Материалдар / "Мен және менің отбасым" 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен және менің отбасым" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2022
432
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





«Бекітемін»___________

Әдіскер:

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі:





ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ






Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Өтетін орны:

Сынып: 6 А

Мерзімі: 17.05.2022

Тобы: КЕ 21-09

Машықкер: Оразғазы С.С

Баға: «___» ___________________

Баға: «___» ___________________


Семей, 2022

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.

Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың отбасының маңызы және отбасы тәрбиесі жайындағы білімдерін арттыру

Тәрбиелік: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың  есте ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Тәрбие түрі /бағыты/: Отбасы тәрбиесі

Формасы: Танымдық сабақ

Әдіс - тәсілдері: жүректен жүрекке,ой қозғау, ашық микрофон, түсіндіру, бейнебаян көру, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: нақыл сөздер, отбасы суреттері

Техникалық құралдар: бейнероликтер

Жабдықталуы: стикер, жүрек, смайликтер, тақырыпқа байланысты суреттер


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: /40 минут/

І. Кіріспе бөлім

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

  2. Психологиялық дайындық Жүректен жүрекке тренингі 3 минут

ІІ. Негізгі бөлім

1. Техникалық қауіпсіздік ережесі 10 минут

2. Ой қозғау 5 минут

3. Бейнематериал көру және талдау 5 минут

4. Сергіту сәті 4 минут

5. «Сұрақ- жауап» ойыны 10 минут

ІІІ. Қорытынды

Рефлексия

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

I. Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздерме, оқушылар! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, шеңбер бойына тұрып, бір - бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.

2. Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» - оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Балалар бәріміз тақтаға назар аударайықшы.Нені көріп тұрмыз? (Отбасы туралы суреттерді). Ия, дұрыс айтасыңдар, демек біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен және менің отбасым», яғни, отбасы жайында сөйлесетін боламыз.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Техникалық қауіпсіздік ережесі

2. Ой қозғау

(тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі).

1. Отбасы деп нені айтуға болады?

2. Отбасы, отбасы тәрбиесі адамға қажет па?

-Оқушылар өз ойларын айтады.

-Оқушылардың ойын әрмен қарай өзіміз толықтырамын.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

3. Адамгершілік туралы әдеби монтаж

- Бейнематериал көрсету

-«Ашық микрафон » әдісі бойынша бейнематериалды талдау.

4. Сергіту сәті

Оқушылар орнынан тұрып, бейнебаяндағы биді қайталап билейді.

5. «Сұрақ- жауап» ойыны

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

III. Қорытынды:

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін құрметтеу керек.

Рефлексия: «Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерім...»

Балаларға стикерлер таратылып беріледі. Сол стикерге бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерін, яғни, сабақтың қалай өткенін жазып , тақтадағы 2 смайликтің біреуінің астына жабыстырады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!