Мен - директор

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен - директор

Материал туралы қысқаша түсінік
табысты менеджер байқауына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі сағат сайын, тіпті, минут сайын құбылып, сәт сайын өзгеріп тұрған проггрессивті реформалар заманында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына бір керемет сөзі еске түседі: «Беталысы күнде өзгерген алмағайып заманда адам үшін мәңгі өзгермейтін темірқазықтар бар: Ол – білім, ол – еңбек!»Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы дәстүрлі 2018 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттің басты мақсаты» атты жолдауында ұлттық білім беру саласына өте жоғары талап қойылатынын анық жеткізді. Талаппен бірге педагогтардың мәртебесін көтеру жайлы заңға өзгерістер енгізу керектігі жайлы министрліктер мен ведомстволарға нақты тапсырма берілді. Сонымен қатар, барлық ұстаздарды бей-жай қалдырмайтын мәселе жалақының 30 %-ға өсетіндігі кімді болмасын қуантқаны рас. Біздегі білім беру жүйесі Қазақстан мектебінің түлектері өз білімдерін әлемдік оқу орындарында әрі қарай кедергісіз жалғастырып әкететіндей дәрежеде бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуға тиіс. Жаңартылған білім мазмұны шеңберінде біз болашаққа нық сеніммен қадам баса алатын, жаһандану заманының барлық талабы мен талғамына жауап бере алатын оқушы тәрбиелеуіміз қажет. Ал сапалы білім беру үшін жаңа үлгілі мектеп пен табысты мектеп басшысының жаңа бейнесін қалыптастыру заман талабы болып отыр. Қазақтың ХХ ғасырдың белгілі ағартушысы Ж. Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» – деген едіЖаңар­тыл­ған білім беру мазмұны аясын­дағы ба­ғдар­лама­лар­ды іске асыру үшін мұға­лім­дер­ді біліммен, дағды­лар­­мен қам­тама­сыз ету және олар­дың пі­кір­лерін өзгер­туге ықпал ету жет­­кі­л­ік­ті емес екен­дігін көріп отыр­мыз. Мек­тепке өз­геріс енгізіп, оны бас­­қа­ру­да инно­ва­циялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет құру қажет­тігі туындады.     Осы орайда, мектеп басшыларының алдында «XXI ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» және «XXI ғасырда мектебімді табысқа қалай жетелеймін?» деген сұрақтарға бірлесіп жауап іздеу мәселесі тұрғаны айдан анық. Себебі, өткен ғасырдағы жүйе мен тәуелсіз қазақстандық білім беру саласындағы айтулы айыр­машылықтар туралы айтатын бол­сақ, бұл Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде балаларды «қалай оқы­ту керектігі» туралы өзекті мәсе­леге басымдық беру қажеттілігін те­рең тү­сінуді көздеп отыр. Ал «XXI ғасыр­­да табысты болу үшін мектеп оқушы­сы қандай дағдыларды меңгеруі керек?» деген сұрақтың жауабын еліміз­дегі білім саласында болып жат­қан жаңалықтардан іздегеніміз жөн болар. Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өз­гер­­мелі өмірге икемді» бала оқы­тып, тәрбиелеу жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идея­сы. Сондықтан жаңартылған білім беру жағдайында директор көш­басшылығына қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Мектептегі өзгеріс­терді басқарып, жетекшілік ету үшін мектеп директорына негізі үш талап қойыла­ды. Алғашқысы өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыпт­астыру, келесісі мектеп көш­басшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру және тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы мен адамдармен қарым-қатынас жасау өнерін игеру.

Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа­шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа­дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын­да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер­мей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Осы орайда мен елордамызда өткен ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктіліктерін арттыру бағдарламасы бойынша және Назарбаев зияткерлік мектептері, ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстарына қатыстым. Бұл курстардың біздей басшыларға берген әсері өте мол болды. Білім берудің халықаралық стандарттарын көріп, сол аталған идеяларды шағын ауыл мектебі жағдайына ыңғайластыруға мақсат қойдық. Мектеп мүдірі ретінде менің алға қойған міндеттерім мыналар болып табылады:

  • Мектептің, яғни, педагогикалық құрамның санаттарын көтеру арқылы білім сапасын арттыру;

  • Ұжымда қауіпсіздік пен ауызбіршілікті сақтау;

  • Мектеп қызметкерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру;

  • Ұстаздарды жаппай біліктілікті арттыру курстарына жіберу;

  • Шағын елді-мекенде кадрларды тұрақтандыру мақсатында оларға жағдай жасау;

  • Мектептің материалды-техникалық базасын нығайту;

  • Спиральды білім беру негізінде басшының өз орынбасарларына, ал орынбасарлардың мұғалімдерге қойылған талаптары мен креативті оқыту қағидаттары;

  • Әділетті түрде мектептің қамқоршылық кеңесін құру

Осы міндеттермен жұмыс жасауымызға сәйкес өткен оқу жылы мектебіміз үшін сондай жемісті де, табысты жыл болды. Оның лебі әлі де басыла қойған жоқ. Себебі кеше ғана облыстық Жас-экологтар форумынан оқушыларымыз аудан мерейін асқақтатып командалық есепте облыстың бірқатар мектептерін артқа тастап, жүлделі 3-орынды жеңіп әкелді. Осы сынды жетістіктерді алдыда әлі де күтетін боламыз.



Бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық директорлар кеңесі құрылып, 2017-2019 жылдарға арналған «Табысты басшы» жобасы әзір­ленген. Жобаның негізгі мақса­ты заманауи педагогикалық тәсіл­дер мен білім беру тәжірибесі негі­зінде мектеп басшыларына иннова­циялық басқаруда кәсіби қолдау көр­сетуді көздейді. Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында зама­науи мектепті басқаруда мектеп бас­шыларына үш тілде білім беруді кезең-кезе­ңімен жүзеге асыруда мек­тептің ин­но­вациялық қызметін жетілдіру, мек­тепті инновациялық басқаруда озық пе­да­гогикалық идеялар мен Назарбаев зият­керлік мектебінің тәжірибелерін жал­пы білім беретін мектептерге е­нгізу, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру сияқты нақты мақсат-міндеттер қойылып, болашақта мектепті дамытудың қадамдары ай­қындалды.   Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа­шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа­дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын­да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер­мей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы. Мектепте оқушы­лар­­дың сыни тұрғысынан ойлау дағ­ды­ларын қалыптастыруда, олардың әрқай­сысының ерекшелігін еске­ре және ынтымақтастық ортада білім алуын қамтамасыз ете оты­рып, озық ел­­дер­дің қатарына енуіміз керек. Яғни жаңар­тылған білім беру жағдайында зама­науи мектеп бас­шысы жоғары нәти­жеге қол жеткізу үшін ынтымақ­тас­­тық ортада бірлескен жұмыс істей­тін табысты көшбасшы болуы ке­рек. Ин­но­вациялық басқарудың нәти­же­сінде ғана біз болашақтың тізгінін ұс­т­ай­тын функциялық сауатты XXI ға­сыр­дың жаңа буын өкілін тәрбиелей аламыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2018
701
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі