Мектептегі психологиялық қызмет жүйесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі психологиялық қызмет жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі психологиялық қызмет жөнінде мағлұмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептегі психологиялық қызмет жұмысы



Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы кең. Мұғалімдер, оқушылар, ата- аналармен жұмыстарды қамти отырып, психологиялық қызмет оқу- тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – оқушылардың толыққанды жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасау.

Негізгі міндеттері оқушылардың оқу және тәрбие үрдісінде кездесетін нақты психологиялық мәселелерін шешу.

Мектеп психологы жұмысының негізі - әр баламен жеке жұмыс жасау, баланың мүмкіндігін, мүддесін, қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, и баланың дамуындағы қиындықтар мен оларды жеңу жолдарын анықтау .

Психологиялық қызметтің ең негізгі шарты- әр жас кезеңіндегі оқушылардың оқу - тәрбие үрдісінде жеке ерекшеліктерін дамыту, мектепте балалардың дамуына қолайлы қарым- қатынас жаау.

Мектептің психологиялық қызмет жұмысын тікелей педагог- психолог атқарады.

Мектеп психологының жұмысы мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  • Диагностикалық жұмыс

  • Түзету- дамытушылық жұмыс

  • Ағарту жұмысы

  • Кеңес беру жұмысы

  • Әлеуметтік- диспетчерлік бағыттағы жұмыстар



Мектеп психологы- бұл психолог- кеңесші, ол жеке мәселелер бойынша кеңестер беріп, жеке және қоғамдық мәселелерді шешуге көмектесе отырып, кез- келген жастағы оқушылармен де, оқытушылармен де жұмыс жасайды.

Психолог мамандығының ерекшелігі- үнемі балалармен қарым- қатынаста болады.

Психолог жұмысы адамдармен жұмыс жасауды талап етеді, сондықтан оларды тыңдап, айтқандарын тыңдай білу , өз ойын тұжырымдай білу маңызды.

Шыдамдылық таныту, физикалық және психологиялық артық жүктемедлерге төзімділік көрсету қабілетінің болуы, еңбек сүйгіштігі, білімділігі , жауапкершілінің болуы, әзіл- қалжыңды түсіне білуі сияқты қасиеттерінің болуы маңызды.

Мектеп психологы ең алдымен , оқушылар үшін жағдай туғыза отырып, олардың психикалық денсаулығының қамын ойлайды.

Сонымен қатар психологиялық көмекке зәру адамдарды анықтау үшін психологиялық- педагогикалық зерттеу жүргізіп, оларды есепке алып, бақылауда ұстайды. Ары қарай психологиядлық көмек көрсетеді.

Оқушылар, ата- аналар және мұғалімдер арасында ағартушылық жұмыс жүргізеді. Оқушылардың жеке және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын жасауға қатысады.

Шығармашылық жағынан дарынды балаларды психологиялық қолдау, олардың өсуіне ықпал жасау, жеке психологиялық мәдениетін қалыптастыру, барлық ықтимал дауларды шешу- осы саладағы маманның кәсіби міндеті.

Мектептегі психологиялық қызмет әр оқушының жеке қабілетін анықтауға, оған дұрыс бағыт- бағдар беруіне бағытталған. Ұстаз –мектептегі білім мен тәрбиеге бас аназар аударса, ал психолог бала жанының емшісі, қолдаушысы, көмекшісі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2021
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі