Материалдар / «Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің жұмыс жүйесінің моделі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің жұмыс жүйесінің моделі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2021
900
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің жұмыс жүйесінің моделі»


Каусова Ғалия Қуандыққызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы

балабақша әдіскері



Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен байланысты. [1]. Тәрбиеленушінің жолы мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болады. Владимир Иванович Даль айтқандай: «Тәрбиеленуші қандай болсын десе, тәрбиеші де сондай болуы тиіс.» Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің әдіскері –жаңашыл, жан жақты тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады. Әдіскер балабақшада оқыту тәрбелеу жұмысына тікелей жауапты.Жалпы әдіскер қандай қандай болуы керек? Әдіскер- ұйымдастырушы, технолог, эксперт,аналитик, зерттеуші, педагог, басқарушы т,б. Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады.

Шебер педагог – не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын – оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің «білім жиынтығын» қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды. Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдарының бірі – әдістемелік жұмыс. Тәрбиешілердің жыл бойында өткізген ашық сабақтарының, ертеңгіліктерінің сценарийлерін, ойындарды, санамақтарды, сергітулерді жинап «Тәрбиешілердің әдістемелік қоржыны» атты әдістемелік жинақ шығаруға болады. Бұл, біріншіден, тәрбиешілер мен әдіскерлерді шығармашылық талпынуға ынталандырады, екіншіден ұйымдастырылатын сайыстарға материалдары дайын тұрады, үшіншіден үздік материалдар бір жерде жинақталып оны әр жас маман, әр тәрбиеші өз жұмысында пайдалана алады. Үлгісіне қарап өздері де сондай сапалы жоспарларды жазуға талпынады деген ойдамын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа технологияларды дамыта отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында балабақша педагогтарын жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп отыруда. Біздің балабақшамызда мамандардың өз шеберлігін арттыру мақсатында төмендегідей формада жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізіледі. [2]

Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметін бірдей сапалы дәрежеде орындауымен анықталады. Сондықтан әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі басқару мәселелерінде білікті болуы керек.Әдіскер өз жұмысын ғылыми теориялық тұрғыда сауатты жүргізсе , онда практикада бірізділік, жүйелілік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.

Жалпы жүйелілік дегеніміз - дербес және жауаптылықпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға, қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы.

Әдіскердің кәсіби жүйелілігіне мыналар жатады.

Білімділік, зерттеушілік, жобалаушылық, ендірушілік, ақпараттық, кеңес берушілік, сараптамалық. Осындай кәсіби құзіреттілік болған жағдайда ғана әдіскер жұмысы жүйелі жүргізіледі. Балабақша әдіскерінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын

қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата - аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен ауапкершілікпен қарауға шақырған.[2]
Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. [қосымша – 1]

Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген. Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін. Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін - өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт. Өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде - мейрімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.

Менің өмірдегі ұстанымым
• көмек сұрағандарға көмек беру.
• өз сезімімді жасырмай, оны бақылай алу
• өзгелердің пікірін сыйлай білу
• тыңдай білу, тыңдата алу
• жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу

Ең бастысы баламен өз мамандығын сүйетін жан болуы керек.
Әдіскер жұмысының негізгі бағытты ол, мекемедегі мамандармен әдіскерлік жұмыстар жүргізу, мамандардың білімдерін жетілдіру, зерттеу, педагогикалық жұмыстарын жоғарғы деңгейде көтеру. Осы бағыттармен сәйкес әдіскердің негізгі жұмыс пішіндері анықталады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы әдіскері жұмыс жүйесінің моделі.

Мақсатым: Оқу тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы тәрбиешілердің кәсіби деңгейін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту.

Міндеттерім: Оқу және оқу - әдістемелік жұмыстардағы ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс – шараларды тиімді ұйымдастырып, тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру. [қосымша –2]

Енді осы әдістемелік жұмысты жүзеге асыруды бірнеше модульдерге бөлдім:
1 модуль – аналитикалық талдау модулі.
Әдістемелік кеңестің қорытындысын талдау. Бұл өткен кезеңнің әдістемелік іс - әрекетін жасау оған мәселелерді табу, тәрбиешілердің білім алу қажеттіліктерін зерттеу, мәселе туындау себептерін табу, бағыттарын анықтау. Оқу – тәрбиелеу жұмыс процесін талдау. Бұл – оқу – тәрбие жұмысын мәселелерін сараптау. Тәрбиешінің оқыту жұмысын, яғни даму қырларын, баланың алған білімінің сапасын анықтау.

2 модуль– Жоспарлы - болжамдық модулі.
Әдістемелік кеңес - тәжірибе алмасу, жаңаша әдістер, технологияларды меңгеру және оны іске асыру, білім беру бойынша әдістемелік ұжымдық басқару органы. Әдістемелік кеңес жоспарын дайындауда мынадай ұстанымдарды басшылыққа аламын.
1. Ғылымилығы - жоспардың нақтылығы
2. Оптималдығы - үйлесімдігі қолайлығы
3. Мақсатқа бағытталған - жоспардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, нәтижеге жеткізу
4. Перспективалық - болашақтағы мақсат пен міндеттердің ескерілуі
3 модуль – Ұйымдастыру және үйлестіру модулі.
Тәрбиешілердің деңгейін жоғарылатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.
1) Топтық, жеке консультациялар;
2) Дөңгелек үстелдер, форумдар, дебаттар.
3) әдістемелік әдебиеттермен жұмыс;
4) Ашық сабақтар, тәрбиелік шаралар т.б
4 модуль – педагогикалық іс тәжірибені жалпылау және тарату модулі.
Оны төмендегідей жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асырамын.
1) педагогтың әр түрлі бағыттағы жұмыстары бойынша тәжірибе алмасуын тиімді ұйымдастыру. Озат тәжірибе тарату.

2)Кәсіби шеберлік байқауына қатысу
3)Мәселелік семинарлар
5 модуль – инновациялық технология модулі
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие процесіне ендіру, тәрбиешілер іс - тәжірибесіне қосуға бағыт беру. Осы бағытта іс - шара бағыттарын жасаймын.
Соның нәтижесінде тәрбиешілер жаңа технология әдісін оқу - тәрбие үрдісінде ұтымды пайдалануда.
6 модуль – ақпараттық технология модулі
1. Баспа сөз материалдары мен әдебиеттер қоры.
2. Кітапхана қоры.
3. Компьютерлік бағдарламалар қоры.
4. Әдістемелік жұмыстың электрондық жүйесі
Мұндай әдістер тәрбиешілердің компьютерді, ақпараттық технологияларды игеруіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде - білім саласындағы осы инновациялық қадам ақпараттық мәдениетті, қоршаған ортадан өзіне қажетті ақпаратты таңдап, сұрыптап алатын іскер, жігерлі, өзіне сенімді, компьютерді жетік меңгерген мұғалімді қалыптастыруға болады.

7 модуль – ғылыми әдістемелік модулі.
Бұл – тәрбиешілердің тәжірибе алмасу, кәсіби имиджді қалыптастыру трибунасы.
Тәрбиеші жетістіктерін, іс - тәжірибелерін тарату. Оны жүзеге асыру әдістері:

1. Педагог еңбегінің нәтижесін бағалау.
2. Зерттеу тақырыптары бойынша шығармашылық есептер
3. Байқауларға қатыстыру,
4. Пед оқуларға зерттеу жұмысына қызығушылығы артады.

