Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектептегі шетел тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын кеңейту.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектептегі шетел тілі сабақтарында оқушылардың сөздік
қорын кеңейту.
Қуанышбек Диана Бақытжанқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты.
Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 4 курс студенті
Аннотация: в предлагаемой статье
представлено расширение словарного запаса и развитие эффективных
методов и приемов в процессе обучения английскому языку. Я
остановился на значении расширения словарного запаса на уроках
иностранного языка и его особенностях, методах эффективного
проведения работы по развитию речи. При расширении словарного
запаса учащихся, в том числе на иностранном языке, дается
разъяснение технологии диалогического обучения. В средних школах и
высших учебных заведениях при расширении словарного запаса
иностранного языка затрагиваются следующие вопросы: а) обучение
чтению; б) обучение письму; в) формирование стиля
речи.
Ключевые слова: Многоязычие, язык, знание, метод,трехязычие
Annotation: The proposed article proposes to expand the vocabulary and develop effective methods in teaching English. I focused on the importance of expanding the vocabulary in foreign language lessons and its features, methods of effective language development. Explains the technology of dialogical learning in the process of expanding the vocabulary of the language, including students in a foreign language. In the process of expanding the vocabulary of a foreign language in secondary schools and universities, the following issues should be addressed: a) teaching to read; b) writing practice; b) issues of speech formation.
Keywords:Multilingualism, language, knowledge,method,teilingualism
Мектептерде шетел тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын көбейту.
Мектептерде шетел тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу, сөздік қорын көбейту.Әрбір сабақта жаңа тақырыпта жаңа сөздермен оқушыларды таныстыру,талқылау жүргізу керек.Сол жаңа сөздер арқылы сөйлем құрып үйрету қажет,сонда сөздік қорын кеңейте аламыз.Ағылшын тілі сабағында диалогтік окытуды колдану манызды рөл атқарады . Себебі , Сұрақтар мен сауалдардың сапасына көп көңіл бөлiп , диалогті дамыту тәсілдерiн өзге тілге үйретуде оқушыларды тілдік қарым - қатынасқа тартқымыз келсе , біз ең алдымен оқушылардың өздерiнiн оқуларына барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ететін дәрежеге дейін зерделеуіміз қажет . Оқушылардың сөздік қорын көбейтуде диалогтық оқыту ды қолдана аламыз.Мен тәжiрибе кезiнде әр сабағымда белсенді окыту әдістері аркылы диалогтік окытуды колданып отырдым . Мысалы , ролдік ойындар , жұптық ойын , сухбаттасу , постер коргау т.б. Бұл әдістер арқылы топтагы барлык оқушылар әрекетке жұмылдырылып , ұжымда жұмыс жасауға уйреніп , тілдесу қарым - қатынасын орнатты . Алгашкы сабағымда « Джигсо » әдісі арқылы оқушылар мәтiндi өздерi аударып , өздеріне менгерттім . Постер жасап , оны корғаған уакытта диалогке катысушы студенттердің іс - әрекетін сырттай бакылап тұрдым . Сөйлеушініп әрбір сөзін мәнерлеп түсінікті етіп сөйлеуі , дұрыс сұрақ қоя бiлуi , ал тындаушы топтып сөйлеушіні мұқият тыңдауы , шыдамдылык таныту сиякты касиеттерiнiн ашылуы осы әдiсте калай көрiнедi деген ойда болдым . Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет.Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер,ахуалдық – тақырыптық негізінде сөз іріктеледі.Сөздік жұмысын ұйымдастыру – оқушының лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білу, оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы керек.Мысалы: оқы , оқып отыр, оқыған, оқиды т.б мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр.
Оқушының сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынандай мақсаттар қойылады:
1)Әрбір сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру,яғни оқушының сөздік қорын дамыту.
2)Оқушыны сөзді тыңдауға жаттықтыру.
3)Оқушы меңгерген сөздермен сөз тіркесін, екі-үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті.Бұл сөйлеуге,сқйлесуге үйрету үшін қажет.
4)Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру.
5)Оқушыға қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек.
Жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану аясында жекелеген оқушылар өздерiнiң бiлiм деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетіп , қай істе болмасын топ жарып шығып отырса кейбір оқушылардан топ алдында еркін сөйлеуге қысылатынын байқадым . Студенттердiн бір - біріне көзқарастарын өзгерту , сыйластық , достық қарым - қатынас жасау , еркін сөйлеуге үйрету , ұялшақтық , жасқаншақтық сияқты сезімдерін жою бағытында одан кейінгі сабақтарымда жұмыс жасауым керек түсіндім . Ол үшін сабактарымда оқушылардың бір - бірімен амандасу , жақсы тілектер айту сиякты көңіл - күй тренингтерін өткiзуден бастап отыруды жөн көрдім .Және де сабаө барысында жаңа сөздермен таныстырып отырамын.Келесі сабағымда « Миға шабуыл » , « Ыстық орындық ""Өкiл " сиякты әдiстердi жоспарыма енгiздiм . Максатым топта еркіндік атмосферасын орнату арқылы студенттердiн сұрақ қою дағдысын қалыптастыру , сөздік қорларын молайту , сыни ойлауга дағдыландыру , белсенділік көрсете білуге талпындыру болды . Бұл әдістерді қолдану барысында оқушылар бiр - бiрiне сұрақ қоя алды , сұрақ қойып қана қоймай айтқандарын дәлелдеуге тырысты , осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінді . Үшiншi " Present Continuous " грамматикалық тақырыбында " Who is it ? " ойыны арқылы жұптық жұмыс жүргіздім . Көзі жұмулы оқушы өзінің жұбының кім екендiгiн табу үшін нақ осы шақты пайдалана отырып , жұбы « иә » немесе « жок » деп жауап беретіндей ашық сұрақтар қойды . Бұл әдісте студенттердің сұрак кою дағдысы қалыптасса , екінші жағынан жаңа тақырыпты пайдаланып сөйлем курау арқылы нақ осы шакты сөйлемде дұрыс қолдана алуга үйренді .Үшінші жағынан жаңа сөздерменде танысып талдау жасалады. Соңғы сабағымда « Қос шеңбер » , ашық сұрақтар , « Жарнама » сауда орталықтары ” деген әдістерін қолдандым . Екі топка " Қазақстандагы сауда орталықтары " және " Британиядагы тақырыпқа жарнама жасауды тапсырдым . Оқушылар Қазакстандағы және Британиядағы сауда орталықтары туралы постерге түсіріп , ақылга қонымды мәліметтер ұсынып , суреттерін көрсетіп дәлелдеме жасау арқылы қызықты жарнама жасады . Сонымен қатар бұл тақырып арқылы сөздік қорларын кеңейте аламыз.Бұл әдісте әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болды. Ағылшын тілі сабағында сөздік қорын кеңейту үшін ойындарда,топтық жұмыстар арқылы да, және жаңа ақпараттық технологиялардыңда пайдасы зор. Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту көбірек кажет болгандыктан , барлық сабақтарымда осы тәсiлдi колдандым десем болады . Оқытудың бұл тәсiлiнде оқушыларға өмірлік дағдыларды меңгерту , үнемi оқушылардың өміріне қатысты , ағылшын тілінде тақырыпқа байланысты әрқилы жағдаяттарды койып , оқушыларға өз бетімен шешуге ұсынуы , олардың тәуелсіз шешім қабылдауларына , өз ойларын ашық жеткiзуiне , ұсыныс пікірлерін ортаға еркін салуына және де жаңа сөздерді дұрыс пайдалану арқылы пайдасы зор. Мерсер мен Литлон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардын қызығушылығын арттырумен қатар олардың бiлiм деңгейiнiн өсуiне үлес қосатындыгын атап көрсеткеніндей , өз сабақтарымда « оқытушы – оқушы » , « оқушы - оқушы » арасындағы диалог пен әнгімелесу кызықты , шығармашылықпен өткенiн тәжірибе жүзiнде байкадым . Мен қолданған диалогтік оқыту әдістері оқушылардың диалогке түсу арқылы өзіне деген сенімділігін арттыра бiлгенiн және оқушылар жаңа сөздерді бір бірімен талтау,танысу арқылы тәжiрибеде өткiзген тізбектелген сабақтарымнан байкадым . Сабакқа араласпай отыратын оқушылар ұялшактық , жасқаншақтыктан арылып , өз ойын еркін айта бастады . Диалогке түсу аркылы оқушылар жоғары деңгейлi сұрактарды қоя білуге , дұрыс жауап бере білуге үйрене бастады , олардын сабакқа деген құлшыныстары артты . Әдістің тиiмдiлiгiн оқушыларға сұхбат жүргізу арқылы олардың пікірлерінен білдім . Оқытудың жаңа тәсілдерін пайдаланып сабакты өтпес бұрын оқушылардан сабакқа дейін сұхбат жүргізіп алдым . Оқушылардан: « Біз алдағы уақытта жаңа сабақты меңгеруде бiздiн қызығушылығымызды тудыратындай қызықты әрі тиімді сабақ көргіміз келеді . Сабақтар біз жалығып кетпейтіндей болса екен , үй тапсырмасын тексергенде ұзақ уакыт есте сақталатындай әдістер күтеміз » деген жауаптарды алдым . Диалогтік оқытуды әр ағылшын тілі пәнінің оқытушылары сабағында қолданатынына сенімдімін. Өйткені , күнделікті сабақта сұрақ қою , әңгімелесу , пікір алмасу,жаңа сөздерді талтау ағылшын тілі неғурлым бiлiм алушы диалогке көбірек түссе , соғурлым оның өзге тілді үйренуі жылдамырақ iске асады деп ойлаймын . Диалогке тусу аркылы сабағымда оқушылар ағылшын тілінде бiр - бiрiмен қарым - қатынас жасай алды , кері байланыс арқылы өз пікірлерін , ұсыныстарын бiлдiрдi . Осынын өзi сабағымда оқытуды пайдалануымнын нәтижелі болғандығын көрсетеді . Диалогті оқыту мұғалімдер де , бiлiм алушылар да бiлiм алуга қомақты үлес қосатын өзара іс - қимылдың шын мәнiндегi тиiмдi түрi болып табылады.
Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі,интерактивтілігі,аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда . Аталған ұстанымдар коммуникативтілік кабiлетiнiн компонентi ретiнде дамытудың алғышартын жасайды . Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушiлер тілдік жаттығуларды жасап , қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі . Яғни , ол төмендегідей көрiнiске ие болады : « сөздiк қор + қажетті құрылым = тіл » . Алайда , тілдік құрылымды жаттаумен шектелу , тiлдi қарым - қатынас кұралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді . Шетел тілінде тілдік қарым - қатынасқа үйрету үшін шынайы , өмірлік жағдаяттар туындату қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1)Мұғалімдерге арналған нұсқаулық . « Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ , 2015
2)Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал « Ағылшын тілін оқыту әдістемесі мектепте , колледжде және ЖОО - да » №2 2016 .
3) «Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік- педагогикалық журнал,
4)«Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал.