400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен - қазіргі заман педагогімін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мамандығым – физика пәнінің мұғалімі. Бала кезімнен мұғалім болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану-математикалық» бөлімін бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды №30 Көктөбе орта мектебінен бастадым.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Физика пәнінің мұғалімі

Альжанова Сауле Алтынбекқызы





"Мен - қазіргі заман педагогімін"


Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында.

Н.Ә.Назарбаев.


Барлық мамандық өзінше қызықты және күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, төзімділікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі-мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттілігін жоймайтын маңызды  мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл, әрине, қиынның қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас тұлға. Менің ойымша, сондықтан да жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ұстаздар қауымынан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Менің мамандығым – физика пәнінің мұғалімі. Бала кезімнен мұғалім болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану-математикалық» бөлімін бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды №30 Көктөбе орта мектебінен бастадым. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы.

Ұстаз шәкіртіне өз  пәннен берілетін ғылым негіздерінен білім беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға тәрбиелеуі  керек. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласында  «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»  бағдарламалары – ұлтымызды, ұрпағымызды XXI ғасыр талаптарына сай даярлаудың қамы деген болатын. Бүгінгі таңда оқушылар  мен ұстаздар арасында  ғаламтор арқылы  қашықтық білім сайыстары көптеп өткізілуде. Мен мұғалім ретінде бірнеше оқушыларымды  осы сайыстарға қатыстырып  келемін. Бұл –оқушының  пәнге қызығушылығын арттырып,  білім  бәсекелестігін туындатады және  нәтижелерге  қол жеткізеді. Ал,ол тек өз мамандығын сүйген, өз ісіне табанды ұстаздардың ғана қолынан келеді.     

Ұстаз үнемі алдына жаңа мақсат - міндеттер қойып, жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа аранаға бұрып, өмір талабы мен оқушы талғамына, сұранысына бейімдеп отыру және білімін жетілдіріп отыруға тиіс. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі үнемі жаңартуды талап етуде. Әр сабағым  арасында ақпараттық құралдар арқылы оқушылардың өз бетінше ізденіп білім алуына бетбұрыс жасауды  қолға ала бастадым. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды деген ойдамын.

Содықтан, осы мамандықты таңдағаннан кейін  ұрпақ алдындағы міндетімізді зор жауапкершілікпен атқару  басты борышымыз.

«Қыран түлегі – қайырылмас қанат сыйлайды,

 Ұстаз түлегі – алға бастырар талап сыйлайды»,   ендеше ұстаздық жауапкершілікті үнемі есте сақтағанымыз абзал.

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2020
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі