Материалдар / «Мен көрген соғыс…» атты ауған соғысының ардагерлерімен әскери патриоттық кездесу кеші.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен көрген соғыс…» атты ауған соғысының ардагерлерімен әскери патриоттық кездесу кеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толына орай ауған соғысының ардагерлерімен «Мен көрген соғыс…» атты кездесу кеші.
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толына орай ауған соғысының ардагерлерімен «Мен көрген соғыс…» атты кездесу кеші.

Кездесу кешінің мақсаты: ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа баулу.

Бағыты : азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беру. 

Күні: 15 ақпан 2023 жыл 

Қатысушылар: Ауған соғысынің ардагерлері Шналиев Байняз Ермекұлы мен Борашев Жарқын Жұмашұлы, 9 – 11 сынып оқушылары, ауыл әкімшілігі, мектеп мұғалімдері. 

Көрнекілігі: Ауған соғысы жайлы бейнетаспа, слайдтар, альбомдар, кітап көрмесі. 

Өтетін орны: акт залы

Кездесу кештің барысы: Әнұран орындалады 

Жүргізуші – Бақытов Е.

Армысыздар, Ауғандық жауынгерлер! Жырым бар жараланған жаныңды емдер, Өлгендердің жанатта болсың жаны, Тірілердің мың жаса дәуірлеңдер!

Қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар, «Мен көрген соғыс…» атты Ауған соғысының аяқталғанына -34 жыл толуына орай кездесуімізді ашық деп жариялаймыз. 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төнкеріс болып, оның артты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп – 10 жылға жуық соғыс жүргізді.

Ауған елінде 1979 – 1989 жылдары ұрыс қимылдары жүрді. КСРО бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты. 35 мың адам ауыр жарақаттанды. Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 миллиард сом шығын әкелді. Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 761қаза тапты, 27 хабар- ошарсыз жоғалды, 35 мың адам ауыр жараланды. Қаза тапқан жауынгерлеріміздің құрметіне 1 минуттық үңсіздік жариалаймыз.  Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктін үлгісін көрсеткен барлық кезендегі қахарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Бүгінгі еске алу кешіміздің қадірлі қонағы жалындаған жастық шағын, қарулас достарын ала бағанның арғы жағына қалдырған ардагеріміз біздің арамызда. Ауған соғысының ардагері «За Отвагу» медалінің иегері – Шналиев Байняз Ермекұлы мен Борашев Жарқын Жұмашұлы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі-демекші, берер тәлімі мол, тарихтың тірі куәгері бүгін біздің ортамызда. Экранға назар аударайық. Деректі фильм «Мен көрген соғыс» авторы Бақытбек Смағұл, Ауған ардагерлерлер қоғамының төрағасы, мәжіліс депутаты .

Жүргізуші: Салтанатты кешіміздің ашылуы сөзі мектеп директоры Меңдібек Зейноллаұлына беріледі. Ән «Ағаларға ұқсаймыз» орындайтын Асқар Нұржігіт

Жжүргізуші: Құрметті Шналиев Байняз Ермекұлы, Борашев Жарқын Жұмашұлы! Сіздердің Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы естеліктеріңізді тыңдасақ, сіздерді ортаға шақырамыз.

Оқушылар кейін сұрақтар қояды:

1. Сіздермен бірге Орал облысынан қаруластар болды ма?

2. Сіздің Ауғанстанға аттануыңызды туған туыстарыңыз білді ме?

3.Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істері жүргізілді ме?

4. Ауғанстан жерінде тұратын қазақтар бар екенің білеміз. Сол соғыстың кезінде қаңдастарымызды кездестірдіңіздер ме?

5. Әскери борышын өтеп , үйге – елге бара жатқанда, елге келгенде қандай сезімде болдыңыз? Сол соғыс туралы айтуға құпия болды ма?

6. Ауған соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?

Жүргізуші: Ауылға хат. Сәлеметсіздер ме, аға – жеңгей, бауырларым, қарындастарым. Қалдерің қалай, ауыл аймақ аман есен бе ? Ауылда жаңалық көп шығар, бізбен оқығандар армиядан келіп жатқан шығар. Менің қалым жақсы. Ауғанстандамын, бұрын хатқа жазғызбайтын. Мені қай уақытта босататыны белгісіз. Егер мен аман болсам, майдың аяғына таман барып қалармын. Хат жазбай-ақ қойындар. Бұл жақта күн ыстық, қысты көргеніміз жоқ. Хош сау болындар. Сәлеммен ұлдарын Болат.... 1979 жыл 25 сәуір. Міне, осылай қысқаша ғана үй ішіне талай боздақтар хат жолдаған, оның кейбірі ешқашан қайтып оралмады да.

Жүргізуші: «Жауынгер хаты» өленімен Ғалым Дария.

Бауырым бұл хатымды аласың ба?

Ауғанның тауларынан арасында.

Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

Жатырмыз ессіз – түссіз жар астында.

Қоршаудамыз , барады айдан асып,

Анталаған жаулармен тайталасып.

Іздеп жатқан елде жоқ артымыздан,

Шер – қайғынды енді кімге айта аларсың?

Күніреніп, жүрсінеді Ауғанстан,

Жігіттер де шаршады сүм соғыстан.

Түн ортасы басталар қаңды қырғын,

Жарылыстан-жарылыс күл боп ұшқан.

Күн өтеді осылай жастығымның,

Жолдасымның естідім ақтық үнін.

Қансырады, құлады командирім,

Бірақ сырың алдырмай жатты күліп.

Күліп жатты жалғанның барлығына,

Өспей жатып жасыл гүл салды сонда!

Көтергенмен рухын жауынгердің,

Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!

Басқа салды, біз көндік амал қанша?

Тартысамыз дұшпанмен ала-алғанша.

Қай бұрышта қалады бас домалап,

Алла білер жортатын сапар қанша?

Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,

Қопарылып өртеніп, жанып кетсем.

Бауырым дән риза мен болар едім

Осы хатым еліме барып жетсе!

Түсімізге енеді ақ қорымдар,

Дегендей ме , сездіріп сақ болындар.

Бәрімізде бар арман қоршаудағы,

«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»

Жүргізуші: Ұмыт болған,Ұмыт қалған жоқ ешкім Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін Ардагерлер – естелігі соғыстың Қорытынды сөз ДТЖО Гүлшат Шынболатқызына қызына беріледі

Жүргізуші: Құрметті Ауған соғысының ардагерлері сіздердің отты жылдардағы ерліктерініз ешқашан ұмытылмайды. Отанды қорғау, Отанға деген махаббат, патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсете білдіңіздер. Әрбір арайлап атқан таңдарыныз сіздерге тек бақыт, куаныш әкелсін, әрбір арайлап батқан күндерініз өзімен бірге қайғы – мұнды ала кетсін. Әрқашанда бейбітшілік, тыныш заманда мәнді де сәнді ғұмыр кешулерінізге шын жүректен тілектеспіз ! Біздің сізге арналған естелік сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етініз.

Жүрегі алып , өзіде алып арыстан , Қарулы қолы жау жағасында қарысқан. Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне, Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан ! – деп, бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз . Қош , сау болыныздар !


Picture 3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!