Материалдар / Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында: танымдық оқиға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында: танымдық оқиға

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне жаңартылған бағдарлама бойынша бақылаудын түрінің үлгісі, үлгі ретінде, іс-тәжірибиемен бөлісу ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы білім бөлімі жанындағы

38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасы МКҚК


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында

(бақылау түрі)


Танымдық оқиға


Баланың аты –жөні: М.Айзере

Баланың жасы: 4 жас

Тәрбиеші: Джетписова Ж.М.

«Әжемнің оюлары»


Серуен кезінде А есімді қыз аппақ таза қарды көріп, қатты қуанып кетті. Қасында ойнап жүрген қыздарға қар үстіне сурет салуға ұсыныс берді. Қыздар қолғаптарын шешпей сурет салуға кірісті. Біреулері дөңгелетіп адамның бас бейнесін сала бастады:

- бұл Лол атты қуыршақ -деп,

біреуі:

- бұл біздің үйіміз - деп салды.

Ал, А есімді қыз маған қарай жүгіріп кеп:

- Апай, маған бір таяқша тауып беріңізші – деп өтінді

- Таяқшаны қайтесін? – деп сұрап едім

- Апай, мен сурет саламын - деді

Мен ойланып қалдым: бұл қыз неліктен қасындағы қыздар сияқты сурет салмас – деп, үндемей ғана А есімді қызға маңайда жатқан бір жұқа ағаштың шыбығын тауып әкелдім. А есімді қыз қуана қар бетіне сурет салуға кірісті. Байқап қарасам, не үйге ұқсамайды, не адамның бейнесіне ұқсамайды, бірақ әдемше келген ирек сызықшалар. Қыздар сұрай бастады:

- Сен не салып жатсың? - деп

- Бұл әжемнің оюлары – деді

Сол жерде мен де қызыға сұрақ қойдым:

- Әжең оюмен не жасайды?

А есімді қыз қуана жауап берді:

- Әжемде ою көп, ол көп нәрсе тігеді, мен әжеме көмектесем – деді

- Әжең өзі өнерлі тігінші екен – деп күлімсіреп басынан сипадым.

Серуен кезінде А есімді қыздың осындай тамаша ісіне және айтқан әңгімесінен жақсы бір әсерленіп қалдым.

Күннің екінші жартысында А ға суретті қиып, жапсыру арқылы сәукелені әшекелеуге тапсырма бердім. Суретті көріп қуана, қуана кірісе бастады. Қолына қайшы алып, берілген суреттен оюды көріп, алдыменен соған кірісті.

Picture 2

Сосын А ның қызығушылығын, танымын, кеңейтсем деген оймен, балабақша ішінде орналастырған қазақ бұрышына жеке баруымызға ұсыныс жасадым. Сол жерде үстел үстінде жатқан қиылған ою-өрнектерді көрсете бастадым.

Picture 1

Әр кілемшенің өзінің түстеріне байланысты оюлары бар. Оларды әдемілеп құрастырып, мына сандық үстіне жинау керек екендігн түсіндірдім. А есімді қыз:

  • тап әжем тігетіндей оюлар ғой - деп жүзіне әп-сәттен-ақ күлкі үйіріліп, асқан қзығушылықпен қолына қиылған оюларды алып, кілемшеге орналастырып, сандық үстіне жинауға кірісті. Picture 3

Сол күні қуанышыма орай А ға әжесі келді. Әжесіне немересімен болған жағдайды айтып шықтым. А есімді қыздың қызығушылығы қайдан болғанын да түсіндім.

Ертеңгісінде әжесі немересі екеуінің қалайша бірлесе іс тігетіндері жайлы мақтаныш сезіммен ұялы телефон арқылы суреттерін жіберді.

Бұл нені білдіреді:А ның әсемдік сезімі ерекше екендігі анықталды.

Мүмкіндіктері: А ның қызығушылығын ары қарай дамыту арқылы алда үлкен нәтижеге жетуге мүмкіндік беру .

Ата-анаға ұсыныс: А ға үй жағдайында ары қарай әжесіне көмектесуіне, баланың сұранысын, қызығушылығын қанағаттандыруға кеңес бердім.


Танымдық оқиғаға түсініктеме


А есімді қыз маған серуен кезінде көзіме түскен. Күнделіктей ұлдар жеке, қыздар жеке ойынауға кірісті. Ұлдар әдеттегідей жүгіріп, әткеншекке кетті, ал қыздар болса, бір-бірімен сыбырласа бастап қар үстіне сурет салуға кірісті. Қыздырдың суреттеріне назар аудардым. Бұл жерде мен А есімді қыздың суретіне таң қалдым. Өйткені, А есімді қыз таяқша сұрап, таяқшаыз суреті әдемі шықпайтын да түсіндірді.

Танымдық оқиғаның мақсаты (анықтау және зерттеу):

Қазақ халқының ою-өрнегінің мағынасын түсініп, жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды қию, жапсыру тәсілдерін меңгерту арқылы шығармашылық ізденісін дамыту. Баланы сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру, қолөнерге, еңбекке баулу.

Осы қойылған мақсаттарға жету үшін бейтарап бақылау жүргіздім және саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаландым. А есімді баланың қызығушылығын дамыту үшін (мазмұнды саралау) сәукелені әшекейлеуге ұсындым.

Содаң соң қазақ бұрышына («жағымды» оқыту ортасы) жеке баруымызға ұсыныс жасадым (бала үні) бұл жерде А есімді қызға көрпешелерді құрастырып, оны сандық үстіне жинау керек екнін түсіндірдім (4К моделі сыни ойлау, құрылымдалған ойын, тікелей бақылау, кері байланыс).

Бақылау кезінде осы бағдарлама барысында үйренген бақылау түрлері мен әдіс-тәсілдерді пайдалану өте тиімді болды. Осы әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, бақылау жүргізу нәтижесінде баланың білімінің дамуында біршама ілгерілеу болды. А ою-өрнектің бірнеше түрін білді, ұлттық бұйымдармен танысып, бұрын өзі үй жиһаздарын-сырмақ, текемет, кебеже, зергерлік бұйымдарымен танып, олрдың аталарын да ұғынды.

Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден келе жатқан мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласы екендігін түсінді. Сонымен қатар, ою-өрнек туралы мағлұмат және әр оюдың өзіндік символдық мәні бар екендігін білді.

А есімді қызбен жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін алдағы уақытқа қазақ ұлттық киімдері, бұйымдары жайлы тереңірек таныстыруды зерттеу жүргізуді жоспарға аламын.

Әжесіне балабақша ішінде өтетін Наурыз меркесіне келуін ұсындық (ата-анамен бірлескен іс-шара, А есімді қыздың әуестілігін көрсету, кері байланыс жүргізу). Ата-анасына да А ға үй жағдайында ары қарай әжесіне көмектесуіне, баланың сұранысын, қызығушылығын қанағаттандыруға кеңес бердім.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!