үшін: тәрбиелілік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, зерттеушілік, жобалау, құрастырушылық бағытында дамыту.
V бөлім. Тәрбиелеу – оқыту процесін ұйымдастыру– әдістемелік қамтамасыз ету
Мақсаты: балабақшадағы педагогтарға оқыту – тәрбиелеу процесінде әдістемелік деңгейді көтеруде, педагогикалық шеберлігін және өзін жетілдіруге әсрлік көмек көрсету. Педагогтардың қызіргі техникаларды еркін меңгеруі.
VI бөлім. Тәрбиелеу және білім беру сапалық деңгейін қамтамасыз ету
Мақсаты: мектепке дейінгілердің жан –жақты қабілеттілік, білімділік сапасын қамтамасыз ету жағдайын жасау. Жеке тұлғаны қалыптастыруда белсенді әдістер мен үйрету жұмыстарын балалармен жүргізу. Педагогтардың професионалдық білімдерін қызіргі техникаларды еркін меңгеруін кеңейту және жүйелендіру.
VII бөлім. Мектеппен , отбасымен және басқа да ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты құру
Мақсаты: Оқу тәрбие жүйесінде отбасы рөлін күшейтіп, ата-аналармен бірлесуде тығыз қарым-қатынасты, отбасы тәрбиесіндегі сұрақтарын шешу кезінде көмектесіп, балалардың педагогика-психологиялық дамуын қалыптастыру. «Балабақша - мектеп», қаланың басқа да әлеуметтік институттарымен байланыста болу жұмыстарын сабақтастыру.
VIII бөлім. Тексеру және басшылық
IX бөлім. Әкімшілік-шаруашылық жұмысы
Х бөлім. Эксперимент бойынша жұмыстар (егер бар болса)
Жоспарлау кезінде
I.Оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының сараптама қорытындысы балабақшаның оқу тәрбие жұмыстары бойынша жылдық жоспарын жоспарлауда тәрбиелеу-білім беру қызметін анықтайтын негізгі нормативтік құжаттар басшылыққа алынады.
Білім берудің тиісті
деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292
қаулысы
Балабақшаның Жарғысы,
Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы
(2016 жылғы 9 сәуірдегі № 501-V ҚРЗ
өзгерістермен)
ҚР Конституциясы,
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі
№151 Заңы
(2015 жылғы 24 қарашадағы № 422-V ҚРЗ
өзгерістермен)
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002
жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы
(2016 жылғы 9 сәуірдегі № 501-V ҚРЗ
өзгерістермен)
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген
адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77
қаулысы
(2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№1487
өзгерістермен)
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217
бұйрығы
Білім беру ұйымдарын
мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270
қаулысы
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке
дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен
оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83
бұйрығы
Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бәсекеге қабілетті шығармашыл жек е тұлғаны қалыптастыру арқылы, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға дайындық барысында білім беру саласына да да көп реформалар жасалу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Заман талабына орай бірнеше жылдар ішінде барлық мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз етуде жұмыс жасаудамыз.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің тиімдісін қолдана отырып, мектепке дейінгі жастағы баланың әлеуметтік-бейімделген тұлғасын қалыптастырудың кепілі ретінде тәрбиелеу мен білім беру, ана тіліне деген құрмет, елге деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімді жаңа заман талабына сай өркениетті еліміздің болашағын тәрбиелеу жолындамыз.
Ауыз әдебиетін пайдалана отырып баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ойындар арқылы өз бетімен ойлау қабілетін жетілдіру және шығармашылық қабілетін дамытуда жұмыс түрлерін өз деңгейінде жүргізу мақсатында жылдық жоспар сапалы құрылуы маңызды қызмет.