Әдістемелік кабинетте арналған материялдардың барлығы дұрыс орналасқаны өте маңызды. Балалардың ойлау қызметіне, тәрбиенің міндеттеріне, физикалық түрде, мерекелерге арналған т.б. көрнекілермен жабдықталу қажет. Әдістемелік жұмыстың формаларының бірі мамандармен әнгімелесу. Әдіскер маманның педагогикалық жұмыстарын тексеріп, берген мәліметтерін қортындылайды. Педагогтарға, тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету мақсаты, балалардың оқуы мен тәрбиеленуі тиімді өткізу үшін педагогикалық кабинеттер бөлінеді. Әр қызметкер онда өзіне қажетті материялдар мен әдіскерден кеңестер алып, әріптестерімен ақыл-кеңестер алады. Әдіскер таңдаулы әдебиеттер алуын жүзеге асырады және бағдарламалар, әдістемелік құрал, тәрбие бойымен материялдарды жүйелейді, өзық тәжірбиелі мамандардың жұмыстары стендке, жылжымалы орынның-папкасы, көрмелерге ресімдейді. [3]. Әдіскер уақытылы шығарылып тұратын оқу құралдарын кабинетке толықтырып тұрады. Әдіскер мамандарға көрнекі құралдады тиімді пайдалану сауалдары туралы кеңестер береді. Педагогикалық бөлмеде өз білімдерімен алмасу, әріптестердін барлық шығармашылық жұмыстар үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс.
-тәрбиешінің жұмыс күнінің имитациялық әдісі. Педагогқа әр жастағы баланың мінездемесін береді, мақсаты мен міндеттер қалыптастырады және өз жұмыс күнің үлгісін ұсынып шешімін шығарады.
- Педагогикалық сөзжұмбақтар және перфокарталар ой өрісін дамытатын нақтылы тақырып бойымен педагогтар мен тәрбиешілердің білімін анықтап алуға көмектеседі, демек балалармен жұмыс сапасына да әсер етеді.
- инструкциялы-нұсқамалы құжаттармен жұмыс.

- Әдіскер балалармен әнгімелеседі, мінез- құлықтарын талдап құжаттар дайындайды. Тәбиешілер олармен танысып зерттеп, балалардың дамуын талдайды, осы балалармен жұмыс істейтін маманға көмек көрсету ретінде бір неше ұсыныстар беріледі.
- әдістемелік ойын пішіндеуге ынталандырады, нақты педагогикалық мәселелерді биік белсенділікке жетілдіруге шақырады.
Ғылыми жалпылама әдіскер мен меңгерушінің бүгінгі талап еткен сапаларды ерекшелеуге мүмкіндік береді.
1. Әдіскер атқарылатын жұмыстың мақсаты және өз мақсаттарын анықтауға міндетті.
2. Өзіне қолайлы мүмкіндікпен күресте жаңа тәсілдер талап етіледі. Сондықтан да жаңа әдістерді шапшан зерттеуге басқаларға көмектесуге және практикалық дағдыларды игеруге талап етіледі.
3. Ұйымдастыру жүйелері қазіргі әдіскердін талап етілген оқыту үшін барлық жадайларды қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Сондықтан әр меңгеруші өз тұрақты меншікті өсуі мен дамуын қолдап отыру керек.
4. Әдіскер өз жұмысында бұйрықтар мен ҚР нұсқауларын, жоғарғы білім органдарының нормативті құжаттарын орындауы қажет.
Жоғарыда аталған сапаларын меңгерген әдіскер мекемедегі білім беру жұмыстарын тиімді ұйымдастырады.
Бір жасқа толып , аяғын апыл- тапыл басқаннан кейін өзінің жеке – дара бесігінен, «Балабақша» деген үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан – жақты тұлға ретінде қалыптастыруда мектепке дейінгі мекемелерге де үлкен жүк артып отыр. 


Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Отбасы және балабақша» журналы.

2.«Мектепке дейінгі педагогика» кітабы.авт. Ф.Жұмабекова.

3.«Мектепке дейінгі мекеме басшысының анықтамалығы»журналы

4.Интернет.www.google.kz.












Баяндамаға қатысты қосымшалар қоса тіркелді.


Қосымша -1.

Мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары

Shape1

1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру





Shape2

2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата - аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу.




Shape3

3. Ғаламтордан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізіп отыру.






Shape4

4. Шығармашылық топ құру. Балабақшадағы оқу тәрбие процесіне қатысты заманауи технологияларды ендіру жолдарын қарастыру





Қосымша -2.



Shape5

Әдістемелік қызметті ұйымдастыруда үш кезеңге бөліп алдым




Shape8 Shape7 Shape6




І - кезең Ұйымдастыру дайындық кезеңі

ІІ - кезең

Жүзеге асыру кезеңі

ІІІ - кезең Жинақтау қорытындылау кезеңі










































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!