400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлығына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік

мекемесінің әлеуметтік педагогы

Хасанова Ақшархат Бекболатқызы

Мен және менің мамандығым

«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.

Бұл қандай мамандық? Болашақта қандай мамандық таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана – сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем – әлеуметтік педаго әлемі – адам туралы ғылымдар жүйесі.

Бұл мамандықты танып білгеннен бастап мен қайырымдылықты, қамқоршылдықты, ризашылықты үйрене бастадым.

Қазіргі таңда әлеуметтік педагог баланы басты обьект ретінде қарап, баланың білім алуына, тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы, білім, қоғамдық институттардың тигізетін әсерін зерделейді. Әлеуметтік педагогтің негізгі нысаны да балалар мен жасөспірімдер болып табылады.

Қазіргі кезде қоғамда орын алған кейбір келеңсіз жайттар, шешімін табу қиын болып келетін күрделі әлеуметтік мәселелерді жоққа шығаруға болмайды.
Жалпы мектептегі әлеуметтік педагогтің негізгі міндетіне тоқталып кететін болсақ - әр адамның өмір сүру сапасынын жақсарту мақсатында жеке тұлға мен қоғам арасындағы өзара жағымды қарым – қатынас қалыптастыру. Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі ортасы – баланың оқып, білім алу қызметін жүзеге асырылатын мектеп, үйі мен әр түрлі спорттық секциялар, мектептен тыс қоғамдық орындар және бала қарым – қатынаста болатын барлық орта.

Әлеуметтік педагог жұмысының осындай кең ауқымдылығына байланысты біз жас маман сан қырлы, жан – жақты болуымыз керек. Кез келген мәселелерді шешу үшін әлеуметтік педагог әр түрлі рөлдерді атқарады:
-Әлеуметтік педагог – оқудан тыс – іс – шаралар ұйымдастырушы;
-Әлеуметтік педагог – жантанушы   (психолог )
-Әлеуметтік педагог – бос уақыты тиімді өткізуді ұйымдастырушы;
-Әлеуметтік педагог – әлеуметтанушы;
-Әлеуметтік педагог – әлеуметтік қызметкер;
-Әлеуметтік педагог – әдіскер;
-Әлеуметтік педагог – құқық қорғаушы.                      

Әлеуметтік  педагогтың мектепте іс – әрекетінің мынандай бағыттарын атап көрсетуге болады. Олар: диагностикалық, ұйымдастырушылық, болжамдық, алдын алу, ұйымдық байланыстық, қорғаушы, әлеуметтік – психологиялық.
«Ерекше назардағы» балаларды «қиын топ» ретінде емес, қайта қоғам тарапынан көмек қажет етуші бала ретінде түсіну қажет. Біздің мақсатымыз осындай балалармен жеке жұмыс жасап, олардың себебін дұрыс түсіне отырып, педагогикалық – психологиялық көмек беру. Қорыта келе, өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғалық  қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындау тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі шарттары болып табылады деуге болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі