Материалдар / "Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту жүйесі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту жүйесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2020
206
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ


Даирова Гульзира Акимовна, меңгеруші


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылы

«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Гүлдер» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны


Білімділік пен тәрбиеліктің нәрі балабақшадан басталады.Қазіргі кезде назар аударылып отырған басты мәселе - мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру жұмыс-тарының мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру.Республика көлеміндегі білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер мен жаңаша көзқарасқа бетбұрыс алған бағыт – мектепке дейінгі тәрбие.Ол үлкен позитивті көзқарастар мен қазіргі күнгі перспективалық жобаларды қажет етіп отырған салалардың бірі болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі.Бала – біздің болашағымыз.Олай болса, мектепке дейінгі тәр-биелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі.Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы.Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған, парасатты азамат тәрбиелеп, өсіру – отбасының, балабақшаның, барша қауымның міндеті.Қазіргі таңда осы мақсат-міндет-терге жету үшін көптеген балабақшалар салынып, шағын орталықтар құрылып, мектепке дейінгі ұйымдардың даму белсенділігі жоғары деңгейде дамып келеді.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады.Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек.Балалар - еліміздің бүгіні мен ертеңі.Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі.Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсар-тып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру – біздің басты мақсатымыз. Балаларға тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру ісін жақсартудың бір жолы – педагогтар-дың шеберлігін арттыру.Педагог тәрбиешілердің ұжымдағы жұмыстарының озық іс-тәжірибелерін зерттеп, ортаға салып тарату, оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологиямен ұштастыра білу қажет.Негізгі мақсат – кәсіби сауатты, шығармашылық белсенділігі жоғары, қоғам талабына сай өзін көрсете білетін, білім мен дағдыны жан-жақты меңгерген педагог маман даярлау.

Осы мақсатта балабақшамызда тәрбиешілерге күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінің циклограммасын жүргізу, баланы бақылау парағын жасауды меңгерту мақсатында түрлі кеңестер, семинарлар өткізіліп, тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Білім үрдісі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі ережелерінің орындалуы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, басшылық жасау, іскерлік мамандықтарын арттыру шаралары, ата-аналар комитетін сайлау және жұмыс жоспары, ата-аналарға арналған кеңес беру пункті, денешынықтыру-сауықтыру жұмыстары, қауіпсіздік шаралары, төтенше жағдайлар бойынша шаралар өткізу, әдістемелік бөлме жұмысының мазмұны, т.б. жұмыс түрлері қаралып, жылдық жұмыс жоспары жасалынады. Жоспар бойынша іс-шаралардың барлығы уақытында өткізіліп, сараланады.

Педагог-тәрбиешілер балабақшадағы тәрбие мен білім беру ісін баланың психо-физиологиялық даму дәрежесіне, білім деңгейіне қарай ұйымдастырып, олардың ой, дене еңбегіне белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, адамгершілік, эстетикалық талғамын қалыптастыру, тәрбие мәселесінде әр баланың жан-жақты жеті-луіне аса көңіл бөліп отырады.

