Материалдар / "Мен және менің құқығым" дебат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен және менің құқығым" дебат

Материал туралы қысқаша түсінік
Дебат ұйымдастыруға дайын жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2020
6284
37 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен және менің құқығым
Мақсаты:
Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
СЛАЙД -1 Мақсаты
..
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
Конституция дегеніміз не?

СЛАЙД-2 сөздік
Конституция
– бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?
/30 тамыз/
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз
? /азаматтар/
- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар.
Оның аты – Конвенция деп аталады.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.

Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. .

СЛАЙД 3

СЛАЙД4 Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан

2) Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
- Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
- Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).
3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.
- Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.
4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға

Көрініс: «Мансұр мен Жалғастың орындыққа таласуы»
Мансұр
: Жалғас,сен бұл орындықтан тұр,бұл жерге мен отырамын.
Жалғас: Неге?
Мансұр:Сол,тұр дедім ғой,тұрсаңшы.
Жалғас:Жоқ тұрмаймын,бұл орындыққа мен бірінші отырдым.
Мансұр:Отырсаң қайтемін,сенің атың жазылып қойған жоқ қой бұл орындыққа?!
Жалғас:Сенің де атың жазылып қойған жоқ.Бұл менің орным,саған бермеймін.
Автор:Орындыққа таласқан Жалғас айқай салды.
Жалғас : Тұр дедім ғой,бұл орындыққа менің құқығым бар.
Мансұр: Менің де құқығым бар,саған ғана беріліп қойды дейсің бе?
Автор:Орындыққа таласқан Жалғас пен Мансұр төбелесе кетті.Топ балалары аң-таң.Төбелесті тоқтату үшін топ белсендісі 
Мерей араласты.
Мерей: Мансұр, Жалғас төбелесті тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.
Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.
Тәрбиеші :Бұл не шу?
Мерей : Апай, Мансұр мен Дінмұхамед мына орындыққа таласып, «Менің құқығым бар отыруға» деп дауласып жатыр,қойыңдар десек те қоймайды.
Тәрбиеші : Мансұр, Жалғас , сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес.Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап,бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды.Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет.Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға,білім алуға,ойнауға,демалуға құқықтарың бар,бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек. Автор :Сынып жетекшіміз дауды шешіп,Мансұр мен Жалғасқа мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленудіұсынды.Ал таласқан орын бос қалды.

Автор:Ал оқушылар Мансұр мен Жалғастың арасындағы дауды сендер қалай шешер едіңдер?

1-оқушы: Інкәр Егер екеуінің бірінің көзі нашар қөріп,алдыңғы партаға отырғысы келсе , онда ол оның құқығы деп ұғынар едім.

2-оқушы: Аида Мансур Жалғастын партасына таласып өктемдік көрсетті. Ол жай ғана сыпайы түрде орнына отырып сұраса Жалғас берер еди.

2 көрініс

Бекзат:Қарақат сен ойнамайсың Қарақат: Неге? Бекзкт: Сенің ата аналарың жұмыссыз. Сендер оралмансыңдар. Менің папам бастық. Мен сабаққа машинамен келіп машинамен кетемін. Айшабибі:Менің де папам жұмыс істейді . Біздің үйде ақша көп. Заң: Тоқтат! Тегіне, Нәсіліне және қай ұлтқа жататынына қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.(3-тарау,4-бап)

3 көрініс:

Наз: Нұрайым Бекжанның қаламы әдемі екен, көрдің бе? Нұрайым: Иә, әдемі екен, бірақ бізге бермейді ғо. Наз: Мен оны былай аламындатығып қоямын, көрсетпей жазамын. Сен айтпа. Заң :Тоқтат! Әрбір баланың жеке өмір сүруіне, жеке басыныңқадір-қасиетіне қол сұғуға, рұқсатсыз біреудің затын алуға ешкімнің құқығы жоқ.(3-тарау, 10-бап) СЛАЙД Қандай құқық бұзылған Ролик қосылады (Ертегі) Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
1«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.
2«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.
3 «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/.
4 «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығынан айрылады/.
5 «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкінен айрылады/.
«Ойлан, тап» ойыны.
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.
• Ер Төстік +
• Мыстан кемпір –
• Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –
• Шық бермес Шығанбай –
• Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы + Алдар көсе+

Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!

Адина Бостандық деп атар әр күн, таңымыз, Ар-намыстан тасынады қанымыз. Ғасырларды етегімен жалғаған, Елдік негіз құрған Ата Заңымыз. «Қасым ханның қасқа жолы» кешегі,

«Есім ханның ескі жолы » кешегі.

Әз Тәукеден қалаған «Жаті Жарғысы»

Қалай ғана санамыздан өшеді.



Диас Отан-Ана ірге тасын салып біз, Арманы бір тағдыр қосқан халықпыз. Қазақстан көп ұлтымның тұрағы, Татулығы жарасқанда алыппыз.

Айша:

Қасиетті қазақ жері байырғы,

Әлеуметтік, құқықтық ел зайырлы.

Конститутция алтын арқау қоғамға,

Бола берсін баршамызға зайырлы.

Диас:

Бейбітшілік бастамасын жамылып,

Бар әлемге қалдық қазір танылып.

Адам қымбат, халық –билік бастауы,

Көрген емес бағытынан жаңылып.

Бекзат

Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген

Заңымыз бар негізгі.

Бас иетін бар адам,

Әрбір сөзі салмақты,

Қорғар бәле жаладан

Ата Заң бұл ардақты.

Нұрайым

Құқығымды қорғаған

Ата Заңды қолға алам.

Оның әрбәр бабымен

Әділеттік орнаған.

Бейбарыс

Көгімізде елжірейді күніміз,

Төбемізде желбірейді туымыз.

Егеменді ел бірлігі туымыз,

Бақытындай еркіндігіміз туымыз.

Қарақат

Ынтымақ ,достық, тыныштық,

Туыстық бізге тым ыстық.

Бейбіт өмір белгісі

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

Шәкір

Ата Заңы елімнің,

Қорғаны бар жерімнің.

Тау мен дала , орманның,

Теңіз, өзен, көлімнің.

Наз

Ата сөзі сияқты,

Әже сөзі сияқты

Ата Заңда жазылған

Сөздің бәрі шуақты.

Бекжан

Атқан таңым арайлы,

Бақыт күн боп қарайды.

Барлық заңы елімнің

Ата Заңнан тарайды.

Еркеназ

Құқығыңды білгейсің,

Тәртіпті болып жүргейсің.

Заңды білсең қашанда,

Жаман өмір сүрмейсің.

Али

Өмір бойы күнбе-күн,

Заңды орындау міндетің.

Жаза басып, опық жер,

Білмесе оны кім де кім.

Нұржігіт

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымыздан барлық үміт ақталсын.

Тату- тәтті бірге болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Асылхан

Той-тойлар мейрамдарда,

Батырларша мына біз

Кқгілдір ту- біздің туды

Тік көтеріп шыгамыз.

Іңкәр

Халықтың ақ тілегі-

Ізгіліктің бастауы.

Ата Заң бұл киелі.

Түзілген өн бойында

Әділдіктің ақ жолы.

Нұр боп жалын жолында,

Самға , біліп алда оны.

Айшабибі Елімізді сақтаған, Бар үмітті ақтаған. Ата Заңым әділ деп Барша жұртқа мақтанам.

Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер м



Оқушы міндетті
1 Жол тәртібін бұзбауға 2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға
3.Білімді менгеруге 4.Шындықты білуге
5.Үлкенді сыйлауға 6.Кішіге көмектесуге
7.Өтірік айтпауға 8.Шыдамсыз болмауға
9.Денсаулығын күтуге 10.Денені шынықтыруға
11.Қазақ тілін құрметтеу 12.Табиғатты қорғауға


Оқушы жауапкершілігі
1.Уақытында келу 2.Уәдеде тұр
3.Тиянақты болу 4.Мектеп мүлкін бүлдірмеу 5.Тәртіпті бұзбау
6.Жаман сөз айтпау 7.Досына көмектесу
8.Оқушы ережесін орындау 9.Кітапты күтіп ұстау
10.Күн тәртібін бұзбау 11.Талапты орындау
12.Әдепті болу


«Не істеуге болмайды?»

-Үлкендердің алдынан кесіп ……….. –Кішкене балан…… -Қыз баланы ………….. -Сабақтан……………………… -Сыныпта……………………. - Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

«Не істеу керек?»

-Үлкен кісіні  …………( сыйлау керек) - Үлкеннің  …………( тілін алу крек) - Үлкендерге ………( сәлем беру керек) -  Кішілерге ……….( қамқорлық жасау керек) -  Аналарды, апаларды …… ( сыйлау керек) -   Оқу құралдарын  ………( күтіп ұстау кере)

Тренинг «Мен жұлдызбын»
- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдыздарды көріп тұрмыз ба? Себебі біз нелерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдыздарға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!

Құқық сөзінің кілті
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
-Бәріміз бірге оқйықшы.Хормен оқыту.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға. –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!















































«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)

1. Ұрлық түбі...........(қорлық)

2. Біреуге ор қазба..........(өзің түсесің)

3. Заңның құрығы ..................(бәрінен ұзын)

4. Өтірікшінің құйрығы ..............(бір -ақ тұтам)

5. Тура биде........................(туған жоқ)

6. Туғанды биде.................(иман жоқ)

7. Қолыңмен істегенді....................(мойныңмен көтер)

8. Еңбек түбі...........................(зейнет)

9. Ош алғаннан гөрі..................(кешірген жөн)

10. Ақырын жүріп .......................(анық бас)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!