Материалдар / “Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізу әдістемелігін қолдау”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізу әдістемелігін қолдау”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Шілде 2022
366
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізу әдістемелігін қолдау”

                                        

Жолдыбаева Айкүнім Жарылғасынқызы.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.

«С.Е.Е. Қ. Әбсәметов атындағы орта мектеп» КММ .

МАД тобының тәрбиешісі.

 

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.

Инновация ұғымының мәні латынның “in-novus” сөзінен шыққан «жаңару,өзгерту, жаңашылдық» деген мағына береді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды,бағдарламаларды пайдалану.

«Технология» сөзі- гректің «шеберлік,өнер», «заң,ғылым» сөздерінен шыққан-бұл, шеберлік туралы ғылым. Кез- келген технологияның маңызы: мақсаты-құралдары-қолдану ережесі-нәтижелері болады.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын инновациялық технологиялар:

  • Дамыта отырып оқыту әдістемесі

  • Ізденіс-шығармашылық технологиясы

  • Мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту

  • Ойын технологиясы

  • Интеграциялық сабақ

  • Топпен жұмыс

  • Тәй-тәй технологиясы

  • М.Монтессори технологиясы

  • Зайцев технологиясы

  • Денсаулық сақтау технологиясы

Инновацилық технология Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу қызметінде жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу қызметін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері

1.Ой толғаныс әдісі

2.Ассоциация  әдісі

3.Салыстыру әдісі

4.Раунд-Робин әдісі

5.Топтастыру әдісі

1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

2.     Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады.

Мысалы:

Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

3.     Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

4.     Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мысалы:

«Гүлдер» тақырыбында

-Гүл өсімдік

-Гүл әдемі

-Гүлді жұлуға болмайды

-Анамызға сыйлаймыз

-Достарымызға сыйлаймыз т.б.

5.Топтастыру әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мысалы: «Пішіндер» тақырыбын өткенде

І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.

ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.

ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.

Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. 



Тәй-тәй технологиясы Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту

Тәй-тәй технологиясы – балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Міндеттері:

Оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлға ретінде қарау;

Балалардың іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі;

Белсенділік және дамытушылық орталықтардың жеткілікті болуы, сонымен қатар отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы;

Ұйымдастырылған оқу қызметінде шараларға бірлесіп қатысуы.

М.Монтессори технологиясы Негізін қалаған: М.Монтессори
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен

қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Проблемалық оқыту технологиясы-баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Өздігінен даму технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.

Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің басқа бала тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе бала өзін-өзі бағалайды.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы-білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту,

балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.

Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясынжобалау, алға қойған мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру. 

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері.  АКТ-ын пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Балабақша сабақтарында АКТ-ын пайдалану педагогқа бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:

  • фонематикалық есту қабілетін дамытады;

  • лексикалық сөздік қорын дамытады;

  • қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.

Денсаулық сақтау технологиясы

Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты :

  Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

  • -Мектепке дейінгі мекемелермен;

  • -Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы;

  • -Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы;

  • -Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар;

  • -Педагогтың кәсібі құзіреттілігі;

  • -Балалардың денсаулық көрсетілімі.

Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді. Яғни баланы тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:

  • Қатысушылар санына қарай : жеке,екі адам, топпен.

  • Ұзақтығына қарай: қысқа мерзім,орта және ұзақ мерзімдік.

  • Әдіс түрлері: шығармашылық, ойын, зерттеу, хабарлама

Тақырып бойынша: баланың отбасын қатыстыру, табиғат, қоғам т.б

 Қорыта келгенде, аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу қызметінде көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн деп санаймын.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мектепке дейінгі ұйымдарда иновациялық технологияларды қолдану (әдістемелік құрал) Алматы-2018

2.Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы,2014ж.

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. астана,2013ж.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!