Балабақшадағы педагог кадрлармен әдістемелік бірлестік жұмыс – біртұтас педагоги-калық үдерісті басқару, тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру және олардың шығармашылық белсенділігін дамыту құралы рөлін атқарады. Осы мақсаттарда Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктері ескерілгені, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланы мектепте оқуға әлеуметтік психологиялық, тұлғалық даярлау басымдылықтары қарастырылғандығы жөнінде кеңес, «Балалардың щығармашылық қабілетін жетілдіруде эстетикалық тәрбиенің рөлі» тақырыбында диалог-кеңес өткізілді. Жас мамандарымыз өз білімдерін үнемі жетілдіру үстінде.Педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің жоғары деңгейіне көтерілуіне жағдай жасау және тәрбиешінің жеке тұлғалық кәсіби өсуінің мүмкіндіктерін қарастыру бағытында курстарға жіберіліп, өз біліктіліктерін арттыруда.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа заман талабы – баланың білімге өз бетінше талпынысы мен шығармашылық қабілетін арттыру. Бұл тұрғыда әр педагог жаңа технологиялар негізінде берілетін білімнің сапалы да, тиімді болуына баса назар аударып, педагогикалық шеберлікті, біліктілікті, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі тиіс.Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани тұрғыдан қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Ақыл-ой, тіл танымдылығының, көркемдік-сұлулық танымдылығының әлеуметтік жеке тұлға ретінде дамуы, сауықтыру-шынықтыру жұмыстары мамандармен, ата-аналармен жұмыс жоспарлары арқылы жүзеге асырылады.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да, одан әрі балабақшамен байланыс арқылы жалғасады.Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ.Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта.Бұл ортаның маңызы өте зор.Себебі, отбасы – баланың змоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныш-тығының саясы, өмірлік тірегі.Отбасының жылылығы мен махаббаты – баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.Ата-анамен жұмыс ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс бағдарын және баланың ата-анасына, жақындарына мейірі мен сыйластығын қалыптастырып, ашық, еркін қарым-қатынас жасауға жағдай жасайды.Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, балалармен қарым-қатынасын байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік береді.Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру үрдісіне қатыстырып, ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді.Осылайша ата-аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болады. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде бірлесе отырып шешім қабылдайды, баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады.Ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Балабақша ұжымының осы талаптарды орындау мақсатында отбасымен біріге отырып жұмыс жүргізуі өз нәтижесін беруде.Атап айтсақ, тәрбиешілерге «Ата-аналар мен тәрбиешілердің қарым-қатынас жасау стратегиясы» тақырыбында кеңес, «Ата-аналар алдында сөйлеу ережесі» тақырыбында жадынама, «Балалардың психологиялық саулығы - балабақша жұмысының басты міндеті»-психоло-гиялық кеңес, «Қарым-қатынаста қандаймыз?»-іскерлік ойын, «Жақсы көңіл күй-жан қуанышы»- тренинг-жаттығу, т.б.

Балалардың денсаулығын қорғау, нығайту жөніндегі жұмыстар өз дәрежесінде жүргізіледі.Дене тәрбиесі мемлекеттік стандартқа сай өткізіледі.Таңертеңгілік жаттығулар күнде өз уақытында өтіп, дене тәрбиесіне халық педагогикасы элементтерін пайдаланып, қимыл-қозғалыс ойындары, ұлттық ойындарды үйрету арқылы балалардың қызығушылы-ғын арттырады.Балабақша жағдайына сәйкес шынықтырудың түрлі әдістері жүргізіледі: нүктелік, құрғақ массаж, ояну гимнастикасы, т.б. Бұл іс-шаралар балаларға дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, шыдамдылық және өз-өзіне сенімді болуына, көңіл-күйінің көтеріңкі болып, белсенділік танытуына оң нәтижесін береді.

Бала денсаулығын нығайту жұмысының негізгі көрсеткішінің бірі – ұтымды тамақ-тандыруды ұйымдастыру. Бұл жұмыс бала денсаулығының деңгейін анықтауға, аурудың алдын алуға, еңбекке және сабаққа ынтасын арттыруға, физикалық және ойлау қабілетін дамытуға, қоршаған ортаға бейімделуге себепші. Уақытында теңгерімделген төрт мезгілді тамақ-тандыру - тамақ калориялығы нормаға сәйкес.

Балалардың жазғы маусымдық демалысын ұйымдастыруда маусымдық жоспар құрылады.Онда балалардың ақыл-есін, тілін, ойын, дене бітімдерін дамыту үшін дидактикалық, рөлдік қимыл-қозғалыс ойындарының түрлері қамтылып, жоспарға енгізіліп, жоспар бекітіледі.

Балабақша табалдырығын аттаған сәби алтын ұя мектепке қанат қағады. Бүлдіршіндерге дұрыс жол сілтеп, білім-тәрбие көзімен сусындату, бойындағы ерекше қасиетті, шығармашылық қабілетті ашу, болашаққа деген ұмтылыстары, алған асулары мен ойлаған мақсаттарына жету жолында жұмыс жасау - біздің міндетіміз. Бұл тұрғыдан әр педагог жаңа технологиялар негізінде берілетін білімнің сапалы да, тиімді болуына баса назар аударып, педагогикалық шеберлікті, біліктілікті, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білуі тиіс. Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекетіміздің тірегіне айналары сөзсіз.Ендеше, талмай, шығармашылықпен, ізденіспен қызмет етейік !


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!