Ақтөбе
қаласы
МКҚК №26 «Үміт»
МДҰ
Әдіскер: М.Ұ.
Ешниязова
Мектепке дейінгі ұйымда
жаңаша көзқарас
«Мектепке дейінгі тәрбие
мекемесінің жұмыс мазмұнын, атқаратын қызметін атап, баланы
тәрбиелеу мен өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне
бүгінгі таңда білім беру
әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда.
Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның
алған білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасы,
әдістерін, технологиясын таңдауда. Қазіргі кезде егемен елімізде
білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр;
-Білім мазмұны жаңа
біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен,
ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламасының нақтылауымен байи
түсуде;
-Ақпараттық дәстүрлі әдістер
ауызша және жазбаша, телефон немесе радио байланыс қазіргі заманғы
компьютерлік құралдарға ығыстырып орын
беруде;
-Баланың жеке басын
тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға
ретінде қалыптасуына көңіл
бөлінуде.
Қазіргі кезде білім беру
саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар
мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ
тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің
тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі
туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттердің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа
технологияларды пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра
отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің
біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін
ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруі
маңызды. Мектепке дейінгі тәрбиенің
маңызын, бала тәрбиесі мен дамуының жас ерекшеліктерімен байланысын
жоғары бағалаған, балаға барлық нарсені ойын арқылы жеткізу. Яғни
баланы ойынға үйрету, қатыстыру арқылы көздеген нәтижеге
жеткізу. Қиял арқылы ойнайтын ойындар
мен конструктор сияқты бірлескен ойынға деген қызығушылығы
балаларға адамдар арасындағы ынтымақтастық және бірлескен әрекеттер
сияқты әлеуметтік дағдыларды үйренуге көмектеседі. Балалар
күнделікті өмірде ересектерге қалай көмектесуге болатыны,
тәуелсіздік пен өзгелердің талап- тілектерін құрметтеу арасындағы
дұрыс теңгерімді табу туралы көбірек білетін болады. Балалар жақын
адамдар тарапынан жайлы және қауіпсіз жағдайларды қажет етеді.
Педагогтердің балаларға жылы, мейірімді қарым-қатынасы олардың көп
нәрсені үйренуіне, мысалы, дұрыс тамақтануына немесе жаттығу
жасауына ықпал етеді. Бұл кезеңде балаларда өзінің қоршаған
ортадағы орны туралы түсінік қалыптаса бастайды. Әртүрлі қызықты
материалдар мен іс-шараларды қолдану олардың оқуын, жазуын және
санауын тез дамытуға оң ықпал етеді. Балалардың сөйлеу тілі
күрделене бастайды, олар енді күрделі ұзақ сөйлемдерді қолдана
алады. Ересектермен әңгімелесу арқылы балалар белгілі бір нәрселер
туралы ақпарат алады, жетекшілікке және сенімділікке ие
болады.
Оқытуды демократияландыру,
ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе
отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығуы,
біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы – бүгінгі
таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктейді. Бәсекеге
қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім
беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық
технологияға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды,
тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның
өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу
арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту оларға әртүрлі
материалдарды пайдалану, белгілі бір таңбаларды қою, суретті
кітаптарды қарау және ертегілер мен әңгімелерді тыңдау сауаттылықты
дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Егер ересектер балаларға
тамақтану, киіну және дәретхананы пайдалану сияқты нәрселерде
көмектесіп, қолдайтын болса, балалар бұларды өз бетінше орындауды
және тәуелсіз болуды үйренеді.
Балаларды жаңа жетістіктері үшін мадақтау олардың
өзіне сенімділігін нығайтуға
көмектеседі. Бұл кезеңде балалардың тілі тез дамиды және
олардың көпшілігі сөйлем
құрастырып айтуды
үйренеді. Балаларды
әңгімеге тарту
– оларға
жаңа нәрселерді үйретудің, келер
шақ, осы шақ және өткен шақ туралы түсінік қалыптастырудың тиімді
тәсілі. Баланың
физикалық дағдыларын
дамыту арқылы
балалардың жүру,
өрмелеу және жүгіру дағдыларын
жетілдіруді, сондай-ақ басқа балалармен ойнауға белсенді қатыса
алатындығын білдіреді. Бұл қауіпті және қауіпсіз нәрселердің арасын
ажырата білуді үйренетін маңызды кезең болып
табылады. Әлемдік білім беру
жүйесіне негізделген осындай басым бағыттар ұрпақты озық, саналы
дара тұлға деңгейінде қалыптастырады.