Материалдар / Мектепте өзгеріс не үшін керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепте өзгеріс не үшін керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
білім жаңарту жағдайында мектептегі өзгеріс , оның не үшін керектігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨЗГЕРІС НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Кез-келген дамыған мемлекеттерде білім беру жүйесін реформалау экономикасын көтеру барысында жүреді. Бұл үдеріске ең бастысы мына себептер түрткі болады:

  1. экономикалық

  2. біздің балаларымыз әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын таба алама деген сұраққа жауап беру үшін

  3. мәдени

Жиырма жылдық тарихы бар біздің жас мемлекетімізде де бұл актуалды мәселе болып отыр. Қалай біз балаларымызды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындаймыз, экономикада 10 жылдан кейін не болатынын айта алмасақ. Оны 2008 жылғы дүниежүзілік дағдарыс көрсетті. Екінші мәдени мәселесі, барлық мемлекеттер жалпы дүниежүзілік білім жүйесінен шықпай өзінің ұлттық мәдениетін сақтап қалғысы келеді. Ол терең тарихы бар қазақ халқы үшін де өте маңызды. Біздің білім беру жүйеміз ІХХ ғасырда құрылған, сол оқыту бойынша біз балаларға айтамыз: жақсы оқы, диплом аласың, жақсы жұмысқа орналасасың. Балаларымыз біздің айтқанымызға сенбейді. Әрине, дипломның болғаны жақсы, бірақ диплом жақсы өмір сүретініне, жақсы жұмыс табатынына балаға кепілдік бермейді. ІХХ ғасырда құрылған білім жүйесі басқа заманда құрылған, басқа жағдайға бейімделген: барлығына міндетті жалпы білім, барлығына тегін – ол шынымен де сол заманда революциялық идея болған. Осындай өзгерістерден барлық дамыған мемлекеттер өтті.

«ХХІ ғасыр идеялар мен инновациялық технологиялардың бәсекелестік ғасырына айналып барады. Егер қоғамда білімді адамдар жеткілікті болса, онда кез келген ноу-хау барлығымыз үшін қолдан келерлік іске айналады. Жаңа идеялар тудыра білу қабілеті – міне, осы ғана қандай да бір елдің ғаламдану жағдайында алатын орнын анықтайтын болады. Сондықтан қазақстандық өскелең ұрпақ бәсекеге қабілетті білімге ие болуы керек», «Үздік халықаралық тәжірибе елдің бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейінің негізгі факторларына қолайлы макро-экономикалық саясат, инвестициялық климат(хал-ахуал), тең дәрежедегі бәсекелестік жағдайлары және ең маңыздысы – білім беру және денсаулық сақтау саласының жоғары сапасы жататынын растайды», - деп көрсетті Елбасы. Олай болса білім берудің сапасы - қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін анықтайтын әлеуметтік категория. Ал түрлі елдерде білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде әр нұсқалы. Бірқатар «үздік жиырма» мемлекеттерінің қатарына кіретін мемелекеттердің білім беру жүйесін қарастыра отырып, мені Корея мен Сингапур мемлекеттердің білім беру жүйесінің тәжірибесі мен стратегияларын Қазақстанда қолдануды көздедім.

Корея мемлекеті Жапонияның білім жүйесін қолданады, олар Жапонияның колониясына кіргеннен  бастап Жапония білім жүйесіне көшкен. Тәуелсіздігін алғаннан кейін де қолдануға оңай деген себеппен осы білім жүйесін жалғастыруда. Корея білім беру жүйесінде мaтемaтикa мен aғылшын тіліне бaсa көңіл бөлінеді, Сингапурде оқыту ағылшын, қытай, мандарин тілінде жүргізіледі. Сингапур, Корея білім беру жүйелері «әлемдік көшбасшы» ретінде танылып отыр. Мен Сингапурдың білім беру жүйесінің сапасын көтеру тәжірибесіндегі үш факторды Қазақстанда шешуші роль ретінде пайдаланар едім:

  1. лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек;

  2. олар оқытушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін дайындықтан өтуі қажет;

  3. әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету қажет;

Бұл елдерден тәжірибесінде қолданатын оқыту сапасын арттыру жолындағы үш ұстанымды мен Қазақстанға алып келер едім:

  1. мұғалімдікке лайық адамдарды тарту(білім беру жүйесінің сапасы сол салада жұмыс істейтін адамдар қабілетінен жоғары болуы мүмкін емес); Яғни, мұғалім мамандығын таңдағандардың коммуникативтік қабілеті, оқуға дайындығы, мұғалім қызметін таңдауға не түрткі болғанын тест арқылы анықтар едім. Осы аталған шаралар мұғалімдердің оқыту сапасына, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауына әсерін тигізетіні сөзсіз.

  2. бұл мұғалімдерді шебер педагогтарға айналдыру (оқу нәтижесі – білім сапасын жақсарту);

  3. жүйе жасап, әрбір баланың жоғары білікті білім алуға қолы жететіндей дербес қолдау көрсетуді қамтамасыз ету (жоғары деңгейге жетудің бір ғана жолы – әр оқушының деңгейін көтеру);

Сингапур мен Оңтүстік Корея мұғалімдерді іріктеудің анағұрлым тиімді шараларын жүзеге асыратын елдер қатарына кіреді. Сингапурлық мектеп жүйесі отыз жыл бойы кей кездері бағытын өзгертіп, бірақ ешқашан тоқтамай, артқа шегінбей, алға қозғалып, тұрақты жақсару жолымен  жүрді. Сингапурде Білім министрлігі мен Ұлттық білім беру институты бірігіп басқаратын, бірыңғай жалпы ұлттық деңгейдегі орталықтандырылған іріктеу үдерісі ұйымдастырылған[3]. Ал, біздің елімізде педагог факультеттерге оқуға түсу бақылауға алынбаған, басқа таңдауы жоқ адамдар мұғалім мамандығына келеді, мектепті жақсы бітіргендер басқа беделді мамандықтарды таңдайды. Сонда, ол болашақ мұғалімнің балаларға беретін білімдерінің сапасы қандай болмақ? АҚШ-тың үш штатында (Теннеси, Даллас, Бостон) жасалған зерттеулер, егер қабілеті орташа 8 жастағы оқушыларға біреуінің біліктілігі жоғары, екіншісінікі төмен әртүрлі мұғалімдер сабақ берсе, онда оқушылардың оқу нәтижесі үш жылдың ішінде 50-ден артық пайыздық (53%) пунктермен тармақталып кетенінін көрсетті[1]:


Білікті мұғалім сабақ беретін сынып оқушыларының біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда 3 есе тез дамығанын көрсетеді. Ендеше, мұғалімнің даярлығын жоғары оқу орны қабырғасында бастар едім. Ал мен салыстырып отырған мемлекеттерді қарасақ, педагогикалық мамандықты дайындайтын оқу орындарына ең жақсы мектеп түлектерін қабылдайды: Оңтүстік Кореяда – 5%-дан, Сингапурде – 30%-дан.

Оңтүстік Кореяда бастауыш мектеп мұғалімі мен орта мектеп мұғалімі арасында айтарлықтай айырмашылық бар және бұл айырмашылық тұтастай әрі толық түрде кәсіби даярлау курстарында бастауыш сынып мұғалімдері үшін орын болуын өзінің қатаң бақылауына алып, үкімет саясатына негіздеген. Бұл елде мұғалімдік мамандыққа дайындауды бастамас бұрын тіл және математикалық сауаттылығына, жеке адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысына және оқу мен оқытуға деген ынтасының жоғары болуына ерекше көңіл бөледі екен. Сондықтан, мұғалімдерді іріктеуге  мүмкіндік беретін дағдыларды тексеру шаралары жүргізіледі. Сингапурлық білім беру жүйесінің басшылары мұғалімнің біліміне қойылатын академиялық талаптарды күшейтіп, нәтижесінде барлық мұғалімдер жыл сайын жүз сағаттық кәсіби біліктілікті арттыру курсынан өтуге міндетті. Ең жақсы мектеп тәжірибесі зерттеліп, осы зерттеуден алынған нәтижелер басқа мектептердің жұмысында ескеріледі. Ендеше, білікті маман болу үшін талапкердің жеке адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы мен оқуға дайын болуы мен оқытуға ынтасы тәрізді мінез-құлық жиынтығына ие болуы тиіс екендігін ескеруді Қазақстанда қолдануды ұсынамын. Себебі, оқуға түсетін студенттердің сапасы төмендеген сайын, даярлау сапасы да төмендейді, себебі білім сапасы көбінесе оқуға түскен оқушылардың деңгейіне байланысты. Өйткені, неғұрлым талантты адамдар мұғалім мамандығына тартылса, соншалықты оқыту сапасы артады. Енді, осы ұсыныстарымды өз мектебімде педагог кадрды жұмысқа қабылдауда психолог маманға сүйеніп, әңгіме сұхбат барысында бақылауды мектеп басшысына қолдануға ұсынамын.

