Материалдар / «Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу пәнінің мақсаты, міндеті, тарихы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу пәнінің мақсаты, міндеті, тарихы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу пәнінің мақсаты, міндеті, тарихы»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
880
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ


ҚАРАЛДЫ:

«Білім» жалпы білім беретін кафедрасы отырысында

№ ___ хаттама «___»____2020ж

Кафедра жетекшісі:

________ Г.С.Амзина


КЕЛІСІЛДІ:

Басшының оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

________Г.А.Тусупбекова









Декада шеңберінде өткізілген ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Тақырыбы:

«Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу пәнінің мақсаты, міндеті, тарихы»









Пән оқытушысы:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты

оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі

Сулейменова Алия Зейнулгабденовна
















Жезқазған, 2020 жыл

Сабақ жоспары/ План урока/ Plan of the lesson


Күні/Дата/ Date: 05.02.2020ж

Пән/Предмет/Subject: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Топ/Группа/ Group: ШПМ-201/3

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу пәнінің мақсаты, міндеті, тарихы»

Тема урока: «История, задачи и цели дисциплины делопроизводства на государственном языке»

Theme of the lesson: "History, tasks and goals of the office management discipline in the state language»


Сабақтың мақсаты: Цели урока: Lesson goals:

Тілдік мақсаты: Сабақ барысында case, order,State standard,archival Affairs,regulation, document сөздерін қолданысқа енгізу арқылы студенттердің сөздік қорын молайту.

Білімділігі: 

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасын; құжат ұғымы мен функциясын, мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің талаптарын; мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелерін меңгерту;

Дамытушылығы: 

Студенттердің кәсіби дағдысын қалыптастыруға, бірлесіп жұмыс орындауға тәрбиелеу, өз бетімен ізденіске, ұсынған материалды талдауға икемдеу, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі:

 Студенттердің техникалық ойлау, есте сақтау зейінін, қызығушылығын дамыту және тәжірибемен ұштастыру, құрылғының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: CLIL,BOPPPS, «Key words» , «Labels», «Микс жаттығу», «Сreative work time»

Материалдық қамтамасыздандыру:  Интерактивті тақта, слайд материалдары, көрнекі құралдар, жұмыс парақшалары

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, арнайы пән


Әдебиеттер:

  1. Іс қағазадарын жүргізу. Составление деловых бумаг. Учебное пособие./ Салагаев В., Шалабай Б.- Алматы: Раритет, 2006.- 208 б.

  2. Іс қағаздарын жүргізу.Оқу құралы./ Жүкенова М.Ғ. – Астана: «Фолиант», 2008, -184 б.

  3. Іс жүргізу.Оқу құралы./ Байжанова Г.О., Маймақова Г.А.- Астана: «Фолиант», 2007, - 184 б.

  4. Іс қағазадарын жүргізу және техникалық құжаттама.Оқулық./ Нұрғалиева Т.Ө. – Астана: Фолиант, 2008, - 280 б.

  5. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу. 6 – басылымы

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  7. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы,

  8. «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»








Сабақтың барысы/ Ход занятия/Procedure of the lesson


І. Ұйымдастыру бөлімі/Организационный момент/Organizational moment

С туденттермен амандасу, түгендеу, сабаққа бейімдеу, қолайлы атмосфераны құру.

Оқытушы: Good afternoon, dear students! I'm glad To see you! You have a beautiful image today, you can immediately see that you are the future of dizanery. Please sit down.

Оқытушы: How are you?

СтудентWe are fine, thank you. And you?

Оқытушы:I’m OK. Thank you.

Оқытушы: Who is on duty today?

Студент: I am

Оқытушы: Who is absent today?

Студент: ___is absent. (___ and __ are absent.)

Оқытушы: So, students, let's start our lesson and Are you ready for the lesson?

Студент: Yes, we are. We are ready for the lesson.


ІІ. Бағдарлану – мотивациялық кезең : 

"Гарвард" студенттерін ынталандыру ережелері

«Гарвардские» правила мотивации студентов

"Harvard" rules for motivating students

(Студенттерге құжат үлгісінде парақшалары таратылады. Ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған ынталандыру ережелері ).


