Материалдар / Мектептегі әдістемелік жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі әдістемелік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылдық жұмыс жоспарын құру үшін қажет құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
4095
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектептегі әдістемелік жұмыс


ҚР Елбасының әрбір халыққа жолдауында сапалы білім беру Қазақстан дамуының негізі болуы керектігін атап көрсетіп келеді.

Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру, өз қызметіне аса жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Әртүрлі әдістемелік әдебиеттерде мектептерде педагогтардың біліктілігін арттыру басшының мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруына көп байланысты деп көрсетілген. Осыған орай, педагогтардің біліктілігін арттырудың негізгі көзі ғылыми зерттеулердің нәтижелері және алдыңғы қатардағы іс тәжірибе болып табылған. Әрине осының өзі әдістемелік жұмысты, ұжымда қалыптасқан педагогтердің, іс тәжірибесіне байланысты болуына мәжбүр етеді. Әдістемелік жұмыстың кең тараған түрлері болып педагогикалық оқулар, педагогикалық шеберлік мектептері, әдістемелік бірлестіктер, сынып жетекшілер семинарлары, ашық сабақтар есептеледі. Өзіндік біліктілікті арттыру жұмысына да көп кқңіл бөлінген.

М.М.Поташниктің «Мектепті басқаруды оптимизациялау» кітабында «... әдістемелік жұмыс мұғалімдердің нақты қиыншылықтарына және ғылым мен тәжірибеге негізделген педагогтердің шеберліктерін арттыруға бағытталған біртұтас бір бірімен тығыз байланысты шаралар» - деп берілген. Бірақта осы күнге де әдістемелік жұмыс мектепішілік бақылаудың бірден бір объектісі ретінде қаралмапты.

Соңғы жылдары әдістемелік жұмысты жүргізуге көп көңіл аударылуда. Ескі кибернетикалық тұрғыда ұйымдастырылған әдістемелік жүйе қазірде педагогтарды қанағаттандырмайды. Себебі осы тұрғыда ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс педагогтарды жалпы жоспар бойынша әрекет жасауға мәжбүрлейді және басшы талабын орыындауға бағытталған. Педагогтардың жаңаша ұйымдастырылған іс әрекеті бұл жұмысты жаңа жолға қоюды талап етуде.

Сол себептен біз әдістемелік жұмысты – біртұтас көпдеңгейлі, көпфункциялы педагогтардың кәсіби деңгейін өз сқраныс негізінде көтеруге бағытталған жүйе – деп қарастырамыз. Сонымен қатар, оның нәтижесін білім беру ұйымының педагогикалық үрдісіндегі өзгерістер динамикасы және оқушылардың білік, білім деңгейінің дамуы анықтайды – деп білеміз.

Мектептегі әдістемелік жұмыстың ұстанымдары

«Мектепішілік әдістемелік жұмыс – ол біртұтас, әр мұғалімнің, тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жан-жақты көтеруге бағытталған бір бірімен тығыз байланысты іс шаралар мен әрекеттердің жиынтықтар жүйесі, ол оқу үрдісін талдау және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен ғылымның жетістіктеріне негізделген»

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары

Мектептегі біртұтас әдістемелік жүйені дамыту мақсаты оның сапасын және тиімділігін арттыру бірнеше аса маңызды талаптарға сай жүргізіледі.

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ұстанымдары – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру заңдылықтарынан ұжымның алдыңғы қатарлы және жалпы іс тәжірибесінен шығады.

Ұстанымдар:

  1. Өзектілігі, мектептің даму міндеттерін практикаға іске асыру, өмірмен байланыстыру.Бұл ұстанымдар топтамасы әдістемелік жұмыс ұйымдастырушыларын еліміздегі әлеуметтік-экономикалы, әлеуметтік мәдени өзгерістер жағдайында қоғамның мектепке деген сұранысын толық және нақты ескеруге бағыттайды.

  2. Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы басшы педагогтердің біліктілікті арттыру жүйесін әртүрлі саладағы ғылыми жетістіктермен сәйкестендірілуіне жетелейді. Бұл ұстанымның іске асырылуы мектепті, педагогтердің тұлғасын, қызметін терең зерттеп оқып үйренуден көрініс табады.

  3. Жүйелік ұстанымы әдістемелік жұмысқа тұтастық көзқарас оның нәтижесі мақсаттың, міндеттің, мазмұнының, әдіс, тәсілдерінің бірлігі және күтілетін нәтиженің жоғары дегейіне бағытталуы

  4. Кешенділік ұстанымы жалпы мәдениетті дамыту, педагогикалық әдеп, психология, тәрбие теориясы, дидактика, т.с. педагогтердің біліктілікті арттыру бағыттарына жан жақты байланыс пен бірлікті қарастырады.

  5. Үздіксіздік, сабақтастық, реттік, жүйелілік ұстанымдары педагогтерді жыл бойы әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерімен қамтамасыздандыра отырып, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөліміне айналдыру

  6. Шығармашылық белсенділік ұстанымы. Бұл ұстаным тек әдістемелік жұмыстың ғана шығармашылығын көздемейді, сонымен қатар әр педагогқа шығармашылық ізденісін қолдайтын жеке жүйе құру көздейді.

  7. Нақтылық ұстанымы нақты мектептің, педагогтың ерекшеліктерін есепке ала, әрбіреуіне сараланған көзқарас.

  8. Педагогтардың біліктілігін арттыруда қажетті, басты бағыттарды айқындау ұстанымы. Бұл ұстаным әрбір істің белгілі уақытта басым жетекші бөлігін анықтауға және әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушысын үнемі ізденіске және педагогтермен жұмысты түрлендіруге ынталандырады.

  9. Теория мен практиканың бірлігі. Бұл ұстаным екі бірдей қарама қайшылықтан сақтандырады.Біріншіден, теорияның маңызды ролін дұрыс бағаламау және әдістемелік жұмысты артық ғылымиландырудан. Екіншіден, теория мен оқу-тәрбие практикасының ара қашықтығынан.

  10. Шапшаңдық, икемділік, мобильдік ұстанымы. Заманауи талаптарға сай мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістерге төтеп бере алу, қажетті жағдайда әдістемелік жұмысты түбегейлі өзгертуге әзір болуды көздейді.

  11. Ұжымдық ұстанымы педагогтардың өз бетімен білімін арттыру мен қатар қалыпты, қалыпты емес, жеке, топтық, жалпы мектепішілік әдістемелік түрлерін тиімді

  12. Қолайлы жағдайларды жасау ұстанымы педагогтардың шығармашылық ізденісін өолдау үшін тиімді әдістемелік жүйе құру.

Мектептегі әдістемелік жұмыстың функциялары

Психология педагогикалық әдебиетті талдау және мектептегі әдістемелік жұмысты жоспарлау практикасы әрбір мектептегі әдістемелік жұмыстың міндеттері нақты жағдаят негізінде әдістемелік жұмыстың тығыз байланыстағы функцияларының айқындалуында деп қорытуға болады. Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесінің бірнеше функциялары бар. Олар:

  • Алдыңғы қатарлы тәжірибе және педагогикалық ғылым мен жалпы мемлекеттік білім беру жүйесіне байланысты;

  • Мектептің педагогикалық ұжымына байланысты;

  • Жеке педагогикаға байланысты.

Әдістемелік жұмыс функцияларының бірінші тобы:

  • Әлеуметтік тапсырысты, мектепке деген мемлекеттің және қоғамның маңызды талаптарын, нақты әдістемелік-бағдарламалық талаптарды, жоғарғы білім беру ұйымдарының нұсқау, бұйрықтарының уақтылы және дұрыс түсіндірілуі;

  • Жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін, алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктерін енгізу;

  • Педагогика-психология ғылыми нұсқауларын және жетістіктерін пайдалану және практикаға енгізу;

  • Мектептің ішіндегі таңдаулы тәжірибені мектептен тыс тарату.

Әдістемелік жұмыс функцияларының екінші тобы:

  • Педагогикалық ұжымды біріктіру, бір ойлы, пікірлес ұжымға айналдыру;

  • Бірыңғай салт, дәстүр, құндылықтар т.с.с. ережесін жасау;

  • Нақты оқу-тәрбие жұмысының, білім алушылардың білім, білік, дағды нәтижелерінің өзгеріс динамикасын талдау;

  • Құнды педагогикалық табыстармен алмасу, оқытушылардың мектепішілік тәжірибелерін оқып үйрену, жинақтап жүйелеу, тарату олардың іс-әрекетіндегі қиыншылықтарын анықтап зерттеу, жаңашыл педагогикалық идеялар қорын жасау;

  • Педагогикалық іс –әрекетіндегі формализммен, талаптан тыс жұмыс бастылықпен күресу және жою;

  • Жаппай педагогикалық шығармашылықты, жаңа бастамаларды қолдау;

  • Ұжымды мектептің өзекті мәселелері бойынша ғыылыми-зерттеушілік, эксперименталдық жұмысқа, жаңа мақсатты тәжірибені құруға икемдеу.

Әдістемелік жұмыс функцияларының үшінші тобы:

  • Қоғамды, мектепті қайта құру жағдайында педагогтардың білімдерін нығайтып, көзқарастарын, кәсіби құндылықты басымдықтарын дамыту негізінде жетілдіру;

  • Шығармашылық іс-әрекетке ынталандыруды дамыту;

  • Тұлғаның тұрақты адами сапасын дамыту;

  • Заманауи, дилектикалық ойлау стилін (жүйелік, нақтылық, икемділік, үнемділік, қанағаттанушылық) дамыту;

  • Орындау шеберлігін, педагогикалық техника, кәсіби біліктілігін дамыту;

  • Кәсіби әрекетінде өзіндік ұстануын, көңіл күй жағдайын, ұстамдылық мәдениетін дамыту;

  • Өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби өзіндік білім алуына әзірлігін қалыптастыру;

Әдістемелік жұмыстың мазмұны

Қазіргі мектептің әдістемелік жүйесінің мазмұны әртүрлі көздер негізінен құрылады: еліміздегі педагогтардың алдыңғы қатарлы тәжірибесінен не болмаса мектепте жинақталған жаңашылдық тек өзіне ғана тән тәжірибелерден.

Атап айтқанда:

  • Республика білім беру кеңістігінде әдістемелік жұмыстың мақсат мен міндеттерін анықтайтын, ҚР заңдары, нормативті құжаттар, ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, нұсқаулар;

  • Әдістемелік жұмыстың қалыпты мазмұнын жаңартуға ауқымын кеңейтуге мүмкіндік туғызатын мектептердің жаңа дамыту бағдарламалары, білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, авторлық бағдарламалар;

  • Әдістемелік жұмыстың ғылыми деңгейін көтеретін жаңа психология-педагогикалық, психология физиологиялық, әдістемелік зерттеулер;

  • Әдістемелік жұмыстың мазмұнын жаңаша ашатын жаңалықтар, инновациялар;

  • Өзіндік білім беру, әдістемелік жұмыс проблемаларының негізгі міндеттерін, нақты мектеп білім алушыларының даму, оқу, тәрбие деңгейлері негізінде әдістемелік жұмыс тақырыптарын анықтауға көмектесетін оқу үрдісі жағдайын жобалау және диагностикасы;

  • Қателіктерді қайталандырмау үшін республика, облыс, қала, аудан мектептерінде өз орны бар алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе;

  • Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және мазмұнын таңдауға ерекше шығармашылық көзқарас.


Педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау бағыттары:

  • Әдіснамалық, дүниетану көзқарасы;

  • Ішінара ізденушілік;

  • Дидактикалық;

  • Тәрбиелік;

  • Физиология психологиялық;

  • Этикалық;

  • Техникалық.

Әрбір бағыт белгілі бір ғылымға,мәдениетке, құндылықтарға сүйене отырып, дамығаннан міндетті түрде педагогқа жаңа кәсіби шеберлік деңгейінің өсуіне оңды ықпал ететіні анық.

ӘShape1 дістемелік жұмыс құрылымы

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!