Материалдар / Мен - патриотпын үлгілі тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен - патриотпын үлгілі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мұғалімдерге көмек ретінде жариялап отырмын Бастауыш сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мерзімі

01.09.2018 жыл.



Сабақтың мақсаты

Қоғамда өздерін көрсете білетін және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу



Міндеттері

  • Білім алушылардың жаңа білімді ақпараттық ресурстарға сүйене отырып меңгеруін қамтамасыз ету.

  • Ұрпақтың рухани-тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. «Мәңгілік ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру.

  • Өз ой пікірін білдіре алу дағдыларын жетілдіре отырып, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.



Өткізу формасы

Жұптық, топтық жұмыс.



Ресурстар

Суреттер, слайдтар, үлестірме материалдар.



Әдістері

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Синквейн», «Дауыстап ойлау», «Ой қозғау» әдістері, .



Тапсырмалар

Топтық, жұптық тапсырмалар.



Критерийлар

  • «Патриот» ұғымының мәнін терең түсінеді.

  • Топта, жұпта жұмыс жасап, өз пікірлерін айта алады.

  • Өз ойын нақты жеткізе біледі және отан туралы өлең жолдарының мағынасын таниды.


Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындайды.

Шаттық шеңбері

Өмірдің бейбіт бағы гүл,

Асудан асып асқарлы

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

Өлеңді хормен айтады.


-Бүгінгі күн несімен ерекше?

-Білім деген ұғымды қалай түсінесің?

-Білім алу не үшін қажет?

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы

  1. «Ой қозғау» әдісі Берілген сөздерді мұқият оқу, қарау, зерделеу, пайымдау, түйіндеу, патриот ұғымын оқушының өзі шығаруға бағыт-бағдар беру.

  1. Отан туралы өлең жырлар айтқызу

Мысалы:

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали Мақатаев

 Тағы да басқа өлеңдер оқиды.

  1. Топтық жұмыс «Дауыстап ойлау» әдісі арқылы іске асады.

Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді. Түсінгендерін мұғалімге айтады. Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.

Берілетін мәтін:

Шымшық пен көртышқан.

Алыстағы жылы жақтан кішкентай шымшық үйшігіне оралады. Ол – өте кішкентай құс, жазда осы жақта ұя салып, балапандарын өсіреді де, қыста жылы жаққа Африкаға ұшып кетеді.

Шымшыққа ұшу оңай емес, ол шаршап әрең жетеді. Ол бір күн ұшса, бір күн жермен жорғалайды. Сөйтіп ол өзен жағасындағы ұясына әрең жетеді.

Кенет ол көртышқанды кездестіріп қалады. Інінің аузында отырған көртышқан оған айтады:

  • Сен кімсің, қайдан келесің?

  • Мен шымшықпын. Алыс жақтан туған жеріме келе жатырмын. – дейді шымшық.

Сонымен бірге ол көртышқанға өзінің қыста ұшып кететін жылы Африка жері туралы айтады.

Сонда көртышқан таңырқап:

  • Ондай жақсы, жылы жақтан несіне шаршап шалдығып келесің? Жолда жыртқыш құстарға кездесіп қалсаң қайтесің? Мұнда не бар? Сол жақта жүре бермейсің ба? Сені кім шақырды мұнда? – дейді.

Сонда шымшық:

  • Туған жерім, Отаным шақырды. – дейді.

Намысшыл, отансүйгіш, адал т.б сөздерді оқып, талдап, түйінді ой айтады.



Отан туралы өлең жырлар оқиды.



















Топтық жұмысқа қатысады, топта өз ойларымен бөліседі.

Сабақтың соңы

  1. «Синквейн» әдісі бойынша жұптық жұмыс Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы: Патриот Аса өнегелі, жауапты Еңбектенеді, жасайды, күреседі, Өз Отанын сүйеді, Азамат.

  2. «Бірлесейік, кәне біз!»

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін арман тілектеріңді айтасыңдар.    ( соңында жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.


«Бес жолды өлең» құрастырады.










Шеңбер бойына тұрып, өз арман, тілектерін айтады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!