Материалдар / Мектептің даму жоспарын іске асыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің даму жоспарын іске асыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп әкімшілігіне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
610
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектептің даму жоспарын іске асыру.

Енсегенова Анар Борсакбаевна

Маңғыстау облысы. Ақтау қаласы. №28 жалпы білім беру орта мектебі КММ директор орынбасары


Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауап ретінде әлемдегі бүкіл елдер өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда[1,1бет].

Қазіргі барлық білім беру ұйымдары осы қағиданы ұстана отырып, өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі қажет деп ойлаймын.

Өзгеріс енгізу - күрделі үдеріс. Бұл үдерісті мектеп тәжірибесі кезінде іске асыру бағытында, алдымен ұжымда бағдарлама аясында түсінік жұмыстары жүргізуден бастадым. Мұндағы ойым ұжым мүшелері қаншалықты өзгеріске құштар, қаншалықты өзгерте алады деген сипатта болды. Әйтсе де, білім саласындағы болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтындықтарын сезе алдым. Соның негізінде ынталы, сабақ үдерісінде өзгерісті қалайтын мұғалімдерден құралған өзгерістер тобының отырысы өткізіліп, құрамы белгіленді.Өзгерістер енгізу тобының құрамы 15 деңгейлік курстан өткен, 10 деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдерден, яғни топ мүшелігіне көшбасшылық қабілеті бар, өздерінің кәсіби дамуын үздіксіз дамытуға ынталы мұғалімдер енді.Себебі, өзгеріс тобына енген мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете алса, дәлел-уәждерін нанымды жеткізе алатын тұлғаны дайындай алады деп ойлаймын.

Осы өзгерістер енгізу тобының мүшелері сыни тұрғыда ойлау теориясын мектеп тәжірибесіне енгізу барысында жеті модульді ықпалдастыру арқылы сабақ үдерісінде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты нәтижелі жоспарлауды, сабақ үдерісінде бағалаудың түрлерін қолдануды қалыптастыру мақсатында семинар, коучингтер жүргізді.

Өткізілген іс-шаралар бойынша: «Кері байланыс арқылы сыни тұрғыда ойлауын дамыту» атты өзгеріс тобы мүшелеріне семинар өткізілді. Мұнда мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыруда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Мұғалімдер өз пәндерінде қалай қолдануға болатындығы туралы мысалдар келтіре отырып, тәжірибеге енгізуді қолдайтындығын,іске асыруға болады деген пікірде болды.

Мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіруде коучингтің маңызы ерекше.Осы тұрғыда мектепте «Кері байланыс арқылы оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамыту», «Lesson study» тәсілін оқыту мен оқу үдерісіне пайдалану, «Мектеп пен ата-ана арасындағы табысты қарым-қатынас» сынып жетекшілерге коучингтер мен 5-сыныптың ата-аналарына «Отбасы-тәрбие бастауы» дөңгелек үстелі өткізілді. Коучингтер барысында мұғалімдер белсенді қатыса отырып, әріптестік өзара қарым-қатынасының нығаюына, одан әрі кәсіби құзіреттіліктерінің дамуына қолдау тапты. Соның ішінде кәсіби дамуын жетілдіруде жас мұғалімдердің орны ерекше болды.

Әйтсе де, берілген тапсырмалардың берілген уақытқа сыймауы және тәжірибелі ұстаздардың немқұрайлы қарауы сияқты сәтсіз тұстарыда болды. Олай болу себебі: тапсырманың күрделі берілуі мен әлі де болса ескі көзқарастағы мұғалімдер санатының болуынан деп есептеймін.Сондықтан да коучингті мақсатқа сай жүйелі түрде жоспарлай алсақ, жаңаша қарқынмен кәсіби дамуға мүмкіндік болатындығын түсіндім. Коучингтер мен дөңгелек үстел барысында коучтар өз рефлексиялық жазбаларында сәтті, сәтсіз тұстарын көрсете алуы сыни ойлау дағдыларының дамуына негіз бола алды. Мысалы:Ата-аналармен жүргізілген жұмыста кейбір ата-аналардың өз жауаптарында шынайылық таныта алуы,серіктестік орнатудың жаңа көзқарастарын көрсете алуы және мұның өзі мұғалімдерге де сенімді орта қалыптастыруға бастама болды деп ойлаймын.

Сыни тұрғыда ойлауға байланысты өткізілген коучинг бойынша мұғалімдер сыни тұрғыда ойлау туралы түсініктерін кеңейте отырып, сабақ үдерісінде қолдануға ынталы екендігін білдірді. Сонымен бірге оқушы білімін әділ бағалауда маңызды екендігін түсінді.Тапсырмаларды орындай отырып, бағалаудың,кері байланыс берудің жолдарын қалыптастыра алды. Әрбір коучингтен соң мұғалімдерден рефлексия алынды.Алынған рефлексиядан проблеманы шешу үшін не жасадық, одан біз не көрдік, демек бұл мынаны білдіреді, сонымен осындай шешімге келдік деген сұрақтарға жауап берді. Осыдан біз мұғалімдеріміздің рефлексия беруге төселгенін көрдік.

Мектептің даму жоспары бойынша тәлімгерлікті жүзеге асыру да маңызды қызмет болып табылады.Мұнда мұғалім алынды. Осы орайда, тәлім алушымен тәжірибе басында сұхбат жүргізілді. Мұнда, тәлім алушының кәсіби қажеттіліктерін анықтай отырып, дамуына бағыт – бағдар беріліп, қолдау көрсетілді. Коучингтерге, іс-әрекетті зерттеу сабақтарына қатыса отырып, өзінің кәсіби тұрғыда дамыта алды. Оны тәжірибемен ұштастыруда 5 «ә» - сыныбында «Классикалық симфония өнері» сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмалар берді. Сабақ соңында оқушылармен «Бес саусақ» кері байланысты орната алуы тәлім алушының  сәтті тұстары болды.Себебі: мұғалімнің жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануы мен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтары мен коучингтеріне қатысып, тәжірибе жинақтай алуы, мәдениетті қарым-қатынас жасай алуы сабақтың сәтті шығуына негіз бола алды деп ойлаймын.Ал, тәжірибесінің жеткіліксіздігінен уақытты ескермеуі; жылдам сөйлеуі сәтсіз тұстары болды. Сабақтан соң өткізілген кәсіби сұхбат барысында сәтсіз тұстарын жүйелеуге ұсыныстар берілді. Сұхбат аясында мұғалімнің жаңа көзқарасының пайда болғандығын және оны болашақта жалғастыра алатынына сенімім нығайды.Тәлімгерлік ете жүріп, өзім де кәсіби дамуымның өсуіне жаңа серпін алдым деп ойлаймын.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде іс - әрекетті зерттеу, Lesson study қызметтері туралы түсінік берілді. Осы бағытта ІІІ деңгей мұғалімі ағылшын тілі пәнінен іс-әрекетті зерттеу бойынша 5-сыныпқа сабақ өткізді. Сабақ кезінде оқушылардың диалог құру арқылы жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруда тапсырмалардың берілуі, оны оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, топтық жұмыстың орындалуы сәтті жақтары болды. Өз рефлексиясында мұғалім «Оқушылар жаңа сабақты өз бетінше меңгере алды ма?»- деген сұраққа «иә» деп нақты жауап бере аламын. Сабақтағы әдіс-тәсілдер күрделі болғанына қарамастан, сабақ соңындағы жылдам- сұрақ, жылдам -жауап әдісі арқылы оқушылардың білімді қаншалықты меңгергенін байқадым деп қорытынды жасайды. Мұның өзі мұғалім мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың болғандығының дәлелі бола алды. Десек те, тапсырманы орындауда уақытқа бағына алмау кедергілері болды.Талдау барысында тиімді әдісті қолдану оқушының өз бетімен білім алуына септігін тигізе алатындығына көзіміз жетті. Өзгеріс тобы мүшелері іс-әрекетті зерттеу бойынша SWOT талдауын жасап, пікірлерін ортаға салды, шынайы кәсіби әңгімелерін өрбіте алды. Шынайылығы сол талдау барысында сәтті, сәтсіз тұстарын айта отырып, тәжірибелерімен алмасты. Сыни сұрақтар қою арқылы сыни ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік алды деп ойлаймын.

Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Осы бағытта өзгеріс тобы 5ә» сыныбында«Lesson Study» өткізуді жоспарлап, пәндерін, зерттеу оқушыларын таңдады. Қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндерінен өткізілді. Әр зерттеу сабағынан соң талдау жүргізіліп, сәтсіз тұстарына баға берілді. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдыру, оқушы пікірімен санасу, тиімді   әдістерді қолдану арқылы сыни оқытудың ВС оқушыларының көшбасшылық қабілеттерінің дамуына, өз ойларын ашық айта алуына септігін тигізе алды деп ойлаймын. Қорыта келе, болашақта «Lesson Study» зерттеу сабағын жүйелі өткізу басты мақсатымның бірі деп есептеймін.

Желілік қоғамдастық барысында мектепте қоғамдастық құрылған.Желілік қоғамдастық бойынша мектепте «Жаңа форматтағы сабақ-заман талабы» атты қалалық семинар өткізілді.Осы семинарда деңгейлік курстан өткен мұғалімдер сабақтар өткізді.Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері қатысып,тәжірибе алмасып,жақсы деген баға берілді. Қоғамдастық қызметінде ақпараттың электронды жүргізілуі, онлайн режиміндегі семинарларға қатысуы,web-сайттарға мақалаларды жариялау жұмыстары жолға қойылған. Десек те жұмысын жандандыру қажет екендігін білдім. Мектептегі тәжірибе кезінде желілік қоғамдастық мүшелері барлық үдерістерді SWOT талдауына салу барысында іс-тәжірибелерімен бөлісе алды. SWOT талдауына салу арқылы әлсіз жақтарымызды жетілдіруге болатындығымызға көзіміз жетті.Осылайша мектептің басымдықтарын жүзеге асыруда алғашқы қадамдар жүзеге асырылды және басымдықтарымызды анықтап берді .

Нәтижесінде ұжым өзгерістің не үшін қажеттігін, өзгерістердің қалай жүзеге асырылатындығын, оқу мен оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің қажеттігін, сабақты жаңаша жоспарлау керектігін, оқушы білімін әділ бағалауда кері байланыстың тиімділігін түсінгендігін «Неге қол жеткіздік және ары қарай не істейміз» дөңгелек үстелінде талқыланып,айтылды. Жасалған жұмысқа рефлексия берілді.себебі, рефлексия жасай алмайтын адам өзінің өзгерісін де байқамайды.Үйрену-рефлексияның нәтижесі.Сондықтан да әрбір іс-әрекеттен кейін міндетті түрде рефлексия жасалды.

Өзгерістер енгізу тобы шынайы, мәдени қарым-қатынас орната отырып, ата- аналар мен басқа мектеп мұғалімдерін желілік қоғамдасдастыққа тарта алды. Мұның өзі мектеп үшін жаңа өзгеріс, жаңа серпін деп санаймын. Алдағы жоспарда - білім жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттілігін әлеуметке түсіндіре отырып, келесі баспалдақтың жұмыс жоспары жасақталып, өзгерісті енгізуді одан әрі жандандыру керек деп ойлаймын.

Сондықтан да болашақта мектеп үдерісінде:

  • Жоспарды қолжетімді, тиімді, іске асатындай етіп жасау;

  • Мұғалім, оқушы, ата-ана қажеттіліктерін анықтау үшін жүйелі жұмыс жүргізу;

  • Іс-әрекетті зерттеу, LS –зерттеу сабақтарын жоспарлы түрде жүйелеп өткізу;

  • Мектепте жұмыс жасайтын барлық мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету;

  • Желілік қоғамдастықтың жұмыстары жүйелі жүргізілу керек.

Сондықтан да өзгерістерді енгізу қазіргі білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби дамуы мен оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді деп ойлаймын.Тәжірибе кезінде жаңа форматтағы сабаққа қызығушылық танытқан оқушыларды,коучингтерден жақсы әсер алған әріптестерімді көріп, өзгеріс енгізгенім өте дұрыс деп шештім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!