Осы жерде тағы да айта кететін жағдай – ол білім беру сапасының мониторингісі мен анықталған жағдайларды түзету шараларын үйлесімділігі. Бұл мен үшін оқытудың тұрақты жағдайын қалыптастырудағы бірінші дәрежелі шара. Жүлдегер елдерде бұл үдеріс арқылы балалар үлгерімі үнемі бақыланады және нақты оқушыларды түзету шараларына қолдау көрсетуге бағытталған. Біз мониторинг нәтижесі бойынша не мұғалімге көмек бермейміз, не оқушыны цифрдың артынан көрмейміз. Ендеше, мен мониторинг нәтижесін пән мұғалімдеріне жекелеген оқушының білім сапасын жақсарту мақсатында қолдануды үйретемін, ол үшін LS әдісін іске асырамын, зерттелетін оқушылардың сабақта материалды игеруіне ерекше мән беремін және оқушылардың мәселелеріне бағытталған бақылау парағын басшылыққа аламын.

Сингапур мен Оңтүстік Кореяда мұғалімдерге қолдау көрсету үшін тәлімгерлік әдісті кеңінен қолданады. Тіпте Сингапурде кандидат іріктеуде бағалау орталығына тест тапсырады екен, ол адам мінез-құлықтарының мектеп басшысына қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін анықтау тапсырмаларын орындайды. Бұл жерде тек лайықты адам таңдап алу емес, ол адам тиімді басшы болуы қажетті дағдыларды дамыту да аса маңызды. Осы мақсатта болашақ басшылардың лидерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін арнайы курсы әзірленген. Мектеп басшылары мұндай модель шеңберінде сынақ мерзімінен жиі өткіліп тұрады. Мектеп көсбасшысы әкімшілік қызметке емес, педагогтармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлу керек. Қазақстанда да осыны басшылыққа ала отырып, қолдануды ұсынамын. Өйткені бұл елдердің айтарлықтай жетістіктері осы тәсілдің тиімділігін көрсетеді. Ендеше өз мектебімде тәлімгерлікті ұйымдастырамын, тәлімгер мұғалім қамқорлыққа алған адамға көмек көрсетеді, сабаққа қатысады, бақылайды, мұғаліммен ой бөліседі, жақсы сабақ беру мүмкіндіктерін бірге ойластырады, мұғалімге өз жұмысының кемшіліктері мен артықшылықтарын түсінуге көмектеседі. Осындай жетекші-тәлімгер, мектеп көсбасшысын дайындау моделін Қазақстанға мен алып келемін. Тәлімгерлікті енгізе отырып, оның болашақта мектеп көшбасшысына айналуын көздеймін және көп уақытымды мұғалімдерді дамыту мен қолдауға бөлемін.

Оңтүстік Кореяда білім сапасының төмендігінің себебін шешу мақсатында бір мектептің педагогикалық ұжымын басқа мектепке ауыстырып отырады. Өйткені білім сапасы тікелей педагогикалық ұжымының білім деңгейімен байланыстырады. Бұл принцип бастауыш мектептен бастап ұстанады[2]. Осы әдісті Қазақстанда алып келіп, өз мектебімде бастауыш мектеп мұғалімдерін орта буынға және жоғары сынып мұғалімдерін бастауыш сыныптарға сабақ беруге ауыстырып отырамын. Бұл сабақтастық мәселесін, бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделу мәселесін шешуге көмекші кұрал. Егер бастауыш мектеп оқушысына ортаңғы буын талаптарын қолданса, олардың ортаңғы буынға өтуде бейімделу мәселелері азаяр еді. Ендеше, жаңа оқу жылынан бастап осы әдісті қолға аламын.