  • Никогда не бывает слишком поздно

  • Оқу уақытпен емес, қартаюмен өлшенеді

  • Трудности и испытания могут оказаться приятными

  • Только справившись с задачей раньше других и приложив максимум усилий, вы сможете радоваться успеху по-настоящему

  • Today's idleness will turn into tears tomorrow (Сегодняшнее безделье обернется завтра слезами)

  • Реалист — это тот, кто заботится о будущем

  • Бүгінгі күн ешқашан қайталанбайды

  • Не откладывайте на завтра то, что можете сделать сегодня

  • Impossibility is an excuse for those who don't try. (Невозможность — отговорка для тех, кто не пытается.)

  • Без боли успеха не бывает

  • Самое важное случается, когда другие спят

  • Дополнительный час учебы определит вашего будущего супруга и супругу

  • Нет момента ближе к успеху, чем тот, когда вы думаете, что все кончено

  • Не придешь сегодня — прибежишь завтра

  • Дайте волю смыкающимся векам, и будущее пронесется мимо вас.


ІІІ. Студенттерді бағалау ережесі/ Rules of marks of students:

« Магнит- smile» әдісі. Әрбір студент жеке бағаланады. Оқытушы сабақтың барлық кезеңдерінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындап, өз пікірін білдіріп, белсенділік танытқан студенттерді магнит- smail арқылы белгілеп отырады. Бағалау ашық түрде жүргізіледі. Студенттердің аты- жөні жазылған флипчартқа магнит- smile-дар жабыстырылып отырылады. Сабақ соңында ең көп магнит- smile жинаған студент «5», одан екі магнит- smile төмен жинаған студент «4», одан екі магнит- smile жинағандар «3» деген бағамен бағаланады.



ΙҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Explaining the new topic:


«Key words» әдісі арқылы сабақтың негізгі бөлімі түсіндіріледі. Яғни жалпы теориялық сабақтың дәрісі түйін сөздерді пайдалана отырып қысқаша түсінік беріледі. Студенттерге сабақтың барлық құрылымы бар жұмыс парақшалары таратылып, уақыт үнемделеді. Студентке қажет мәліметтер жұмыс парақшасында көрсетілген.

«Key words»: Мемлекеттік тіл, пәннің мақсаты, міндет, тарих, мемлекеттік стандарт, іс қағаздар

« Мемлекеттік тіл»

ҚР «Тіл туралы» заңы қай жылы қабылданды?

Еліміздің тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл уақыт өтті?


Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін  жетік білуі керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.

Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданалатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті  деп көрсетілген».

Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және  іс-қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Міне, осы кезеңнен бастап-ақ қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мәселесі бірінші орынға шықты. Бұл мәселені шешудің оңтайлы жолы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу болып табылды. Себебі кез-келген әрекеттің, оқиғаның, процестің нақты айғағы ретінде құжаттар, яғни іс қағаздары қолданылатыны белгілі.


«Пәннің мақсаты»



Бұл пәннің қажеттілігі неде деп ойлайсыздар?

Жалпы мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу дегенді қалай түсінесіздер?

Болашақ мамандарды іс қағаздарын дұрыс әрі сауатты толтыра білуге үйрету, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің нормативтік талаптарын, оны ұйымдастыру, құжаттау, құжаттарды дайындаудың негізгі ережелерін зерделеу. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің Қазақстан Республикасының мемелкеттік тілі- қазақ тілін іс қағаздарын жетілдіруде және қазақ тілінің мәртебесін көтеруде тілге байланысты кейбір мәселелердің шешімін табуда маңызы зор.


«Пәннің міндеттері»

  1. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін ұғындыру;

  2. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, экономика, тіл білімі, мұрағат ісі, ақпараттандыру, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету;

  3. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктермен таныстыру;

  4. Болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттарымен толтырылу әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты білім негіздерімен қаруландыру.


«Тарих»


Құжаттардың пайда болуына байланысты олармен жұмыс істеуді реттеу қажеттігі туындады, оны қазіргі кезде іс қағаздарын жүргізу деп атайды. 1720 жылы құжаттармен жұмыс істеудің тәртібін анықтайтын «Бас регламент» шығарылған. Санкт-Петербургте 1857 жылы шыққан Н. Воронцовтың «Делопроизводство или теоретическое и практическое руководство к гражданскому и уголовному, коллегиальному и одноличному письмоводству» деген кітабында:

"Делопроизводство -это наука, излагающая правила составления деловых бумаг, актов и самих дел в присутственных местах по данным законами формам и по установившимся образцам деловых бумаг" делінген. Осы ұғымның мәні осы күнге дейін, тіпті компьютер пайда болғанда да өзгерген жоқ.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!