Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мектепке дейінгі мекеменің жылдық қорытынды есебі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Целиноград ауданы білім бөлімінің
«Әсем-Ай» Экологиялық балабақшасының
І- санатты әдіскері
Сулейменова Айнагуль Усербаевна
«2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстардың
қорытынды есебі»
Целиноград ауданы білім бөлімінің «Әсем-Ай»» Экологиялық балабақшасы 2013 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемесі ретінде жұмыс істейді.
Мекен-жайы: Талапкер ауылы, Әуезов көшесі, 25 тел:
Мекеменің жобалық қуаттылығы: 280 орын
Мекеменің жұмыс істеу тәртібі 7.30-дан 18.00-ге дейін
Балабақша бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейді, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Мекемеде: 12 топ, 12 ұйықтау бөлмелері, музыка залы, денешынықтыру залы, экология бөлмесі, олар ҰОӘ-де жеке және топтық ойындарда балалардың сұраныстарын қанағаттандыра алады. Сонымен қатар, меңгеруші кабинеті, әдістемелік кабинеті,психолог кабинеті, логопед кабинеті, орыс тілі және ағылшын тілдер кабинеті, медициналық блок(медбике кабинеті,изолятор), ас әзірлеу блогы, кір жуу бөлмесі, төсек сақтау бөлмесі (жалпы ауданы ш.м.)
2019-2020 оқу жылының педагогикалық кадрлар туралы мәліметтер
Білім деңгейі бойынша педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.
Барлығы |
Жоғары |
м.д. Жоғары |
Арнаулы орта |
м.д.арнаулы орта |
Аяқталмаған жоғары |
35 |
15 |
4 |
7 |
9 |
|
100% |
42,8% |
11,4% |
20% |
25,7% |
|
Педогогикалық құрамының біліктілік санаттары бойынша:
Барлығы |
Жоғары |
I дәрежелі санат |
II дәрежелі санат |
Санатсыз |
35 |
1 |
5 |
18 |
11 |
100 % |
3% |
14,2% |
51,4% |
31,4% |
2019-2020 оқу жылында балабақшада 12 топ жұмыс жасады, оның ішінде:
4- мектеп алды даярлық топтары,
3- ересектер тобы,
5- ораңғы топ,
– барлық топтар мемлекеттік тілде тәрбиеленетін және оқытылады.
Бүгінгі өсіп келе жатқан сәбилер ертеңіміздің жалғасы. Әрбір баланың қоғамдағы өз орынын табуына, өзіндік ой пікірі қалыптасқан, кез келген уақытта мәселенің шешімін таба алатын салауатты да, сауатты жеке тұлға болып қалыптасуына балабақша ұжымы өз үлесін қосуда. Осы орайда «Әсем-Ай» Экологиялық балабақшасы 2019-2020 оқу жылында алдағыдай мақсат пен міндеттерді алға қойды:
1. Бала денсаулығын нығайту мен өмірін қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыруды жалғастыру.
2. Мектепке дейінгі жастағы баланың тілін дамыту арқылы шығармашылық қабілет пен экологиялық тәрбиенің педагогтік психологиялық негіздері.
3. Мектеп жасына дейінгі балаға отбасы мен қоршаған орта қарым қатынасын орнату арқылы адамгершілік тәрбие берудің этнопедагогикалық жолдарын дамыту.
Балалардың қоғам өміріне әлеуметтік бейімделуі, мамандықты, еңбек әрекетін саналы таңдауға негіз қалау, азаматтық пен Отанына деген сүйіспеншілікке, бала бойында адамгершілік пен мейірімділік, ізгілік қасиеттеріне тәрбиелеу негізінде баланың жалпы ғылыми, мәдени дайындығын қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мәдениетін сюжетті рөлдік ойындар арқылы дамыту.
Жылдық міндеттемелерді орындауда 33 педагог жұмыс атқарды. Олардың ішінде 20 педагог жоғары білімді, 18 педагог арнаулы орта білімді. Жоғары санатты-1 педагог І санатта – 5 педагог. ІІ-санатты-18 педагог.
Мектепке дейінгі мемлекеттік стандарт пен тәрбие мен білім беру бағдарламасының талабы мен міндеттерін орындалды.
Әдістемелік қызметтің сапалылығын жұмыс нәтижесінен көреміз. Биылғы оқу жылында әдістемелік қызмет семинарлар, тренингтер мен кеңестер, дөңгелек үстел, апталықтар мен педагогтар арасында байқаулар мен жарыстар ұйымдастырылды.
Балабақша ұжымы әдістемелік жұмыстардың нәтижелілігін арттыру мақсатында тәрбиешілер арасында «Үздік тәрбиеші», «Ең үздік топ», «Үздік ертеңгілік», «Үздік спортшы» сынды жарыстар өткізілді. Балабақша аясында «Үздік тәрбиеші» сайысында Ақниязова Гүлманат Маратқызы ерекше белсенділік танытып, аудандық «Үздік педагог» сайысына қатысыуға жолдама алды.
