Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Мектептегі дау дамайды шешу формуласы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шебер сынып «Мектептегі дау дамайды шешу формуласы»
Мақсаты: педагогикалық ортада кездесетін дау дамайды шешуде қолданатын теориялық және практикалық тәжірибені алу, педагогтің коммуникативті және әлеуметтік психологиялық құзырлығын көтеру
Міндеті:
-
шебер сыныпқа қатысушыларды тәрбиелеу технологиясымен таныстыру
-
Дау дамайдың теориясымен ,шығу себептері мен педагогикалық дау дамайлар туралы ақпараттандыру
-
Дау дамайдан шығу жолдары туралы ақпарат беру
Өткізілу уақыты орны: 3 топқа бөлу, 40 мин.
Керек құрал жабдықтар : проектор, интерактивті тақта, карточкалар.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сәлемдесу . Әр түрлі елдер
қалай амандасады.Жаттығу орындату.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде
сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен
қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Назарларыңызға әлемдегі
ең қызықты сәлемдесу рәсімдерін ұсынамыз.
Жапония. Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктерге байланысты әрқилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады. «Мано» — қол, «по» — құрмет деген мағына береді.
Кения. Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды
3.Жаттығу “Даттық бокс”. Ежелде Данияда өте қатыгез адамдар тайпасы мекендеген.Сол тайпаның ер адамдары өте зұлым және жиі қанды қырғын дар ұйымдастырған.Сол елдың данышпаны ерлер бірі бірін өлітріп тастайды деп ,оларға қансыз дау дамайды шешуды ұсынған.Сол кезден бастап даттық бокс деп атап кеткен екен..
Жүргізуші : Қазіргі өмірде біз әр түрлі мінезді адамдармен қарым -қатынас жасауға тиіспіз,бір жағынан адамдар бір-біріне жақындаса түседі бір жағынан әркім өз өзімен қалғанды қалайды. Адамның әр түрлі пікірлері мен көзқарастары,алған тәрбиесі мен туа біткен мінезі түрлі қарама қайшылқтар пайда болады. Өмірдегі дау дамайлар бұл бір қарағанды күнделікті қарым-қатынастан пайда болатын негативті эмоциялар қайшылықтар жиынтығы.
Теориялық
бөлім. “Конфликт” сөзі
(conflictus) латын тілінен енген, тікелей мағынасы – дау-дамай
(қақтығыс). Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам
болған соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. Бір
мәселеге екі адам екі жақты қарайды.
Дау-дамай дегеніміз – қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың
қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің, құндылықтардың
қақтығысы.
Басқа сөзбен айтқанда, дау-дамай – екі не одан да көп индивидтің
немесе топтың қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне,
қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасау немесе оның
көзқарасын, әлеуметтік үстанымын өзгерту процесі.
Дау-дамайды тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап
болатын адамдар мәселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі
келеді. Осы жерде “дау-дамайды шешудің жолдары қандай?” деген сауал
пайда болады. Әр адам өзінің өмірлік жинаған тәжірибесіне ,
пайымдауына байланысты кездесіп жатқан конфликтіні өз көзқарасы
тұрғысынан шешеді.
Дау-дамай, бір-бірімен ренжісу әрбір адамның өзіндік кісілігін,
тап-тілегін өзгелердің мойындауын, онымен санасуын талап етуінен
туады. Осы бағытта әрбір адам өзінің басқа адамдар алдындағы
мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге бойындағы күш-қуаты мен
қабілетін көрсеткісі келеді.
Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынастан бір-бірінің
кем-кетігімен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бетіне айту, бөтен
адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен ренішін
тудырады.
Дау-дамай субьектісіне оған қатысушы индивид, топ не ұйым
жатқызылады. Дау-дамай затына нақты материалдық және рухани қорлар,
қанағаттандырылмаған қажеттіліктер, тілектер, өзара әрекеттесу
субъектілерінің қызығушылықтары жатады. Яғни, ол дау-дамайдың не
үшін пайда болғанын көрсетеді.
Дау дамайдың негізгі функциялары:
-
Психологиялық қысымнан арылу эмоцияларды шығар көбінесе жағымсыз эмоциялар
-
Коммуникативті ақпараттық функция – қақтығысқа қатысушылар өздерінің қарама қайшы жақтарын ескере алады,
-
шоғырландырушы дау дамай шешілген сәтте адамдар бір бірін басқадай қабылдайды қарым қатынаста жаңа мүмкіндіктер пайда болады
Барлық дау дамайлар фукциясында екі бөлінбес жақтары болады( оңтайлы конструктивті) ,деструктивті
3. Дау дамайдағы іс әрекет стилі
Конфликтологядан алынған
қарапайым мысал: Бір апельсин бір сәтте екі адамның көзіне түседі.
Екі адам да апельсинді алғысы келеді.не істеу керек .
1) апельсинді бөліп алуға болады. Бұл компромисс стратегиясы, бұл
жағдайда әр адамға жарты апельсин тиесілі,демек бұл жартылай ғана
қанағаттану. Қызық дерек, әр адам апельсинның жартысын алса да
,өзіне тиген жарты апельсин кішірек сияқты болады,басқа адамға
көбісі кетіп қалған сияқты болып көрінеді.
Ұран :Әр қайсымыз бір нарсеге қол жеткізу үшін ,бір нарседен бас тартуымыз керек“
2) бір нарсеге ие болу үшін күш те, әлеуметтік статус,жас ерекшелік те әсер ете алады
менің алдыма қойған мақсаттарым маңыздырақ, басқалары өз мәселерн өздері шешсін.
Ұран: “мен жетістікке жету үшін ,сенің жеңілуың керек.
3) Апельсинды лақтырып жіберуге болады,басқа біреуге беру сияқты,жалпы біз мәдениетті адамдармыз апельсин үшін ұрыспайақ қояйық, бұл дау дамайдан қашу стратегиясы, нысан жоқ қақтығыс жоқ,жеке мақсат жоқ, мәселе жоқ.
Ұран: “Маған бәрібір сен жеңесің бе, женбейсің бе ,мен бұған қатыспайм.
4) дау дамайға қатысушының біреуі өз еркімен жолын беру, маған қарағанда саған керек сияқты.Бұл қалыптасу стратегиясы. Өз мақсатынан біреу үшін бас тарту.
Жаттығу “Тар көпірде
кездесу” сіздер қарама қарсы өте тар көпірде келе жатсыз.Тұра
ортасында кезіктіңіз,суға құлап кетпейтіндей ары қарай
өту.
Қатысушыларға сұрақ: жаттығуды орындауда қандай сезімде болдыңыздар? Не кедергі болды,орындауға не ықпалын тигізді? Қандай амалдар басқадай бар?
Теориялық бөлім.
Оқушылар арасында кездесетін дау дамайларды қалай шешуге болады?
Алдымен дау дамайға себепші ретінде не болғанын анықтау. Көбінісе жасөспірімдер арасында дау дамайға себепші болатын:
-
өзін көшбасшы ретінде қабылдау;
-
ар намысқа қол сұғу
-
көзқарастарда қарама қайшылық
-
мінез құлық сыйымдылығы қара қайшылық
Дау дамай формуласы:
Конфликтті жағдай + конфликт себебі = дау дамай.
Дау дамайлы жағдай-бұл мәселе,оның себебімен.
Конфликтоген – сөздер,іс әрекеттер
Дау дамайды шешу-бұл:
– дау дамайға талдау
жасау
– дау дамай жағдайын
жою.
Топпен жұмыс.
Сіздерге дау дамайлы жағдайға талдау жасау ұсынылып отыр,дұрыс шешім шығару,өз таңдауыңызды дәлелдеу.
1 топ тапсырмасы
Айнур бақылау жұмысына ұзақ және жақсы дайындалды,Сауле дайындалған жоқ.екеуіне де бір нұсқа түстісауле Айнурдан көшіруге сұрап отыр,айнур бергісі келмейді себебі ол ұзақ дайындалды.
Дау дамайдың түрін анықтаңыз, Айнурға қалай дұрыс істеуге болады?
ІІ топқа тапсырма
7 сынып оқушысы мұғалімге дөрекі сөйледі,мұғалім ескерту жасады, оқушы тағы осындай стильде жауап қайтарды.Мұғалім не айтарын білмей сені милицияға апарам деді. Оқушы: ал апарсаңыз ,не болады?-деп айғай салды.Мұғалім: не болушы еді, түрмеге отырғызады –деді.
– дау дамай типін анықтаңыз.
– қандай педагогикалық қате жіберілді?
– Осы дау дамайды қалай шешуге болатын
еді?
ІІІ топқа тапсырма.
Бастауыш сыныпта оқитын оқушының ата анасы өзінің қызы ағылшын пәнінен «3»ке емес «4» алуы тиіс деп -пән мұғаліміне емес, бірден оқу ісінің меңгерушісіне барды, пән мұғалімі бірден өзіне жолықпай завучқа барағны үшін түсінік беруден бас тартты.
– дау дамай типін анықтаңыз
– Осы дау дамайды қалай шешуге болатын еді
Жаттығу “Синквейн дау дамай”.
Тақпақ ретінде өлең шығару синквейн «дау дамай»
1- – зат есім
2- – 2 сын есім
3- – 3 етістік
4- – 2 бастауыш пен 2 баяндауыш
5- –1 зат есім .