Тағы да мен Қазақстанда пайдаланатын ұстаным - әрбір оқушыға сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз ету. Оған қалай қол жеткізер едім? Оның бір жолы осы Сингапур мен Оңтүстік Корея мектептерінде қолданатын топтық жұмысты ұйымдастырамын және осы жұмысқа барлық мектеп мұғалімдерін тартамын. Сингапурде оқыту үдерісі әлемге ашық, ұжымда жұмыс істей алуға қабілетті көсбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сингапур мектептерінде әрбір сыныпта орташа есеппен 40 оқушыдан оқиды, олар 8 адамнан бес топқа бөлінеді. Сабақ үдерісі барысында мұғалім топтармен және оқушылардың өзара әрекеттесуіне жағдай жасайды, әрбір топтағы оқушының өз міндеті бар және сабақ соңында олар біріге отырып бір өнім шығарады[5]. Осы топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілін Қазақстанға алып келіп, өз мектебімде іске асырамын. Онда бұл жағдайда топтастыру әдістерін, топтық және жұптық жұмысты іске асыру әдістері мен топ ережесін құру мен ұстану сияқты тәсілдерді қолданамын. Өйткені, топта оқушылардың бір-бірімен білім алмасу, бір-бірін толықтыру, ортақ шешім қабылдау сияқты дағдылары дамытылады.

Барлық елдер үшін білім беру дәрежесі туралы халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижесі болады, оның ішінде анағұрлым маңыздылары PISA, TIMSS, PIRLS болып табылады. Осы зерттеулерді ЭЫДҰ жүзеге асырады. Осы зерттеулерге Қазақстан 2009 жылдан бастап қатысты және үш елді салыстырғанда нәтижелері төмендегідей:

зерттеу өткізген жыл

мемлекет

оқу сауаттылығы

математикалық сауаттылық

жаратылыстану сауаттылығы

2009жыл

Оңтүстік Корея

2 орын

4 орын

6 орын


Сингапур

5 орын

2 орын

4 орын


Қазақстан

59 орын

53 орын

58 орын

Яғни, қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы халықаралық стандарттан айтарлықтай төмен болып шықты. Осы зерттеулер қазақстандық оқушылардың маңызды біліктіліктерінің қалыптасуындағы жетіспеушілігін білдірді[1]. Осыдан мен мынадай қорытынды жасаймын: қазақстандық оқушылар өз білімдерін өмірде қолдана алмайды, біздің бүгінгі күндегі мұғалімдердің пайдаланатын әдіс-тәсілдері осындай дағдыларды қалыптастырмайды. Ендеше, осы елдердің тәжірибелерін Қазақстанда қолданайық. Ол қолданыста бар, бірақ біздің жұмысымыз әлі де жүйеленген жоқ. Бірінші ілгері деңгейлік курс тыңдаушысы ретінде өз мектебімде осы елдердің озық тәжірибелерін қолданамын: тәлімгерлік, коуч, LS, топтық жұмыс.

Мен Өңтүстік Корея мен Сингапур мектептерінде білім беруде жоғары нәтижелерді қамтамасыз ету шарттары мен жұмыс істеу тәжірибелерін талдау олардың табыстылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін төмендегідей негізгі факторлар анықтадым:

  • Азия елдерінің мемлекеттік саясаты, оның ішінде білім беру саясаты, жаңа парагдигмаға өтудегі ұлттық ерекшеліктерді, өздерінің мәдениетін, Шығыстың дәстүрлі ;

  • мектептегі білім беру жүйесінің табыстылығы кәсіби қызметі сапалылығына қол жеткізуді көздейтін мұғалім мамандарына негізделеді;

  • мұғалім еңбегіне қолдау көрсету және ынталандыру жүйесі;

  • бастауыш мектепте оқыту сапасына ерекше көңіл бөлемін, себебі ол мектеп оқушыларының болашақтағы білім жетістігін анықтайды.

