Материалдар / Мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үшін мнемотехника әдісі бойынша таңдалған мнемотехника әдісі бойынша таңдалған тақырыпқа мнемокестелер.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үшін мнемотехника әдісі бойынша таңдалған мнемотехника әдісі бойынша таңдалған тақырыпқа мнемокестелер.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Мнемотехника-балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. 2. Мнемотехника технологиясымен жұмыс жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
1111
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты







Реферат

Тақырыбы:Мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үшін мнемотехника әдісі бойынша таңдалған мнемотехника әдісі бойынша таңдалған тақырыпқа мнемокестелер.









Дайындаған: Темиртасова Бакытгуль Байжановна









2017 жыл



Жоспар:

І. Кіріспе бөлім
  • Мнемотехника деген не?




ІІ. Негізгі бөлім1.Мнемотехника-балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл.2. Мнемотехника технологиясымен жұмыс жасау

ІІІ. Қорытынды бөлім





























Балаға 5 сөзді меңгерту көп уақыталады,сондай ақ 20 сөзді суреттер- мен байланыстырып үйретсе, ол оны лезде қағып алады.К.Д.Ушинский

«Мнемотехника» және «мнемоника» сөздері бір мағынаны білдіреді – есте сақтау, жаттап алу техникасы. Ол грек тілінен «mnemonikon» сөзімен таныс – есте сақтау, жаттап алу өнері. Бұл сөзді ойлап тапқан Пифагор Самосский (6 ғасыр б.з.б.) деп саналады.Алғашқы мнемотехникаға қатысты сақталған жұмыстар, 86-82 ж.ж. б.з.б., Цицерон мен Квинтилианға қатысты.Алғашында мнемотехника ұзын сөздерді (ораторлық өнер) есте сақтау үшін қолданылынған.Заманауй мнемотехника теория, техника жағынан алға жылжи бастады. Мнемотехниканың көмегімен кез келген қиынақпаратты есте сақтауға болады.Заманауй энциклопедиялық сөздік мнемотехникаға келесі анықтамалар береді.*Мнемотехника –есте сақтау өнері, есте сақтау және ойлау қабілеттерін жетілдіруге қатысты әдіс-тәсілдер.*Мнемотехника-ол да мнемоника.*Мнемотехника- ол ішкі жазу тәртібі, ол ақпаратты біртіндеп, көріп есте сақтауға мүмкіндік береді.Мнемотехника (гр. mnematik - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.

Мнемотехника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садаққа —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табыладыМнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегенімліз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы. Мектепкі дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы. Әсіресе 6-7 жастағы балалардың тілдің дамуында ерекше маңызы бар. Балаларда танымдық белсенділік арттылады. Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, aлогоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы. Ересек топтан бастап балаларда қоршаған әлем туралы түсініктер бар болғанда, таңбалы рәміздерді құрастыруға өздеріне жасауға болады. Бала өзі таңба жасайды, одан кейін мұғалім сәйкес келетін рәмізді таңдап алады. Заттардың белгілері мен күйін (көңілді, ызалы, аянышты, т.б), іс - әрекетті білдіретін таңбалы рәміздерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен ойнау және эмоциялы-ымдық деңгейде әрекетті көрсету қажет. Әңгіме, өлең, логоритмикалық жаттаулар жаттағанда әрбір дыбысталатын сөзді алмастыруға болады. Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ ( мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн. Өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттауда ондағы бірнеше рет қайталанып келетін сөз тіркестерін сөздерді рәміздермен алмастырудың қажеті жоқ.Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет. Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді.

Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді. Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады. Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі. Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.

Маңыздылығы

Кейіңгі кездерде балалардан келесі проблемаларды байқауға болады:сөздік қорларының аздығы,байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің нашар жетілгені, дыбыстық мәдениеттерінің төмендігі, зейіндерінің, ойлау қабілеттерінің нашар дамығаны. Сондықтан да біздің алдымызға келіп тірелген мақсаттардың бірі, ол: балаларды байланыстырып сөйлеуді, ойларын грамматикалық дұрыс құрап жеткізу, айналада болып жатқан оқиғаларды жеткізе алу болып каледі. Балаларды оқыту кезінде творчестволық әдістерді қолданған жөн. Мнемотехника әдісін қолдану ассоциациялау арқылы, балалардың есте сақ-тау қабілеттерін жеңілдете түседі.Методология Мектепке дейіңгі жастағы балаларды зерттеу кезінде, балаға білімді ауызша түсіндіргеннен модельдік іс-әрекетті көбірек қолданған жөн деп саналады (П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, С.Н.Карпов, Д.Б.Эльконин). Өз жұмысымның барысында мынадай атақты адамдардың жұмыстарын қосымша қолдандым: Т.В.Большова (коллаж), Т.В.Воробьева, В.П.Глухова (сенсорлық графикалық сызбалар), Л.Н.Ефименко (блок шаршылары), Т.А.Ткаченко (заттық схемалық модельдер).

Ғылыми әдебиеттерді зерттеу кезінде мнемотехника технологиясымен жұмыс жасаудың келесі ыңғайларын айқындадым:
  • Системалық – мнемотехника технологиясы оқыту және тәрбиелеу кезінде қолданыланады;
  • Дербестік – әр баланың қабілеті мен қажеттілігі есепке алынады;
  • Әрекеттілігі – баланың дамуы іс-әрекет кезінде болады, ол тәрбие-шімен ұсынылған сызбалар мен таблицаларды оқи отырып, өзінің сызбаларын құрастырады;
  • Диалогты – оқыту процессі диалог ретінде өтеді;
  • Мәдениеттілік – баланың сөздік қоры толығады, байланыстырып сөйлейді, грамматикалық дұрыс сөйлеуді үйренеді;
  • Информациялық – бала сызбалар, таблицалар арқылы қоршаған ортадағы информацияларды қабылдайды;
  • Аксиологиялық – балалар арасындағы қарым-қатынас .


Мнемотехника технологиясымен жұмыс жасау келесі принциптерге сүйенеді:1.Даму ағарту принципі, басты мақсаты баланы дамыту болып саналады;2.Ғылыми дәлелділік пен іс-әрекетте қолдану принципі, жұмыс істеу мазмұны психология мен мектепке дейіңгі педагогика мазмұнына сәйкес келуі . Үлгімен жұмыс жасау алгоритмы:Сызбалармен жұмыс жасаудың бірнеше кезеңдері:I кезең. Сызбалар мен элементтерді еңгізу.Мысалы, белгілер:-түсі;-пішіні;-көлемі;-Іс-әрекеті.II кезең. Сызбаларды, символдарды түрлі оқыту іс-әрекеттерінде қолдану.III кезең. Жоққа шығаруды еңгізу.Мысалы:-үлкен емес;-дөңгелек емес;-жеуге болмайды.IV кезең. Символдардың байланысы. Символдарды кезектеп «оқу».V кезең. Балалардың символдардың қасиеттерін білдіретін бейнелерді өздік іздеулері. Бұл кезеңнің міндеті бейнелерді белсенді іздеу және дәлелдей алу болып келеді.VI кезең. Таблицаны қарап, ондағы бейнелерді анықтау.VII кезең. Ақпаратты шешу, яғни абстракциялық символдардан бейнеге көшу. VIII кезең. Коддан шешу мәселесінен кейін ертегінің немесе әңгіменің мазмұнын айтуға көшу. Сәбилер топтарында тәрбиешінің көмегімен, ересек топтарында өздік жұмыс жүргізіледі .Мнемотехника-оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.

