Материалдар / МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру жолдарын жүзеге асыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.»

П.Шуман Неміс педогог-дефектологі


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы ӛмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкін- дік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ- ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Еуропа елдерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан республикасы 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Жыл сайын осы мәселе төңірегінде халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды.

Осыған орай, мына міндеттерді шешу көзделген:

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

  • түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

  • мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқа-

-лармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психоло-гиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажет- тіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын ӛңдеуге талпынады. Жоғарыда айтылған ойды қорыта келе, инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларда дене кемістігіне немесе ақыл-ойының баяу дамуына қарамастан, оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Дегенмен, мұндай балалармен жұмыс істеу үлкен еңбекті, табандылық пен шыдамдылықты қажет ететіндігі белгілі. Осы орайда менің педагогикалық тәжірибемде «Д» және «Р» есімді оқушыларды мысалға алғым келеді. Бұл оқушылардың ойлау қабілеттері әр түрлі болғандықтан деңгейлеріне қарай әр оқу жылы арнайы бағдар- ламалар жасап, соған орай тапсырмалар дайындаймын. Мысалы, дыбыстарға байланысты жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер жаттатқызамын. Өмірге бейім болу үшін түс- терді айыра білу, қандай мезгіл, оң мен солды, өз мекен-жайын ата-анасының қайда жұмыс істейтінін, таза мен ласты, т.б. айыра білуді үйретемін. Сөздік, көру, терме, суреттік, шығар- машылық диктанттары жиі алынады. Мысалы, терме диктант заттың атын білдіретін сөздерді табу. Инклюзивті білім беруде балалармен әрбір сабақты өз күштеріне сезімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ынта-ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп, ұйымдастыру қажет. Оларға әсер ету түрліше, сондықтанда ойынның түрлерін қолдануға болады. Мысалы, «Өзгерген қай әріп» ойыны оқушыларға дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту үшін қолданылады. Мысалы, noun - count, name - take, put - shoot, man - can сӛздері.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!