Жоғарыда қолданамын деп аталып кеткен барлық тиімді әдістердің енгізу нәтижесінде мен мынадай жетістіктерге қол жеткіземін:

  1. жекелеген мұғалімге өз жұмысының кемшілігін түсінуге ықпал етемін;

  2. әрбір мұғалім әлемдік озат тәжірибелерді біледі, түсінеді және қолданады;

  3. әрбір мұғалімде өз жұмысын жетілдіруге мүмкіндік алады;

  4. мұғалімдердің өздері оқытып жүрген балалардың білімін жақсартуға ортақ мүмкіншілігі бар екендігіне сенім тұдырамын;

  5. оқушылардың нәтижелерін бақылау арқылы оқыту үдерісін жоспарлаймын;

  6. сыныптарды зерттеу арқылы жекелеген мәселелердің шешімін табамын;

  7. мұғалімдердің әрекетін талдау арқылы тәжірибелерін айтарлықтай жоғарлатамын;

Мен жүйелі түрде осы өзгерістерді бір өзімнің мектеп көлемінде қолданумен қатар жүйелік қоғамдастық жұмысын дамытамын, сол арқылы жақын маңайдағы мектеп мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпалымды тигіземін. Әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, коучинг, LS әдістерді пайдалану арқылы жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілікті туындатамын. Өйткені бұл әдістерді қолданған кезде мен ұжымдық жұмысты іске асырамын, ұжымдық пікірге сүйене отырып сабақ үдерісіне және қолданатын әдістерді өзгертемін. Инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысында белгілі деңгейде көздеген белсендікке қол жеткіземін. Инновациялық процестердің жүзеге асуын арнайы топ немесе ұжым жұмысын қажет етеді, бұл тарап инновациялық көзқарастары ұқсас, өзіндік қызығушылықтары сәйкес келетін адамдарды біріктіремін. Ұжымдық психология аса күрделі, егер ол ұжымды бір мақсатқа жұмылдыра білсем, оның нәтижесі айтарлықтай болады. Дегенмен топты болаттай мықты, құрыштай қайратты мінез-құлыққа ие, идея генераторы басқару қажет. Ол инновациялық процестерді алғашқы қадамынан бастап аяғына дейін міндетті түрде үздіксіз бақылаймын, бағыт сілтеймін. Ендеше, курс оқу барысында үйренген әдістерім көмекші құрал болады. Яғни, мектепті дамыту жоспарына осы әдістерді қадамдап енгізуді жоспарлаймын және мектептегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді осы жұмысқа белсенді араласуға тартамын. Ал мектептегі тәжірибелік кезеңінде орындайтын алғашқы қадамым – сауалнама арқылы өз мектебімнің мәселесін анықтап, жоспарларымды іске асырамын және тізбектелген сабақтарды бақылау барысында жекелеген мұғалімге өз мәселесін шешуге ықпалымды тигіземін.

Казіргі таңда менің мектебімде осы үдерістің бейімделу мүмкіншілігі бар. Өйткені, оған мектебімнің оқыту жетістіктері мен мұғалімдердің сапалық құрамы дәйектеме болып отыр және осы деңгейлік курстың Қазастанда жүргізіліуінен бастап 10 мұғалім даярлықтан өтті. Ендеше, осы мұғалімдерге сүйене отырып мен өз мектебімдегі өзгерістерді енгізу мүмкіндігіне ие болып жетістіктерге жетемін. Мен жаңа білім алу арқылы өзгеремін, өзім өзгере отырып басқаларды өзгертемін.

Отандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін әлемдік озат тәжірибені және білім беру саласындағы көшбасшы-елдер тәжірибесін ескере отырып, оны табысты жүзеге асыруға арналған барлық шараларды қабылдап, оны өз мектеп шеңберінде іске асырамын. Әрбір мектептегі дағдарысты жеңу жолдарын көрнекті америкалық білім қайраткері және зерттеуші Ф.Г.Кумбс нақтылап айтты: «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер – идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыдан өзін-өзі бағалауға қабілеттілік қажет».




















Пайдалынылған ресурстар тізімі:

  1. А. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», Алматы-2013 жыл;

  2. http://uz.denemetr.com/;

  3. http://www.my-volga.ru/content/sistema-obrazovaniya-v-singapure;

  4. http://coachingineducation.ru/;

  5. http://www.ru-90.ru/node/1500.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!