Балалармен жұмыс жасау ерекшілігі:
  • Интегралдық – оқыту іс-әрекеті бірнеше облыс бойынша жүзеге асы-рылады- «қатынас», «таным», «қауіпсіздік», т.б.
  • Тиімділік – қол жетімді әдіс-тәсілдердің қолданылуы және шығын келтірілмейтін дидактикалық құралдар шығару.
  • Процессуалдық – баланың дамуы процесс ретінде қаралады.
  • Денсаулық күтушілік – баланың потенциясының көрсетілімі мен да-мыу , бала ересек адам жағынан қысымдылық көрмеуі керек, тәрбиеші сыбайласы, әріптесі жағынан көрінуі керек.
  • Жан-жақтылық – басқа топ тәрбиешілері мен басқа да балабақшаларда қолданылуына болады .
Мнемотаблица-ол сызба, онда негізгі ақпарат беріледі. Мнемотаблица ол да күнделікті жұмыс сияқты, қарапайымнан күрделіге көшеді.Мнемотаблицалар заттық,заттық –схемалық және схемалық болып бөлінеді. Егер балалар заттық моделін меңгеріп алса, тапсырма күрделене түседі,онда заттық-схемалық моделіне көшуге болады. Бұл мнемотаблица бейнелердің аздығын талап етеді. Кейіннен ғана схемалық мнемотаблица беріледі. Сәбилер және ортаңғы топтарында таблицалар түрлі-түсті болғаны жөн,себебі олардың естерінде ерекше образдар қалыптасып отырады: балапан-сары, тышқан-сұр, шырша-жасыл түсті.

Тақпақтар мен өлеңдер Мнемотехниканы өлең жаттаған кезде қолданған нәтижелі болады. Оның мәні мыналардан тұрады: әр сөзге немесе кішкентай сөзқұрамына бейне ойланып табылады, сөйтіп бүкіл өлең жолдарына сызба құралады. Кейіннен балалар графикалық сызбаны қолдана отырып өлең жолдарын толығымен оқуға тырысады. Алдынғы кезде тәрбиеші балаларға дайын сызбаны ұсынады, кейінінен сызбаны балалармен бірге дайындауға болады. Түсіндірмелі әңгіме Бұл монологты сөйлеудің күрделі түрі. Суреттеу бүкіл психикалық міндеттерді қамтамасыз етеді (қабылдау, зейін, ес, ойлау). Затты суреттеу үшін бала оны ұғынуы керек, ұғыну –ол талдау. Бұл балаға күрделі болып келеді. Баланы алдымен заттың нышанын анықтай алуы керек. Мазмұндау Мазмұндауда байланыстырып сөйлеуге ерекше орын болінеді.Бұл жерде сөйлеу құрылысы, сөйлем құрау қабілеті жетіледі. Мазмұндау кезінде мнемотаблицаны қолдану сөйлемді дұрыс құрауға бағыт береді.

Творчестволық әңгімелер Балалар ертегі немесе әңгімені құрауды ұсынғанды қуанышпен қабылдайды. Бірақ әңгімелер бір қалыпты болмас үшін, логикалық дұрыс құрауларына мнемотаблица көп көмегін тигізеді.

Қорытындылай келгенде, кез келген мнемотехникамен жұмыс баланың қызығушылығын оятады. Бұл оқыту процесін түрлендіруге, тұрақты қызығушылыққа жетуге, баланың потенциалды мүмкіндіктерін максималды іске асыруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге мнемотехника элементтерін сабақтарына қосқан пайдалы. Бұл:-Балалардың тілі мен ойын дамытады, сөздерді есте сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Балалардың психикалық процестерін дамытады . Есте сақтау зейіндік қабілеттерін, зейіндік қабілеттерін, қиялдарын жетілдіреді.
  • Балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді.
  • Мнемотаблицалардың шартты белгілері арқылы ой белсенділігін, байқағыштығын, салыстыра білу қабілетін дамытады.
  • Халықауыз әдебиетіне балалардың сүйіспеншілігін тәрбиелейді .








«Тәрбие отбасынан басталады» - демекші мемлекеттік тілді үйрету мақсатында балабақша ата - аналармен өте тығыз жұмыс жасауда пайдалануға мүмкіншілік бар. Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тілдіғ дамуына барлық жағдай жасалынуы тиісті. Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандағы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!