Материалдар / «Мемлекет және құқық теориясы негіздері» пәнінен арналған глоссарийлер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекет және құқық теориясы негіздері» пәнінен арналған глоссарийлер

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтану мамандыгы бойынша оқитын білімгерлерге және оқытушыларға негізгі ұғымдармен жұмыс жасауға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
891
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Мемлекет және құқық теориясы негіздері»

пәніне арналған глоссарийлер







Дайындаған :

оқытушы ТойшымановаТ.А


Абайсыздық – кінәнің нысаны, адам қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы әрекет жасағанда, алдын-ала қауіпті нәтиже болатындығын көре біледі, бірақ жеңілдікпен ондай қауіпті нәтиженің болатынын алдын-ала білмейді, істің мән-жайына байланысты ол алдын-ала көре білуге міндетті болатын.

Абсолюттік монархия монархиялық басқару нысандарының түрі. Бір адамның – монархтың шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды.

Автономия мемлекет жерінің бір бөлігінің өзін-өзі билеу нысаны, ішкі мәселесін шешудегі еркіндігімен сипатталады.

Авторитаризм саяси режим түрлерінің бірі, онда саяси билік белгілі адаммен жүзеге асырылады (тап, партия, ерекше топтар т.с.с.) халықтың қатынасы аз болады және оларға қоғамды бюрократтық – пәрменмен басқару әдісі тән сипат алады.

Адам құқығы құқықтың маңызды принциптерінің бірі, адамның жоғарғы бағалылығын мойындау көрсетіледі, оның құқығын бостандығын, заңды мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір-қасиетін бағалап, адамдар арасындағы шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету.

Азаматтық адам мен мемлекет арасындағы тұрақты қатынас, оны бір-біріне тығыз байланысты құқықтарынан, міндеттерінен және жауапкершіліктерінен байқауға болады.

Азаматтық қоғам адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.

Атқарушы билік қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел шарушылық қызметтерді орындайтын, тағайындалған не болмаса сайланған атқарушы –иелік етуші билік органдары.

Әкімшілік атқарушы - әкімші мемлекеттік органдар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.

Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп жолы.

Әскери тәртіп жауынгерлердің заңмен, ережемен, бұйрықпен белгіленген тәртіпті сақтау.

Билік шешімі - өздерінің құзіреттеріне сай мемлекеттік органдармен не лауазымды адамдармен белгілі мақсатқа жету үшін және заңды нәтижесі бар қабылданған құқықтық актілер.

Декларация құқықтық құжат, ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау

Декрет – аса маңызды нормативті актінің атауы.

Демократиялық режим мемлекеттік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін еспетей отырып көпшілік шешімді қабылдау.

Жеке адамның құқықтық мәдениеті құқықты білу, түсіну, сонымен қатар соған сәйкес әрекеттілік.

Жеке тұлға тұлға, құқықтық қатынастарда субьективтік құқық пен заңды міндеттерді иеленуші ретінде көрінеді.

Жергілікті нормативті акт - өндірістердің, мекемелердің және ұйымдардың әкімшілігімен қабылданатын нормативті актілер, олар жеке құрылымдардың көлеміндегі, ұжымның өз ішіндегі қатынастарды реттеуге бағытталады.

Жартылай президенттік республика республикалық басқару нысанының түрі, онда президенттік және парламенттік республикалардың бөліктері (элементтері) үйлестіріледі.

Заң ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркні көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.

Заңдар мемлекеттің белгілі тарихи кезеңіндегі, әрекет жасайтын заңдардың және соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі.

Заң шығару билігі халықпен сайланған орган, заң шығару арқылы, қоғамның даму стратегиясын жасауға арналған.

Заңды жауапкершілік адамды мемлекеттік мәжбүрлеу қажетті жеке адамға жасалатын шаралар, мүліктік не ұйымдастыру сипатта болады.

Заңды тұлғалар меншігінде мүлкі бар, сол сүліктерін басқару процесінде, өз атынан мүліктік не мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер. Олардың заң жүзіндегі, ережелері (уставтары) болады.

Инкорпорация жүйелеу нысаны, нормативті актілерді олардың мазмұндарын өзгертпей бір жинаққа кіргізу, онда әрбір актілер өздерінің ерікті заңды маңызын сақтайды.

Кодекс бір жүйеге келтірілген, заңды және логикалық тұтас, ішкі жағынан келісімді тікелей әрекеттегі заңды акт, қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігін реттейді.

Кодификация нормативтік актілерді олардың мазмұндарын өзгерту арқылы біріктірілген логикалық жағынан тұтас заңды акт.

Консалидация жүйелеу нысаны, мазмұндарын өзгертпей нормативтік актілерді бір құжатқа жинау, онда әрбір акт өзінің тәуелсіз заңды маңызын жоғалтады.

Конституция мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы (заңдардың заңы), оның ең жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрылымдарды басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасының принциптерін бекітеді.

Конфедерация мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери, экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді.

Кінә - заң бұзушының өзі жасаған әрекетіне психикалық қатынасының жағдайы (қасақана және абайсыздық)

Қоғам (кең мағынада) тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы, бірігіп жасайтын қызметтерінің жиынтығы; (қысқа мағынада) – тарихи нақты әлеуметтік кейіптің жүйесі, қоғамдық қатынастардың белгілі нысаны.

Қоғамдық тәртіп қоғамдық қатынастардың реттелу жағдайы, ол тек құқық нормаларын сақтаумен ғана емес, басқа да әлеуметтік нормаларды сақтау арқылы орындалады.

Қоғамның саяси жүйесі құқықтың және басқа әлеуметтік нормалардың негізінде ретке келтірілген институттардың (мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың, қоғамдық ұйымдардың) жиынтығы, соның қалпында қоғамның саяси өмірі өтеді және саяси билік іске асырылады.

Қоғамның құқықтық жүйесі жеке мемлекеттің үстемдік ететін құқықтық идеологиясының, заңды тәжірбиелерінің нақтылы-тарихи құқығы.

Қосымша нормативті акт (подзаконный акт) – заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.

Құқықты қолдану актісі құқықтық акт, белгілі заңды істі шешу нәтижесінде шығарылған өкілетті органның жекеленген билік жарлығы.

Құқықты талқылау актісі арнайы өкілеттігі бар органның заңды нормалардың мәнін түсіндіретін құқықтық акт.

Құқық анологиясы белгілі заңды істі жалпы құқықтық мәні мен принциптері негізінде шешу.

Қылмыстық әрекетсіздік қылмыстық әрекеттің бір бөлігі, қоғамға қауіпті заңға қайшы, енжарлық тәртіп, қоғамға бағалы әрекет жасамағандығымен көрінеді, адамның өзіне жүктелген заңды міндетті орындауға мүмкіндігі бола тұрып ол міндетті орындамағаны.

Құқық нормаларының гипотезасы құқық нормаларының бөлігі, оның әрекетінің жағдайын көрсетеді (уақытын,орнын, субьективтік құрылымын т.с.с) ол заңды фактілер арқылы белгіленеді.

Құқықтың әрекеті (қимылы) құқықтың мазмұнды-динамикалық жағы, оның шын мәніндегі іске асыру қабілеттілігін сипаттайтын қоғамдық қатынастарға қатысушыларға – реттеушілік (арнайы-заңдылық),қпараттық-психологиялық (мотивизациялық), тәрбиелік (идеологиялық, педагогикалық) және әлеуметтік ықпал жасайды

. Құқықтық демократизм құқықтық маңызды принциптерінің бірі, құқықтық реттеуге жататын заңмен анық белгіленген халықтың билік идеясын, бостандықты, теңдікті, туысқандықты, адалдықты, қоғамдық қатынастардағы жауапкершілікті қамтамасыз етумен көрінеді.

Құқық нормаларының диспозициясы гипотезадағы заңды фактілерге сүйене отырып, субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтау арқылы тәртіптерінің моделін жасау.

Құқық институты қоғамдық қатынастардың белгілі түрін (тобын) реттейтін, тәртіпке келтірілген заңды нормалардың жиынтығы.

Құқықты пайдалану оны іске асыру нысаны, суъективтік құқықтарды орындаумен байланысты, сол арқылы адам өзінің жеке мүдделерін қанағаттандырады және белгілі игілікке жетеді.

Құқықтық реттеудің тетіктері (механизмі) құқық субъектісінің мүддесін қанағаттандыру жолындағы қарсылықты жеңу мақсатында, көбірек ізбасарлықпен ұйымдастырылған заң құралдарының жүйесі.

Құқық нормасы жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілген формальды белгіленген тәртіп жолы

Құқықтық қатынастардың объектісі құқықтық қатынастар субъектілері құқықтары мен міндеттері арқылы неге бұрылып, сол жөнінде заңды қатынастарға түсетіндігіне байланысты болады (материалды және материалды емес игіліктер, рухани шығармашылықтың нәтижесі, бағалы қағаздар, құжаттар, белгілі әрекеттердің нәтижесі)

Құқық бұзудың объективтік жағы сол адамның әрекетін сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, (әрекет не әрекетсіздік), себебі ол құқықтық ұйғарымды бұзады, қоғамға, мемлекетке, жеке адамға зиянын тигізеді.

Құқық саласы белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін, тәртіпке келтірілген заңды нормалардың жиынтығы.

Құқық жалпыға міндетті, формальды түрде белгіленген заң нормалары, қоғамдық, таптық еріктікті көрсетеді, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекетпен белгіленеді және қамтамасыз етіледі.

Құқықтық идеология адамдардың әрекеттегі керек құқықтарға қатыстылығын көрсететін, көзқарастардың, ілімдердің, теориялардың, идеялардың, ойлардың, сенімдердің жүйесі.

Құқықтық информация қоғамдағы заңды жүйе, заңды норма принциптері, заңды тәжірибе туралы толығымен таныстыруды айтады.

Құқықтық психология уайымның, сезімнің, көңілдің, эжмоцияның жиынтығы, онда адамдардың қазіргі және қажетті құқыққа қатынастары көрінеді.

Құқықтық тәрбие- мемлекеттік органдардың және қоғамдастықтың алдарына мақсат етіп қойған, азаматтарға, лауазымды адамдарға құқықтық танымды және құқықтық мәдениетті ояту.

Құқықтық мемлекет саяси биліктің ұйымы, адамдардың, азаматтардың құқығын және бостандығын толық түрде қамтамасыз етеді және мемлекеттік билікті (құқықтың көмегімен) теріс пайдалануға жол бермейді.

Құқықтық жазалау құқыққа қарсы тәртібіне сай, заңды жазалау мөлшері және нысаны, соның негізінде субъект міндетті түрде бірдемеден шектеледі, аластатылады.

Құқықтық шектеу заңға қарсы құқықтық шектеу, соның негізінде қарсы субъектінің мүддесін қанағаттандыруға жағдай жасау және қоғамдық мүдделерді сақтап қорғау.

Құқықтық дәстүр адамның сезімінде сақталып, дағдыға айналған, тарихи қалыптасқан тәртіп жолы.

Құқықтық режим белгілі заң құралдарының үйлестірілуі, қажетті әлеуметтік жағдай жасау және құқық субъектісінің мүддесін қанағаттандыру үшін игілікті немесе игіліксіз деңгейді көрсететін құқықтық реттеудің ерекше тәртібі.

Құқық бұзушылық қылмыскерлердің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке, жеке адамға зиян келтіреді.

Құқықтық қатынастар құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар, оларға қатынасушылардың белгілі субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері бар.

Құқықтық тәртіп қоғамдық қатынастардың жүйесі, онда субъектілердің тәртібі құқыққа сай болады, әлеуметтік қатынастар реттелген жағдайда болады.

Құқықтық таным сезімнің, сезімділікті, көз алдына келтірудің, идеялардың, көзқарастардың жиынтығы, онда адамдардың шын әрекеттегі не қажетті құқыққа деген қатынастары көрінеді.

Құқықтық субъективтік мемлекетпен мойындалып және қамтамасыз етілетін, адамның субъективтік құқықты және субъективтік міндетті иемдену қабілеттілігі, сонымен қатар, олар өздерінің әрекеттерімен құқықтық қатынастар жасайды.

Қылмыс заң мен тыйым салған,қоғамға қауіпті жасалған кінәлі әрекеттер.

Құқық субъектісі құқықтық қатынастардың қатынасушылары, соған сай олардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері болады.

Құқық нысаны мемлекеттік ерікті сырттан көрсету жолы, заңды тәртіп жолдарын объективтік жағдайға келтіру.

Материалдық құқық құқық нормаларының жиынтығы, институттардың, салалардың көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей ықпал етеді, сол арқылы субъектілерге олардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы (Елбасы) мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды адам, ол атқарушы биліктің өкілі және сол қоғамның сыртқы қатынастар аясындағы жоғарғы ресми өкілі.

Мемлекеттік билік көпшілік-саяси үстемділік және суъектілер арасындағы мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген бағынушылық жүйесі.

Мемлекеттік тәртіп мемлекеттік қызметкерлерге арналған тәртіптерді орындауға байланысты, адамдар тәртібіне қойылатын белгілі талаптар.

Мемлекет белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы, мүдделердің іске асырылуына тікелей ат салысады.

Мемлекеттің нысаны саяси билікті ұйымдастыру жолы, мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік құрылымды қамтиды және мемлекеттік-құқықтық тәртіп (режим)

Мемлекеттік басқару нысаны мемлекет нысанының бөлігі (элементі), жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуының, органдарының құрылу тәртібін, азаматтармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Мемлекеттік құрылым нысаны мемлекет нысанының бөлігі, мемлекеттің ішкі құрылымын, олардың саяси және аумақтық бөліну жолдарын, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынасын оның бөліктерінің органдарымен келістіреді.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!