Материалдар / Мектептегі өзгерісті басқарудың үш фазалық үдерісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі өзгерісті басқарудың үш фазалық үдерісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары мен мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
443
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















Мектептегі өзгерісті басқарудың үш фазалық үдерісі



























ӨЗГЕРІСТІ БАСҚАРУ

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары мен мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және екіншісі:

«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?».

Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын мектептерге енгізудегі басты мақсат – ұлттық құндылықтар негізінде үздік халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, мектепте көшбасшылық туралы білім мен түсінікті қалыптастырып, іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу арқылы табысты мектепке жету болып табылады. Осыған орай, ұсынылып отырған көмекші құралда өзгерісті басқарудың үш фазалық кезеңдері бойынша іс-әрекеттегі зерттеудің аутентикалық (түпнұсқалық) деректері ұсынылған.


ӨЗГЕРІСТІ БАСҚАРУДЫҢ 3 ФАЗАЛЫҚ ҮДЕРІСІ



Shape1 Shape2 Shape3 1-фаза 2-фаза 3-фаза

ӨЗГЕРІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ


ағымдағы жағдай

ӨЗГЕРІСТІ БАСҚАРУ


өтпелі

ӨЗГЕРІСТІ КҮШЕЙТУ


болашақ



ADKAR үдерісі өзгерістердің бірінші деңгейі немесе жеке деңгейі.

Өзгеріске дайындық

Өзгерісті жобалауға және жоспарлауға өзгеріс енгізуші топтар құрылады.

Бұл фазада мынандай сұрақтарға жауаптар алынады:

  • Өзгеріс не үшін керек?

  • Ол кімдерге немесе нелерге қатысты?

  • Ойдағыны жүзеге асыру үшін кімдерді тарта аламыз?

ADKAR аббревиатурасы қызметкерлердің трансформациялануына байланысты қолданылады. Ол адамдардың көзқарастары мен әрекеттерінің өзгеру кезеңдерін сипаттайды.

Өзгерісті басқаруды визуалдандыру арқылы жылдам түсінуге ADKAR моделі өте тиімді. Сондай-ақ ADKAR моделі өзгерістер үдерісінің тиімділігін бағалауға көмектеседі. Жеке прогресті бақылау, бос орындарды анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша басшылар ыңғайлы және пайдалы құралға ие бола алады. Модельдің әрбір бөлігі жетекшіге белгілі бір рөл береді. ADKAR моделін қолдану арқылы басшы қызметкерлердің дамуындағы олқылықтарды дер кезінде танып, қажетті ақпаратты ұсына отырып, олармен қажеттіліктеріне қарай жұмыс жасай алады.


1-сурет. Адамдардардың көзқарастары мен әрекеттерінің өзгеру кезеңдері


Адам қажеттілікті ұғынған кезде ойы өзгере бастайды, бұл табысты өзгеріске алғашқы қадам болып табылады. Қажеттілікті талдау барысында өзгерудің маңыздылығы мен қажеттілігі айқындала бастайды. Қажеттіліктің себебін анықтау үшін жетіспей тұрған білімді алу қажеттілігі туындайды. Бұл кезеңнен соң ол білімді қолдануға дағдыны дамыту қажеттілігінен, жасап көру, бағалау орын алады. Адам жаңа нәрсені жасап үйренгеннен кейін, бұрынғы дағдысына қайта оралуды ойлайды. Міне, сондықтан жаңа білімді бекітіп, дағдыға айналдыру қажет.

Өзгерісті басқарудың екінші деңгейі

Өзгерісті басқару айқындалған идеяларды жүзеге асыру арқылы іске асады. Ұсынылған үш фаза басшының талпынысын сындарлы саясатқа бағыттайды.

Өзгерістерді басқару

Бұл кезеңде басқару жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруды басқарумен байланысты жүзеге асады. Осы мақсатта табысқа жету үшін өзгерісті басқарудың тиімді тәсілдері іске қосылады. Бірінші фазада айқындалған қажеттіліктерге бағытталған стратегиялық жоспар жасалады.

  • Байланыс жоспары – өзгеріске тартылған қызметкерлерді уақытылы хабардар ету;

  • Демеушілік және жол картасы ұжымның көшбасшылары өзгерістерді енгізуге белсенді қолдау көрсетеді;

  • Коучинг жоспары қызметкерлерді өзгергісі келгендері үшін қолдау;

  • Оқу жоспары қажетті білімдерді қалыптастыру;

  • Өзгеріске қарсы тұруды басқару жоспары уәждеу және жою;

  • Байланыс жоспары өзгеріске тартылған қызметкерлерді уақтылы хабардар ету;

    • Демеушілік және жол картасы ұжымның көшбасшылары өзгерістерді енгізуге белсенді қолдау көрсетеді.

Өзгерісті басқарудың екінші деңгейінде табысқа жетудің тиімді идеяларын айқындап, төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады. Шаралар

«Оқушы, ата-ана, мұғалім» деген үштіктің қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Оқушылар үшін «Ғылыми бейсенбілік»; «100 ән», «100 кітап» сияқты танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ата-аналар үшін

«Ата-аналар академиясы» құрылып, жаңартылған білім мазмұны бойынша құндылықтар мен басымдықтарды насихаттайтын «Ата-анамен бетпе-бет» және отбасылық клуб, спорттық жарыстарды бірлесіп өткізу жұмыстары жандандырылады. Мұғалімдер үшін Назарбаев Зияткерлік мектебі, Педагогикалық шеберлік орталығы және Халықаралық мектеп сияқты ұйымдардың тренерлері мен оқытушыларынан кеңес алу, тәжірибе алмасу мақсатындағы барлығы 7 жобаішілік кездесулер өткізіледі. Әсіресе, сабақты зерттеу бағытындағы, қалыптастырушы бағалауға қатысты, кураторлық кездесу, «Шаңырақ» оқушылар қоғамдастығының жұмысындағы жаңашылдық, жас мамандарға арналған «4-7-20» тьюторлық орталығы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Оқушы үні», «Ата-ана үні» және

«Мұғалім үні» арқылы мектептің даму бағытын реттеп отыру да өз нәтижесін береді.


Ұйымдағы өзгерісті басқару үшінші деңгей болып табылады. Өзгеріс қарқынын күшейту

Өзгерісті уақыт өте келе ұстап тұру мақсатында:

  • өзгерістің табысын бағалау және жеңістерді тойлау;

  • қарсы тұрудың басты себебін жою;

  • күнделікті мәселелерге өзгеріс енгізіп отыру жұмыстары басты назарға алынады.

Өзгеріске жылдам қарқын мен тұрақтылық тән және олар қатар жүріп отырады. Өзгерісті табысты басқару үшін мекеме өз мүмкіндіктерін өсіру керек. Бұл дегеніміз:

  • өзгерістерді басқару ұсыныстар мен жобаларға қалыпты жағдай;

  • өзгерістерді басқару тәсілдері барлық мекемелерде үнемі қолданылады;

  • қызметкерлер иерархиясының әр сатысында өзгеріс енгізудегі рөлін біледі және орындайды.

Ұсынылып отырған үш фазалық модель Курт Левиннің: «…алдымен бірінші кезеңінде ұйымды ерітіп, содан кейін өзгертіп, ең соңында қатыратын» классикалық тәсілінің жүзеге асырылуы болып табылады. Аталмыш модель ұйымды «Қалай бар» – «Қалай болу керек» – «Нені жасау өте қажет» қағидатымен жобалауға болатын машина іспеттес қарастырады.

Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін мектепке енгізу арқылы табысты мектепке жету үшін мектебімізде «Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея» айқындалып, іске асырылды.

Бұл идеяларды жүзеге асырудағы басты мақсат: Ұлттық құндылықтар негізінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірбиелеріне сүйене отырып, мектепте көшбасшылық туралы білім мен түсінік қалыптастыру арқылы табысты мектепке жету.

Күтілетін нәтиже:

  • Білім беруді басқарудағы көшбасшылық арқылы ұжымда ортақ ұстаным мен құндылық қалыптасады, бір мүддеге бағытталған жұмыс жасау мәдениеті орнайды.

  • Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік тәжірибелерінен тиімді идеялар жинақталып, қазақстандық мәнмәтінде мектеп ерекшелігі мен қажеттіліктеріне сай сараланып 5 үздік идея таңдалады;

  • Идеяларды жүзеге асыру жоспары құрылып, іске асырылады;

  • Мектепішілік кәсіби қоғамдастық арқылы мұғалімдердің үздіксіз оқу ортасы қалыптасады;

  • Командалық жұмыс жасау мәдениеті орнайды;

  • Іс-әрекеттегі зерттеу; Lesson Study тәсілдері арқылы оқу мен оқытудың үздік тәжірибелері анықталады, жинақталады, таратылады, мұғалімдердің кәсіби деңгейі үздіксіз артып отырады;

    • Лицей кезең-кезеңімен 5 жылда Қазақстандағы «Ең үздік 30 мектептің» қатарына енеді.

    • SIS халықаралық аккредитация стандарттарына сәйкес мектеп мәдениеті қалыптасады.

Жобаны іске асыру механизмдері:

  • Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі;

  • Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы;

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы;

  • Педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылық бағдарламасы;

  • Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасы;

  • Тиімді оқу мен оқыту бағдарламасы.


4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!