«Ең үздік табиғат бұрышы» сайысында «Еркемай» тобының тәрбиешілері М.С. Смагулова мен З.С.Махметова жеңіп алса, «Үздік ертеңгілік» сайысында «Сұңқар» тобының ертеңгіліктеріжоғары деңгейде өтті .
Ата-аналар мен балабақша арасында тығыз байланыс орнатылған. Ата-аналарға педагогикалық теориялық біліммен бірге балалармен жұмыс практикасының негіздерімен таныстырылып отырылды. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізілді: психологтың жекелеген ата-аналармен жүргізген жұмыстары (әңгімелесу, сауалнама, жеке кеңес) және ата-аналармен топтық формадағы жұмыстар (ашық есік күні, тренингтер, тақырыптық кеңестер, ата-аналар жиналысы).
Ата – аналармен «Толағай», «Әжем менің дара әжем», «Қылықты қыз құндыз».т.б сайыстар өтті
2020 жылдың сәуір айынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын (ҚРБҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499бұйрығы) балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастырдық.
«Ақбота», «Айгөлек», «Гүлдер», «Сұңқар» м.а.д. топтарына 2020 жылдың
6 сәуірі мен 22 мамыр аралығында пәндер бойынша қашықтықтан ұйымдастырылған оқу қызмет өткізу жоспарланды:
1) Қоршаған ортамен танысу - аптасына 1 сағат
2) Сауат ашу негіздері – аптасына 2 с.
3) Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру – аптасына 2 сағат
Онлайн ҰОҚ ұзақтығы - 10 минут, басталуы сағат 09.00
Оқу қызметтер бекітілген кестеге сәйкес өткізілуде жәнетәрбиеші алдында тұрған барлық міндеттерді орындауда.
Ұжым – мектепке дейінгі мекемедегі шешуші мәселе. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес балабақша ұжымының педагогикалық саясатын іске асыратын, оның нәтижелеріне жауап беретін және ұлт болашағымен ұрпақ тәрбиесі секілді ауқымды да маңызды мәселелерді іс жүзінде орындайтын ұжым.
-педагогикалық кеңесте мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі қаралды
-әдістемелік кеңесте жас мамандарды кәсіби шындау мәселесі қаралды.
-тәрбиешілердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстары талқыланды
-тәрбиешілерге оқу- тәрбие жұмыстарының жемісті болу үшін жыл бойы жүйелі түрде жеке әдістемелік кеңестер беріп отырды;
Балабақша әкімшілігі өз ұжымының мамандар әлеуметін арттыру жұмыстарын алдағы уақыттада мақсатты әрі нәтижелі түрде жүргізіп отыратын болды. Әдістемелік жұмыстың басты бағыты –ол әдістемелік орталықтың жұмысын ұйымдастыру.Балабақшада ойын орталықтарын педагогтардың сұраныс талаптарына сай безендірілген. Педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейлерін көтеру және әдістемелік орталық келесі әдістемелік бұрыштар ұйымдастырылған .
-
«Желілі рөлді ойындар» бұрышы:
-
«Балалар көркем әдебиеттері»:
-
«Дидактикалық көрнекті құралдар» бұрышы;
Әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтар, нұсқаулықтар іс-әрекет түрлеріне қарай орналастырылған.
Балабақшаның әдістемелік қызметі өткен оқу жылында бала денсаулығымен психикалық саулығын сақтау және нығайту міндеті бойынша жұмыстарды жалғастыруға және қарапайым математикалық түсініктерін пайдалану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмыстарын жүргізуге және қоршаған әлем туралы түсініктерін анықтап, тереңдетіп және кеңейтеді.
Педагогикалық үрдісті басқаруға педагогтардың әдістемелік кеңесі қатысады.
Әдіскер- балабақшаның тәрбие үрдісін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талабына сайкес жүзеге асыруда жағдай жасайды.Жыл бойы педагогтармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарды жоспарлай отырып,әдіскер тәжірбие белгілі, кең тараған түрлерді қолданады.Топтық (педагогикалық кеңестер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, кеңестер, әдістемелік көрмелер,тәжірбие алмасу,шығармашылық шағын топтар,іскер ойындар және т.б.) және жеке (өздігінен білім алу, жеке кеңестер,әңгімелесу,жетекшілік жасау т.б.)
Педагогтармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың ең маңызды түрі- «Ашық кеңестер беріледі. Барлық ашық оқу қызметтердің конспектілері электронды түрде сақталады және қорғалады.
Әдістемелік жұмыстардың белгіленген іс-шаралары орындалды.
Әдістемелік жұмыстардың әр түрлі формаларын ұйымдастыру кезеңінде қатысушылардың кәсіби деңгейінің жаңашыл үрдісінің жеке сапасын, қосымша жүктеме беруде олардың әрекеттерінің жаңа түрлеріне психологиялық дайындығын, ұйымдастыру дағдысы мен білімдерін ескертеді.