Материалдар / Мектептегі білім беру сапасын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі білім беру сапасын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі білім беру сапасын арттыру үшін ең алдымен мұғалім біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға иесі болуы тиіс. Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс деп ойлаймын. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы


  Мектептегі білім беру сапасын арттыру үшін ең алдымен мұғалім біліктілігі жеткілікті дәрежеде өсіп, кәсіби шеберлік шыңына талпынған тұлға иесі болуы тиіс. Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс деп ойлаймын. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің хас шебері болуы міндетті.

Мұғалімдер теориясы мен практикасын үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп соның бәрін әдіснамалық тұрғыдан игеруі тиіс. Бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаздың моделі де осындай – шәкірттерін білімділік, іскерлік дағдылары өскелең, өмір талабына сай тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай білетін өмірлік көз-қарасы, құндылық қасиеттір бар шығармашыл жеке тұлға.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ең алдымен, мақсат – міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көз-қарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық -  ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Ия, адамның жан дүниесін түсініп ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол -  өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілік пен қарым-қатынас жасауында.

Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыруы болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші. Зерттеуші, технолог, өнер тапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау -  бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. 

Әл – Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтмақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын.


Ақмарал РАХМАНОВА,

Шардара қаласы, Б.Соқпақбаев

атындағы жалпы орта мектептің

тарих пәнінің мұғалімі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!