400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттік қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік қызмет түрі,сипаты т.б
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал болу.

Адам дамуының ең басты кепілшісі- еңбек. Еңбек етсең емерсің деген сөз де тегін айтылмаған. Қазіргі таңда еліміздің алдына қойған мақсаты – озық отыз елдің қатарынан өз орнын табу. 2015 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің 5 инсти­ту­т­тық реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын айқындап берген болатын. Аталған ресми бағдарлама кәсіби, ықшамдалған, бәсекеге қабілетті мемлекеттік аппаратты құруға құралады. Осы жоспардың алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызмет саласын жандандыруға бағытталды. Демек, біздің алдымызда ашық, хақылы әрі қызмет көрсететін институт ретінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру тапсырмасы тұр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтің сапасын оған деген халықтың сенімін арттыру, мемлекеттік қызметтің беделін жоғарылату, сондай-ақ жоға­рыда аталған бағдарламаларды жүзеге асы­ру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар би­лік пен қарапайым ха­лық арасын жалғайтын ал­тын көпірге айналуы тиіс. Бү­­гінде мем­ле­кеттік сала­да­ғы ма­ман­дардың білім-білік­ті­лі­гі­нен бұрын, адам­­гер­ші­лік асыл қасиет пен ана­ның сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететіндігі анық. Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметі. Сондай-ақ қоғамдық процестерді рет­теуге, мемлекеттің біртұтас­тығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске асыруға бейімделген. Әлемдік өркениетте мем­ле­кет ұғымы қоғам өмірінің төрінен ойып тұрып орын алады. Мемлекеттік қызмет үшін бедел­дің, яғни имидждің қыз­мет­тік және мәртебелік м­а­ңызы зор. Ол халықтың оған деген се­нім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәре­жесін белгілейді. Қазіргі уақытта мем­­лекет­тік қызмет беделін арт­тыру қажеттігіне қатыс­ты мәсе­ле­лерге мемлекет басым назар аударуда. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісін жасауда өзіміздің және шетелдің жақсы нәтиже берген тәжірибелері біртіндеп жинақталған. Бүгін­де мемлекеттік қызметтің бірың­ғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, атқарушы және сот сияқты салаларға бөлі­нуі­не қарамастан, барлық ұйым түрлеріне бірдей негіз бен ұста­ным құрудың қажеттілігі анық­талды. Бұл бағытта сая­си және әкімшілік мем­ле­к­еттік қызметкерлердің лауа­зымдар тізілімін, қыз­мет пен мамандықтың сәйкестігін, іріктеу рәсімін, кадрларды орынды пайдалану, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мен ең­бе­гін ынталандыру меха­низ­мін, кадрларды оқыту бағ­дар­ла­масын жасау, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қа­бі­ле­ттілігі мен еңбек нәтижесінің баға­лануын қамтамасыз етудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызмет беделін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту – басым бағыт­тар­дың қатарында. Өзінің тәуел­­сіз­дік жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, мәде­ни және саяси даму жолын­да айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміз үшін алдағы орын­да тұрған жоғары кәсіптік мем­ле­кеттік қызмет пен тиім­ді бас­қару құрылымын қалып­тас­тыру ісінде мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің кәсіби деңгейі негізгі рөл атқарады. Елбасы Н.Назарбаев мем­ле­кеттік қызмет­кер­дің бойы­нан табылуға тиіс мінез-құл­қы­ның, адамгершілігінің, абы­ро­йы­ның негізгі бел­гі­ле­рін атап өткен болатын. Сондықтан мем­ле­кет­­тік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының ма­ңыз­дылығын сезінуі және патриот болуы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғары жауап­кер­шілік пен өз ісіне деген әділ­дік, адал­дық, адамгершілік қасиет­тері қағида­лар­ды қатаң ұс­танғанда ғана, елдің ертеңі нұрлы болмақ.

Жұмаділ Нұргүл 9 а сынып оқушысы. СОШ №49

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі