Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Мемлекеттік тіл - рухани байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Руани байлыққа арқау болатын тіл жайлы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік тіл – рухани байлық

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов: «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп өз ойын дәл жеткізген.

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры. Тіл – әрбір ұлттың тәлімі мен тәрбиесінің негізі. Тіл – қатынас құралы болуымен қатар, халықтың жаны. Тілі құрыса, халықы да жер бетінен жоғалатынын дәлелдеген болатын... Қалай, қай жағынан дәлелдесек те, тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін еместігіне көз жеткізесің.

Ұлтаралық бірлік – отандастарымыздың басты байлығы. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты көрсетілген. Қазақ тілі тек қазақ халқының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз деп нақты айқындап тұр. Демек, Қазақстанда мекендеген, оны өз Отанындай қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін әрбір қазақ азаматының тілі. Тіл мен қарым-қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершірілік пайда болып, «тіл мәртебесі – ел мерейі» деп мақтанышпен айта аламыз.

Мемлекеттік тіліміздің тағдыры – мәдениетіміздің дамуы еліміздің өркендеп өсуімен бірге, әдебиетімізге, салт-дәстүрімізге, тіліміздің шұдарланбауына тығыз байланысты. Олай болса, мемлекеттік тілді білу, оған құрметпен қарап, оны күнделікті өмірде қолдану тұрмыс-салтымыздың, мінез-құлқымыздың бөлінбес бөлігі болып есептелуі қажет. Сонда ғана барлық күш-жігерімізді, достығымызды нығайту, міндетті түрде, тіліміздің шарықтап өсуіне септігін тигізеді.

«Білімділіктің ең басты шарты туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» депті ұлы ойшыл Регель. Егер өз тілімізде еркін сөйлеп,қадірлей алатын болсақ, өзге ұлттың да сыйлайтынына жол ашасың. Әрине, әрбір тілдің бастамасы, ұлттың қолында екенін жадымызда сақтау керек.


Бүгінгі таңда біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліне деген қамқорлықты нығайта түсу. Ұлттың болашағы, елдіктің ертеңі, ұрпақтың келешегін ойлау – әрбір саналы азаматтың басты міндеті. Егер байқаған болсаңыздар, Егемендігімізді алғаннан кейін де елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамыта түсуге ешқандай кедергі болған жоқ. Көптеген жоспарлар, іс-шаралар жүзеге асып жатты. Тек кез келген тілді меңгеру мәселесіндегі басты шарт – адамның өзінің ішкі ой-ниеті мен қажеттілігі екендігін ұғыну қажет болды.

Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.

Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау болып көрінеді. Отандас азаматтардың ұлт мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығын жалғастыру мақсатында Мемлекеттік тілдің дамуына, бар күшін салып, қызмет етуі керек.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі. Мемлекетік тіл – рухани байлығымыздың кепілі. Тарих, әдебиет, салт-дәстүр мәдениетінен бастау алған тіл – руханилықтың қазынасы.

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы деп саналуы қажет.


Хизирова Маржанкул Хожабеккызы – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Қарағанды білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «1жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12