"Мен және менің болашағым!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен және менің болашағым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды ОЖСБ мен МҚА-ға психологиялық дайындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің болашағым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларының мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру, ОЖСБ-ға және МҚА- ға психологиялық қолдау көрсету, өзіндік танымын, өз болашағына деген сенімін қалыптастыру.

Білім берушілік мақсаты: Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең екендігін түсіндіру, өздігінен оқуға сүйемелдеу.

Сабақтың түрі: Дәріс – тренинг сабақ (онлайн).

Сабақтың әдісі: Топпен тренинг, сұрақ - жауап, жаднама.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Сабақтың тақырыбы, нақыл сөздер, сауалнама сұрақтары.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

а) Амандасу

  1. Кіріспе бөлімі

  1. Мамандық туралы жалпы мағлұмат

  1. Негізгі бөлім

А) «Танысу» тренингі

Б) Баяндама: «Мамандық таңдаудың 5 қадамы».

В) «Ой-талқы» кезеңі

Қортындылау



Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Кіріспе бөлім

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Мамандық дегеніміз не?
«Мамандық» - мағына жағынан бұл «Кәсіп» сөзінің мағынасына ұқсас.
Мысалы, жалпы мұғалім деген болмайды. Нақты матаматика немесе география мұғалімі болады. Басқа да мамандықтар, мысалы, дәрігер- педиатр, хирург, тіс дәрігері. Заңгер- адвокат, прокурор, нотариус.

Білім мамандығы- түлектің алған біліктілігіне сәйкес, қандай да бір кәсіби істің түрімен айналысуға мүмкіндік беретін және жоғары білімнің негізгі кәсіби білім бағдарламалары бойынша оқу үрдісінде алған білімі, түсінігі, іскерлігі мен дағдыларының жиынтығы.
Бағыты немесе жоғары кәсіптік білімі бойынша
біліктілік- оқыған бағыты немесе мамандығы бойынша белгілі бір кәсіби қызмет түрін орындай білуге даярлық, оқу деңгейі. Болашақта біліктілік жалақыңыздың мөлшерін анықтайды (егер Сіз мамандығыңыз бойынша, сонымен қатар мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген жағдайда).
Мамандандыру-
бұл көрсетілген мамандық шеңберінде адамның өз саласындағы кәсіби ісінде қолдануға бағытталған білім, іскерлік және дағдылар жиынтығы.

Мамандықтар әлемі құбылмалы. Адамдар өздері мамандықтарды ойлап табады, біріктіреді, бөледі және ескірген мамандықтарды жойып отырады. Білім мекемелері мамандықтарды өздері ашуы мүмкін немесе элективті курстарды студенттерге жария етеді. Барлық мамандықтар классификаторда бекітілген. Жоғарғы оқуды бітірген студенттің дипломында мамандығы мен мамандық деңгейі көрсетіледі. Соған қарап жұмыс беруші студенттің мамандық деңгейін біле алады.

Негізгі бөлім

1.«Танысу» тренингі. Тренинг «Өз есіміңді әндет» Қатысушылар кезекпен кезек өз есімдерін қандайда бір әннің ырғағына салып әндетеді. Қалғандары дәл солай қайталайды.

2.Баяндама: «Мамандық таңдаудың жеті қадамы».

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қалай десек те ересек адам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық дағдарыс пен сәйкессіздіктен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз өмірлік тәжірибе жинамай тұрып, не істеу қажет екендігін шешкен таңдауыңызға байланысты. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынамын.

Бірінші қадам:

Байыппен бағдарлай біліңіз!

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасының жолын таңдайды. Біреулер жоғары оқу орнына жақын досына немесе құрбысына серік болып барады., ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырына көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам:

Дұрыс шешім өз қолыңызда!

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл сіздің тағдырыңыз.

Үшінші қадам:

Бейімділігіңізді ескеріңіз!

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам:

Өзіңізді сынақтан өткізіңіз!

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бағдарламашы болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтынбай, ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс-бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.

Бесінші қадам.

Сұранысты да назарда ұстаңыз!

Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, ғаламтордың еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

3. «Ой-талқы» кезеңі

Ата-анаға сұрақ:

Сіз балаңыздың мамандық таңдауына қазірден бастап қандай ықпал жасап жатырсыз?

Оқушыларға сұрақ:

Сіз мамандық таңдаған кезде ең бірінші қандай басымдылықтарға назар аударасыз? Мысалы: жалақысы, лауазымы



Қорытынды бөлім

Әрбір адамда жетістікке жету мүмкіндігі бар... . Бұл мүмкіндік дұрыс пайдаланылған жағдайда, адамнаң ғұмыры маңыздана түседі. Ал бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алған адам өмірде мағынасыз күн кешеді. Әркім жетістікке жету жолында әрбір сәтін, әрбір мүмкіндігін пайдаланып қалуы керек. Бұл мүмкіндік ең бірінші кезекте адамның еңбекқорлық қасиетімен тікелей байланысты. Адам еңбекқорлықты өмірінің басты өлшемі етіп алса, ол шықпайтын шың қалмайды, ол шықпайтын тау болмайды.

Қай салада болсын, бір істі бастаған адам өзінің бар мүмкіндігін пайдаланған жағдайда ғана оны сәтті аяқтай алады.








































Ә.Молдағұлова атындағы № 38 мектеп-лицейі





Баяндама



Тақырыбы:

«Қашықтықтан оқыту кезінде балаларды психологиялық сүйемелдеу»













Дайындаған: А.О.Таскенова















2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2020
1719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі