Материалдар / Мемлекеттік тіл- менің тілім!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік тіл- менің тілім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы мақалада мектеп жасына дейiнгi балалардың қазақ тiлiнiн үйрену саласындағы мүмкiндiгiн анықтаймыз, олардың сөйлеу қызметінің дамуына акцент жасай отыра, мектеп жасына дейiнгi балаларды қазақ тілге ойын түрінде үйретудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚК №19 «Бұлақ» МДҰ

Қазақ тілі мұғалімі

Дуйсекешева Кенжегуль Рахметжановна

Тақырыбы:

«Мемлекеттік тіл-менің тілім!»

     «Білім –менің тілімде» деп ұлы аталарымыз айтпақшы білімді болғымыз келсе ең алдымен мемлекеттік  тілімізді білуіміз қажет.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.

Болашағы зор егемендігі еліміздің өршіл талабына мемлекеттік тілді үйретіп меңгерту,оқытуға ,оның ішіндегі өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуге ерекше мән берілуде.Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі –жас ұрпаққа сапалы білім беру –оны қазіргі заманға сай білімді ,жан дүниесін рухани байлық етіп тәрбиелеу қиыны мен қызығы бірдей .

Ұйымдастырылған оқу қызметінде мұғалімнің шығармашылдығы,әдіс-тәсілдері тиімді пайдалануы,сабақты түрлендіріп пайдалануы,сабақты түрлендіріп ұйымдастыруда дидактикалық ойындарды қолдану,сөздік-қимылды ойындар,мақал-мәтелдер,жұмбақтар қолдану балалардың қиялын шарықтатып,жеке басын дамыту үшін олардың психологиялық ерекшеліктері ескеріп оларға берілетін көлемі мен сапасына назар аударылады.Білімді меңгеру үстінде баланың ойлау қабілеті ұшталады.Дидактикалық материалдармен балалар жатыққан сайын ,олардың зейіні ,тапқырлығы ,ынталығы ,өздік ойлау жұмысы дами түседі.

Осы мақалада мектеп  жасына дейiнгi балалардың қазақ тiлiнiн үйрену саласындағы мүмкiндiгiн анықтаймыз, олардың сөйлеу қызметінің дамуына акцент жасай отыра, мектеп жасына дейiнгi балаларды қазақ тілге ойын түрінде  үйретудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін ашамыз.

Ойын - бұл психология және философия сияқты бiлiм беру салаларында егжей – тегжейлі қаралатын феноменді адами оқиға. Педагогикада және білім беру әдiстемесiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың ойындарына аса көңіл бөлінеді (Н. А. Короткова, Н. Я. Михайленко, А. И. Сорокина, Н. Р. Эйгес және басқалары). Бұл – педагогтардың ойынды, атап айтқанда мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқытудың маңызды әдісі ретінде қарастыруымен байланысты. 
Біздің замандағы алдыңғы қатарлы ұстаздар (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және басқалар) мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметі бойынша арнайы зерттеулердің бірқатарын жүзеге асырды.
Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым – қатынас режимдерін, жұппен және топпен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Ойын технологиялары қазақ тілін оқыту әдістемесінде белсендi оқыту нысанына жатады.
Ойын технологиялары шығармашылық – іздестіру деңгейіндегі балалардың жұмыстарын ғана емес, қазақ тiлiн зерттеу бойынша күнделiктi қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемiнің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекiту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бiр қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетiнiң эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады. Ол бiлiмді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардың меңгеретін материалдарын өзіндік тәжiрибеден өткізуге,  оқу процесiнде әр түрлiлiктi және қызығушылықты тудыруға мүмкiндiк беретін ойынның екінші жағымды жағы  болып табылады. 
Қазiргi заманда бала заманауи ақпаратты бойына сіңіргендіктен, ойынның маңыздылығы артуда. Барлық әлемде, Қазақстанда да пәндік – ақпараттық орта әлдеқайда кеңеюде. Сабақта және бос уақытта алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ойын оқыту нысанының бір түрі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрып өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке баулиды.

Балабақша бүлдіршіндеріне саналы тәлім тәрбие берудің жолдары көп. Солардың ішіндегі ең тиімдісі мен қолайлысы – ойын арқылы тәрбиелеу, өйткені жеті жасқа дейін баланың өсіп дамуы үшін қимыл-қозғалыстар, жаттығулар, ойындар ауадай қажет.

Дидактикалық ойындар қазақ тілін оқытуға бағытталған әдiстемелiк тәсiлдерді қолданумен  жаңа материалды зерделеудің барлық сатысында танымдылық қызметті  қарқындататынын зерттеу көрсеттi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет.  

    Тәрбие басы- тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.

    Қазақ даналығында «Тіл- ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтыламын.

     Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек біз, балабақша табалдырығын аттаған бала бойына қазақ тілін қасиетті сүттей сіңіру үшін біздің балабақшада балалардың, ата-аналардың тілге деген патриоттық сезімдерін ояту біздің басты міндетіміз.

     Қазақстан- көп ұлтты мемлекет сондай-ақ біздің балабақшамызда бірнеше ұлттың балалары оқиды. Сондықтан күнделікті жұмыста балаларды бір-бірін сыйлауға, достық қарым-қатынасты нығайта білуге, біріне-бірі көмекке келуіне, рухани адамгершілікке тәрбиелеу менің міндеттерімнің бірі болып табылады.

     Біздің балабақшамызды өзге ұлттың балалары мемлекеттік тілді меңгергендерін көрсетіп, жыл сайын қалалық мақтау қағаздары мен дипломға ие болады. Осындай көрсеткішке жету, күнделікті жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп айтуға болады.

  Менің басты міндетім:

  Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын жетекшілікке алып,  балалардың жастық ерекшеліктерін басшылыққа алып және алдыма қойылған мақсаттарыма сүйеніп, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданатын күнделікті жоспарымды   құрамын,құрылған жоспарым іс жүзінде жүзеге асырылып, тиімді нәтижесіне жетеді.

Қорыта келгенде, баланың тілін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады. Өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.Дүниеге келген әр адам әуелі өз отанын сүйіп,өз туған жерінің тілін құрметтей білсе, болашақта ол қор болмайтыны анық.  



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!