Материалдар / Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары

Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп психологының мектептегі маңызды рөлі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары


Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты.

Қазақстанның өркениетке ұмтылып бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінің басты тетігі – білім екендігі анық. Ел басымыздың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша «қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында «білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігінің қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деуі соған толық дәлел бола алады.

Сонау кеңес дәуірінде пайда болған мектеп психологының бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы сан саналы. Бүгінде психологияның енбеген саласы кемде кем. Өзіміз көріп, тыңдап жүрген жастар, тәрбие, ата-ана, отбасы, мектеп, қарым-қатынас, неке, саясат, идеология т.б. проблемаға байланысты берілген теледидар хабарларында психологтың жиі араласатынын көріп жүрміз. Бұның барлығы психологтың бүгінгі қоғамда алатын рөлін ерекше сипаттайды.

Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай-ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден-бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын мектеп психологтары. Бұның өзі мектеп психологының жұмысы бүгінгі таңда мектепке, балаға, мұғалімге, ата-аналар үшін қажет екендігінің дәлелі.

12 жылдық білім алуға көшу, мектептердің соған дайындығы, жалпы бұқара халықтың 12 жылдық білімге психологиясын өзгерту т.б. проблемалар бүгінде психолог жұмысының бір түрі.

Мектептің педагогикалық ұжымы психологтермен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата-анамен, ұстаздармен қарым-қатынасын, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін емес.

Психолог баланың жас ерекшелігіне байланысты:

психодиагностикалық

—  психопрофилактикалық

—  психокоррекциялық

—  психологиялық ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Аталмыш жұмыстардың мазмұны, оның түрі, формасы балаға оның оқу-тәрбиесіне, жеке басының қалыптасуына, әлеуметтік ортасына және мектептің проблемасына байланысты.

Мектептің іс-тәжірибесіне толық перспективті енген, жұмыстардың бірі-психопрофилактикалық жұмыс болса, өзекті деңгейде психокоррекциялық жұмыс болып табылады. Бірақ мектеп психологының психодиагностикалық жұмысы кез-келген деңгейде жүргізілетін жұмыстың түрі.

Қазақстан мектептеріндегі психолог жұмыстарының іс-тәжірибесін оқи отырып, оны талдасақ мектеп психологтары өз іс-әрекетін бірінші, психодиагностикалық жұмыстан бастайды. Неге?

· Біріншіден, қазіргі кезде мектептерде психолог шешетін психологиялық проблемалар санының көп болуы.

· Екіншіден, психодиагностикалық жұмыстың нәтижесіне байланысты психокоррекциялық және баланың жеке басын дамытатын шаралар жүргізілуінде.

· балалардың танымдық үрдістері олардың жас ерекшелігіне сәйкес дайындалмауы;

· балалардың мектепке психологиялық жағынан дайындықтарының төмендігі.

Мектеп психологы ретінде өз іс-әрекетімде бірінші сынып оқушыларын мектепке алғашқы қабылдау сәтін сынып жетекшісімен бірлесе отырып ұйымдастырған кезде ең басты көңіл бөлетін мәселем балалардың психологиясы, жеке бастарының қалыптасуы, мектепке дейінгі дайындықтары, таным үрдісінің даму деңгейі

Байқау, бақылау, сынау, әңгімелесу әдістерін пайдаланудың нәтижесінде, бастауыш сыныпқа келетін балаларды танымдық деңгейінің дайындығына және олардың жеке басының қалыптасып дамуына қарай үш топқа бөлдік:

1. Оқуды түйсініп, қабылдап, есте сақтап, оқуды әрі қарай алып кететіндер. Яғни танымдық деңгейі жақсы балалар

2. Бірінші аталған топқа қарама қарсы. Яғни танымдық деңгейі нашар дамыған балала

3. Үшінші топтың балалары өзін қоршаған ортадағы заттарды тануға, ажыратуға қабілеті нашар. Яғни танымдық деңгейлері педагогикалық олқылықтың салдарынан дұрыс қалыптасып, дамымағандар.

Оқу үрдісінде балалар үшін барлық пән маңызды. Дегенмен балалардың ақыл-ойының дамуына бірден ықпал ететін «математика» пәні болғандықтан, зерттеуге алынған балаларға арналған сауалнамалар, тестік тапсырмалар, психологиялық ойындардың мазмұндары математикалық ұғымдармен, түсініктермен байланысты.

Балалардың танымдық деңгейін көтеру мақсатындағы тренингтер:

1) Санай білуге арналған «Баспалдақпен көтерілу» тренингі.

2) Ойлауды дамытуға арналған «Екі қолдың ортасындағы математикалық белгіні ажырату» тренингі

3) Бала ойлауын дамытуға арналған «Аңдарды үйшіктеріне орналастыру» тренингі

4) Зейінді қалыптастыруға арналған «Назар» тренингі

5) Зейінді дамытуға арналған «Тұрақтылық» тренингі

Жаттығудың басында балалар қайта-қайта шатасты. Балалар суреттегі жазуды оқуға көңіл бөлмеді, әрі біздің көрсеткен тапсырмамызды көпшілігі орындай алмады.

Балалардың жаттығу барысында ойынды орындай алмау себебі оларды ременеценциялық (кешігіп еске түсіру) құбылыс басымырақ болды және ол бұл жасқа тән.

Жаттығу бірнеше рет қайталанғаннан кейін ғана балалар тренингтің алдына қойған мақсатты орындауға жаттықты.

Бұл тренингтің практикалық маңыздылығы сонда балалардың затқа деген түсінігін қалыптастырып қана қойған жоқпыз, балалардың заттарды дұрыс қабылдап, ойлай білуіне де көңіл бөлінді.

Мектеп психологының түрлі бағыттағы жұмыстары балалар психологиясынан, мұғалім және ана-аналар проблемаларынан туындайды.

Мектептегі ұжым, ата-ана, оқушымен жұмыс жүргізетін педагог-психологқа қойылатын моральдық-этикалық талаптар:

1.   Қандай жағдайда болмасын психодиагностикалық жұмыстың қорытындысы балаға т.б.  кері әсерін тигізбеу керек:

2.   Балаларды диагностикалау арнайы жағдайда болмаса, ол ата-анасының балалардың келісімімен жүргізіледі;

3.   Ата-ана, балалардың тәрбиелеушісі – зерттеу жұмысының деректерімен танысуға құқылы.

4.   Психологиялық кеңес жұмысының т.б. сыры құпия сақталу керектігін естен шығармау.

Психологтың кәсіби этикасының маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызамы. Кәсіби абырой – бұл психологтың өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын педагогикалық ұжымның және ата-аналардың түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі – бұл психологтың істері мен әрекеттерінің қозғаушы күші.

Мектеп психологтарының барлығы – абыройдың адамдары. Бұл қасиет өз міндетін, борышын дұрыс орындағанда көрінеді. Психологтың басқа кәсіптен ерекшелігі сол қандай психологиялық жағдайда болмасын қайраттылықты, ұстанымдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Психолог өз кәсіби абыройын ұжым абыройынан бөлуге тиіс.

Психолог абыройы мен ұжым абыройының байланысуы екі жаққа да мақтаныш сезімін туғызады. Абырой психологтың сөзінен, білімінен, жүріс-тұрысынан, жұмысты нәтижелі орындауынан, шеберлігінен, сөзінің, ісінің тұрақтылығынан т.б. жағдайлардан туады. Психолог абыройы барлық кезде қайырымдылықтан туындайды. Балаға, адамға жасаған қайырымдылығыңыз пайдаға негізделмеу керек екенін кезкелген саналы маман білуі керек.

Психолог жұмысында іс әрекеттің қай түрі болмасын оның барлығы жетекші әрекеттер болып есептелінеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