Материалдар / Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Метрологиялық қызмет — бұл өлшем сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет субъектілерінің және жұмыс түрлерінің жиынтығы.
Авторы:
04 Сәуір 2024
154
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мемлекеттік метрологиялық қызметті ұйымдастыру негізі


Метрологиялық қызмет — бұл өлшем сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет субъектілерінің және жұмыс түрлерінің жиынтығы.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) салааралық деңгейде елдегі өлшемнің метрологиялық түрде қамтамасыз етілуіне жауап береді және мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. ММҚ құрамына мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары кіреді, олар мемлекеттік эталондарды жасауға, сақтау мен қолдануға және бекітілген өзгеріс түрінде өлшемнің біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттарды әзірлеуде заңнамаға сәйкес жауапкершілкке ие. ММҚ басшылығын Қазақстанның Мемстандарты жүзеге асырады.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО) Қазақстанның Мемлекеттік стандартына қарасты кәсіпорындардан және ұйымдардан немесе олардың құрылымдық бөлімшелер сандарынан құрылады. Олар шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану жұмыстарын атқарады, сонымен қатар өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттар әзірлемесін жүргізеді. Оларда жоғары білікті ғылыми кадрлар жұмыс атқарады, нақты кәсіпорындарға немесе ұйымға МҒМО мәртебесін беру меншік нысанын және ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгертпейді, ол тек олардың мемлекеттік көмектің ерекше түрін ұсынатын объектілер санатына жатқызылатынын білдіреді.

Мемлекеттік метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері:

  • мемлекеттік эталондардың шама бірліктерін жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;

  • метрология аясында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымды жұмыстарды орындау, ондағы өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету үшін бірегей тәжірибелік-экспериментті қондырғыларды, межеліктерді және бастапқы өлшемдерді жасау;

  • шама бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік эталондардан бастапқыға беру;

  • өлшеу құралдарын мемлекеттік сынақтардан өткізу;

  • мамандандырылуға сәйкес өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша ғылыми, нормативті, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздердің қызметтерін әзірлеу және жетілдіру;

  • мемлекеттік эталондарды өзге елдердің ұлттық эталондарымен сәйкестендіруге, халықаралық нормаларды және ережелерді әзірлеуге және т.б. қатысу.

3.14 Өнімдерді сынақтан өткізу

Өнімдердің сапасын растау үшін сынақтар жүргізу


Объектінің және (немесе) әсердің іс-қимылын және үлгісін жасау кезінде сынақтан өтетін объекті қасиеттерінің мөлшерлік және (немесе) сапалы сипаттамаларын экспериментті түрде анықтау сынақ деп аталады. Объекті қасиеттерінің сипаттарын экспериментті түрде анықтау өлшеу, бағалау және бақылау жолымен жүргізілуі мүмкін.

Сынақ объектісі оның өндірісіндегі өнім немесе процесс. Өім түріне және сынақтың жүргізілу мақсатына қарай жеке бұйым да, партия да сынақ объектісі бола алады. Өнімді сынау процесі кезінде және оның өндірісінің аяқталуы, сонымен қатар оны пайдалану кезінде жүзеге асырылады. Кез келген объектінің сапасын анықтау мақсатында сынақтың мәні бірдей, сондықтан сынақ процесінің жалпы ережелерін қарастыруға болады. «Сынау» түсінігі жүргізетін сынақты сынау объектісінің көтере алуы немесе көтере алмауы кезінде қандай да бір әсерін болжайды. Сондықтан кез келген сынақты жүргізу кезінде іс-жүзіндегі тапсырмалардың немесе оларға жақын пайдаланудың үлгі шарттарының болуы маңызды.

Сынақ кезінде объектіге әсер ететін факторлардың және (немесе) іс-қимыл жасау режімдерінің жиынтығымен сынау шарттарын түсінеді.

Нақты объектілерді сынау кезіндегі норматитвті құжаттар сынақты жүргізу тәртібін анықтайды.

Нақты алынған өлшем нәтижелері сынақ нәтижесі бола алмайды, оның орнына «жарамды» немесе «жарамсыз», «сәйкес» немесе «сәйкес емес» деген жауаптар сынақ нәтижесі бола алады. Осылайша сынақтың мақсаты сынақтың берілген атаулы шарттарындағы параметрдің (сипаттың) нақты мәнін бағалау.

Сынақ нәтижесі метрологиялық тұрғыдан оның шүбәсіздігінің берілген дәрежесімен сипатталуы керек, себебі сынақ шарттары әрқашанда шүбәсіз және іс-жүзіндегіден өзгеше болады. Бұл метрологияның негізгі қағидаларын құрайды:

  • анықталатын шаманың шынайы мәні бар және ол тұрақты;

  • анықталатын шаманың шынайы мәнін табу мүмкін емес;

  • өлшем нәтижесі өлшенетін шамамен математиканың ықтималдық тәуелділігі арқылы байланысты.

Сондықтан сынақты метрологиялық түрде қамтамасыз ету келесі регламенттеуші операцияларды қосады:

  • сынақ нәтижелерінің шүбәсіздік көрсеткіштеріне қойылатын талаптардың міндеттері;

  • сынақ әдістемелерін әзірлеу кезінде өлшемдерді жобалау;

  • сынақ нәтижелерінің шүбәсіздігінің берілген көрсеткіштерін есепке ала отырып, өлшеу құралдарын және сынақ жабдықтарын таңдау;

  • сынақ нәтижелерін статистикалық түрде өңдеу және олардың нәтижелерінің шүбәсіздігін бағалау;

  • сынақ нәтижелерінің шүбәсіздігінің көрсеткіштерін ұйымдастыру және бақылануын жүргізу, жекелей алғанда сынақты басқа жерлерде (зертханааралық сәйкестендірулер) ұйымдастыру және жүргізу.


3.15 Сынақтың негізгі түрлері және олардың ерекшеліктері


Объекті қасиеттерінің сипаттарын бағалау, олардың берілген талаптарға сай болуын анықтау, сонымен бірге сынау процесінде оның іс-әрекетінің сапасын талдау мәліметтері сынақ нәтижелері болып табылады.

Сынақ жүргізетін техникалардың міндеті бұйымдарды сынау шарттарын іс-жүзіндегі пайдалану шарттарына жақындату және оның қасиеттерінің негізгі өзгерістерін мөлшермен анықтау.

Механикалық, климаттық, биологиялық және электрмагнитті факторлар негізгі әсер ету факторлары болып табылады.

Механикалық әсер етуге статистикалық, динамикалық және дірілді ықпалдар жатады. Олар созылу, қысу, ию, бұрау, қию, бұйым жасалынған материалдардың басып енгізілуі және қажуы салдарынан бұзылуларды туғызады. Сондықтан механикалық әсерлердің жағдайларында жұмыс жасауға арналған бұйымдар белгілі бір жүктемені көтеруі қажет. Материалдардың механикалық қасиеттері беріктілікті, илемділікті, қаттылықты соққы тұтқырлығын және т.б. сипаттайды. Серпімділік шегі, аққыштық шегі, беріктік шегі сияқты сипаттар материал беріктілігінің критерилері болып табылады. Параметрлердің көптігі және түрлілігі сынақ әдістерін бірыңғайлауға ұмтылумен түсіндіреді. Әртүрлі белгілер бойынша жіктелетін сынақтың көптеген сандары бар.

Тағайындаулар бойынша зерттейтін, бақылайтын, салыстыратын және анықтайтын деп бөлінеді.

Жүргізу дәрежесі бойынша сынақтың келесі санаттарын ажыратады:

  • мемлекеттік — басты ұйыммен немесе мемлекеттік комиссиямен өткізілетін өнімнің маңызды түрлерін сынау;

  • ведомстваралық — бірнеше ведомстволармен әзірленетін объектінің құраушы бөліктерін қабылдау үшін өнімдерді сынау;

  • ведомстволық — мүдделі комиссиямен өткізілетін сынақтар.

Өнімді жасау кезеңдерін есепке алатын келесі сынақтар бар:

  • жетілдіретін — өнім сипатына енгізілетін өзгерістердің әсерін бағалау үшін және сапа көрсеткіштерінің қажетті мәндерін алу үшін өнімдерді әзірлеу кезінде жүргізілетін сынақтар;

  • алдын-ала — өнімнің қабылдау сынақтарына дайындығын анықтау үшін өнімдердің тәжірибелік үлгілерін және (немесе) тәжірибелік тобын сынау;

  • қабылдайтын — өндіріске және (немесе) тағайындамасы бойынша қолдануға өнімнің өзара тиімді қойылуын анықтау үшін тәжірибелік үлгілерді, өнімдердің немесе бұйымдардың тобын сынау.

Дайын өнімнің түріне қарай сынақтар келесі түрде болуы мүмкін:

  • санатты — өнімнің берілген түрін тапсырылған көлемде шығаруға кәсіпорынның дайындығын бағалау үшін жүргізілетін анықтау сериясын немесе алғашқы өнеркәсіп тобын сынау;

  • қабылдау-өткізу — қабылданатын бақылау кезінде өнімдерді сынау;

  • ұсынушылық — өнімді тапсырыс берушіге немесе тұтынушыға ұсынар алдында техникалық бақылау қызметімен жүргізілетін өнімдерді сынау;

  • кезеңдік — өнім сапасының тұрақтылығын бақылау үшін жүргізілетін және шығарылымды жалғастыру мүмкіндігі үшін шығарылатын өнімді сынау; сынақ мерзімі мен көлемі нормативті–техникалық құжаттамамен көрсетіледі;

  • типтік — құрылымға, рецептурасына немесе техникалық процесіне енгізілетін өзара тиімді өзгерістерді бағалау үшін шығарылатын өнімді сынау;

  • сертификатты — міндетті және ерікті сертификаттау кезінде және нормативті базамен жарияланатын нормативті құжаттармен қарастырылған сынақтар.

Объектілерді сынау әзірленген бағдарламалар мен әдістерге сәйкес жүргізілуі қажет.

Сынақ бағдарламасы — сынақтың объектісін және мақсатын; жүргізілетін эксперименттердің түрлерін, бірізділігін және көлемін; сынақты өткізу тәртібін, шартын, орнын және мерзімін; қамтамасыз етуді және есептілікті; сынақты қамтамасыз ету және жүргізу жауапкершілігін анықтайтын міндетті құжат.

Сынақ әдістемесі объекті қасиеттерінің сипатын анықтау бойынша әдісін, құралын және сынақ шарттарын, сынақ іріктемелерін, операцияны орындау алгоритмін, нәтижелердің дәлдігі мен шүбәсіздігін бағалау арқылы алынған мәліметтерді ұсыну формасын, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қосатын міндетті құжат.

Сынақтар белгілі бір тәртіпте және көрсетілген ережелер (жоба бойынша) бойынша жүргізіледі.

Мысалы, сенімділікке тексеру үшін жүргізілетін сынақ жобасы N^Т — бұл сынақ жобасы бойынша шекті күйі (қабыл алмау) N бұйымды бір уақытта сынайды және бұйымның (оның құраушы бөлігінің) шекті күйіне (қабыл алмау) жетпеген әрбірі үшін Т жұмыс көлеміне қол жеткізгеніне қарай сынақты тоқтатады.

Сенімділікке тексеру үшін жүргізілетін сынақ жобасы N^N — бұл сынақ жобасы бойынша барлық N бұйымдардың (олардың құраушы бөліктерінің) шекті күйіне жетуіне дейін (қабыл алмау) N бұйымдарды сынақтан өткізу.

Өзге де сынақ жобалары қолданылуы мүмкін.

Сынақ көлемін және көрсеткіштер бағасын анықтау әдістері бірқатар қажет шарттармен және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты таңдалған сынақ жобасына тәуелді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!