Материалдар / Мектептегі бір күнім 2 сынып қмж
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектептегі бір күнім 2 сынып қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға студенттерге керек болуы мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
443
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар




Күні: 25.11.2020жыл

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектептегі бір күнім


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 Тыңдалған әннің немесе музыкалық шығарманың көңіл күйін,мазмұнын және көркемдеуіш құралдарын,музыкалық терминдерді қолдана отырып анықтау және салыстыру.

2.1.2.1Екпіні мен ырғағын сақтай отырып,әртүрлі сипатты әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

2.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар;

-оқушылар өздерінің мектептегі бір күні қалай өтетінін талдайды;

- -«Кел,балалар,ойнайық»\өлеңінжазған;Қ.Ыдырысов,әнін жазған;Ә.Еспаев\әнін үйренеді,орындайды;

Оқушылардың көпшілігі;

-оқушылар мұғалім үлестірілген өздерінің мектеп тіршілігіне байланысты суреттерді \сабақ,үзіліс,кітапхана,спортзал\тыңдауға берілген музыкамен салыстырып,сәйкестендіреді,талдайды,нәтежесін ортаға салады және ұсыныстар жасайды;

Кейбір оқушылар;

-«Мектептегі бір күнім»тақырыбына компазиция құрастырады;

-өз жұмыстарын мүмкіндігінше бағалайды.


Құндылықтарды дарыту



Халық,классикалық ,заманауи музыканы тыңдатуға және тәрбиелік мәні зор әндерді орындату арқылы оқушыларға мәдени құндылықтарды дарыту


Бағалау критерийлері


-әннің әуенін таза ,сөздерді анық,мәнерлі орындайды;

-музыкалық,шулы аспаптармен сүйемелдеу ырғағын шығарады;

-өз жұмыстарын таныстыра және бағалай біледі


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Музыканы тыңдай отырып,шығарма сипатын,аспаптардың дыбыс бояуын,музыканың көркемдеуіш құралдарын, динамикалық белгілерді анықтайды.Сәйкес терминдерді қолдана отырып,музыканы талдайды және талқылайды,өз жұмысына түсінік береді және оның іске асуы үшін ұсыныстар енгізеді.

Талқылауға арналған сұрақтар;

...музыка сипаты қандай?

Неге олай ойлайсын...?

...сәтті орындалды?

Пәнаралық байланыс

«Әдебиеттік оқу»,дене шынықтыру,


АКТ қолдану дағдылары


Аудиожазба , таныстырылым.



Бастапқы білім


Алдыңғы бөлімде алған білімдері


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме?!, қалдарын қалай?

  • Амандасу

 Орнымыздан тұрамыз, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Жоғары қолды созамыз.

Аяқтың ұшында тұрамыз.

Бір отырып, біртұрып

Біз тынығып аламыз

Алдыңғы сабақпен байланыс\ноталар ұзақтығы\

\МК,Ұ\1-тапсырма.талдау .

Оқушылармен сабақты келесі сұрақтарды талдаудан бастағаны жөн.

-мектепте бір күнің қалай өтеді?Сен не істейсің?

-Мектептегі күн тәртібің қандай?

-Мектепте қандай қызықты сәттер кездеседі?

-Мектептегі күнің қандай екпінде өтеді?

Сұрақтарға жауап беру,сыныптастарымен талқылау.





Нота

Хрестаматиясы,

Фонохрестоматия

Оқулық


















Сабақтың ортасы






































\Т\ 2-тапсырма.Тыңдау және талдау

Топпен жұмыс.Оқушылар топқа бөлінеді.Әр топқа суреттер беріледі,сол арқылы постер құру.мысалы суреттер тақырыбы;сабақта,үзілісте,кітапханада,спортзалда.

Оқушылар мұғалім ұсынған музыкалық үзінділерді тыңдайды.мысалы :

1. «Балбырауын» Құрманғазы

2. «Ронда» Винизияно

-Әр шығармалардың екпіні қандай?

-шығарманың мазмұнына,көңіл күйіне екпін қалай әсер етеді?

-шығармаларды қайта тыңдай отырып,оқушылар суреттермен сәйкестендіруі қажет.сонан соң әр музыкалық үзінді көркемдік,әсіресе екпін жағынан талданады..әр топ талдау нәтежесін ортаға салып,ұсыныстарын беру қажет.

\МК,У\3-тапсырма.Орындау

-«Кел,балалар,ойнайық»\өлеңін жазған;Қ.Ыдырысов,әні жазған;Ә.Еспаев\әнін үйренеді,орындайды;

Сұрақтар:

-Әнде не туралы айтылады?Түсінігін айтып беру.

-Ән қандай екпінде орындалады?

-Ұрмалы және шулы аспаптарды қолдану,әнге сүйемелдеу жасау

Түсінік.Екпін-музыкада шығарманы орындау кезінде жылдамдықтың белгісі.

екпін

темп

tempo

Се р г і т у с ә т і: Ұрмалы аспаптар арқылы әнді қайталату,

\Т\4-тапсырма.Музыка шығару және таныстырылым.

«Мектептегі бір күнім»-шығармашылық ойын-композиция.

Шарты;Әр топ атына сәйкес музыкалық компаозиция шығарады.до,ми,соль ноталарын,ұрмалы және шулы аспаптарды,өз дауысын қолдану қажет.сабақта тыңдалған үзінділерді топпен қайталап тыңдап,мұғалім берген суреттермен сәйкестендіреді.әр композиция құрылымын талқылайды,ұсынысын айтады.

Оқушылар мына сұрақтарға жауап беру керек:

Композицияда қандай екпін қолданылады?

Композицияда қандай динамика \дауыс күші\кездеседі?

Қандай бөлім сәтті орындалады?

Сәтсіз бөлімдері қайсы?

Композиция қандай көңіл күймен орындалады?

Түсінік.Композиция- бір ой негізінде біріктірілген шығармашылық жұмыс







Ақ бет, фломастерлер




























Аспаптар
















Сабақтың соңы

2 минут




Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?




Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Сөйлеу-речи-speеches




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Тыңдаған музыкаға сүйемелдеужасау барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек реттінде ырғақ үлгілерін ұсына алады .




Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша:ән орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды







Денсаулық сақтау технологиялары




Топ: 31

Пәні: музыка

Машықкердің аты жөні: Кумаргазина Акерке

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!