Материалдар / «Мектепке дейінгі ұйымдардағы заманауи технологиялар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектепке дейінгі ұйымдардағы заманауи технологиялар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, студенттерге арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
"Қасиет-Н" жеке балабақша
мекемесінің меңгерушісі
Увайдаева Жайна Корганбаевна


«Мектепке дейінгі ұйымдардағы заманауи технологиялар»
Баяндама


Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі
түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс
бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке
дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында
педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік
береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты:
оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана
отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Тәй - тәй технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4. Зайцев технологиясы
5. Дамыта оқыту технологиясы
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп
жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды
мақсатты ендіруінде болып табылады. Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге
асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру
бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және
практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту
мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар»
диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар
жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын
қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары
туралы біртұтас білім қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын
(диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары
және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту;

- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі
балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық -коммуникациялық
технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;


Page 2

- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың
тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру;
мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы
педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін
практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар
арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық
технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.

Ақпараттық - коммуникативтік техноло гиялар (АКТ)

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық
құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне)
пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен
қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды.
Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи
компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі
зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық)
технологиялары – бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру
үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін
қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын
дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып
табылады.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау
технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын
қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-
ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын,
педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін
тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа,
басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға
өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі
дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі
ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және
практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің
ұйымдастырушысы оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеру қажет.
Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін –
ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет
түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;


Page 3

- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу
қабілетін дамытуы керек.
Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала
тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи
баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет
алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы,
динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық
бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы,
сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
ТРИЗ – өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих
Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір
заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық
тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ
технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын,
шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда
табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп
жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі
балалар үшін «ТРИЗ» технологиялары – бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік
ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын
ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс
істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен
тәсілдерін қолдануға болады.

Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі
Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың
ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады.
Балалар ойын арқылы:
- өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;
- іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;
- конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.

Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының,
жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады.
Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер


Page 4

мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-
әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке
дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!