Материалдар / Мемлекеттік қызмет-елдің игілігіне адал іс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік қызмет-елдің игілігіне адал іс

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адам дүниеге шыр етіп туғаннан кейін өмірдің бір бөлшегі атанған соң, өмірінде адал, жақсы қызмет ету керек. Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек ? Осы сұрақ бүгінде күн тәртібінде жиі ұсынылып, жан-жақты талқыланатын маңызды мәселеге айналды. Оның өзіндік себебі дебар. Өйткені, халықпен тікелей байланысатын, көпшіліктің көңілін күпті еткен түйінді жайларды шешуге бірден –бір өкіл етті тұлғаға қойылатын талаптар өлшемі уақыт ағымына сай жаңа сатыға көтерілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
563
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» КММ

9 сынып оқушысы Уахит Ақбота Мұратқызы

ЭССЕ

Мемлекеттік қызмет-елдің игілігіне адал іс


Келемін ғой өсіп мен, он жетіге толғанда

Қай жерде, қандай кәсіппен

Шұғылданам мен сонда?

Ақтарып кітап әліде,

Түсініп ал аңдап ал

Өнердің жақсы бәрі де

Талғауыңша таңдап ал!

/В.Маяковский/

Әрбір адам дүниеге шыр етіп туғаннан кейін өмірдің бір бөлшегі атанған соң, өмірінде адал, жақсы қызмет ету керек. Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек ?

Осы сұрақ бүгінде күн тәртібінде жиі ұсынылып, жан-жақты талқыланатын маңызды мәселеге айналды. Оның өзіндік себебі дебар. Өйткені, халықпен тікелей байланысатын, көпшіліктің көңілін күпті еткен түйінді жайларды шешуге бірден –бір өкіл етті тұлғаға қойылатын талаптар өлшемі уақыт ағымына сай жаңа сатыға көтерілді. Біз соңғы уақытта «Отаншылдық, ұлттық рух, елін-жерін сүю, қастерлеу, мемлекетке, халқыңа адал болу» деген сөздерді жиі айтамыз. Шын мәнінде Отаншылдық- тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау, халқыңа адал, мемлекетіне қалтқысыз қызмет ету. Кең даланы еркін жайлаған ата-бабаларымыз ел мүддесі жолында басын бәйгеге тіккен. Ешуақытта бас еркіндігін баянды елдіктен жоғары қоймаған. Біздің де мақсат-мүддеміз халыққа, мемлекетке адал қызмет етуге арналуы керек. Кез келген мемлекеттік қызметші халықтың көз алдында жүрген соң, түрлі сынға ұшырайтыны анық. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, ең алдымен адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, біздің ойымызда жеке мүддеміз емес, ең алдымен елдің мүддесі тұрады. Бұл жүктелген міндет.

Біз еліміздің келешегін ұстайтын ұрпақпыз. Жастарға артылған жүк салмағы ауыр. Біздің қызметтерімізге байланысты еліміздің даму бағыты айқындалды. Онда Отанымызға адал қызмет ететін, халықтың қалауы азаматы мен азаматшасы болуға тырысуымыз керек.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!