400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен мектеп үйлестірушісі ретінде өз тәжірибемді қалай дамытамын?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп үйлестірушісінің өз тәжірибесін дамыту туралы рефлексивті ойлары. Үйлестірушілерге өз іс-тәжірибелері туралы рефлексия жасауға көмегі болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен мектеп үйлестірушісі ретінде өз тәжірибемді қалай дамытамын?

(эссе)


«Ізденген жетер мұратқа».

(халық мақалы )


Бағалау - мұғалім үшін де, оқушы үшін де жауаптылықты қажет ететін үдеріс. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда мектеп үйлестірушісінің ролі зор.

Осы талапты түсіне отырып, бағалау жүйесін сапалы басқаруда, қалыптастырушы, жиынтық бағалау үдерістерін жүзеге асыруда мектеп үйлестірушісі ретінде білімім мен тәжірибемді қалай пайдаланамын, өзімнің және мұғалімдердің білімі мен дағдыларын жетілдіру және олардың мектеп тәжірибесін жақсарту қызметін жандандыруда қандай әрекет жасайтыным туралы рефлесивті ойлар мені үнемі мазалайтыны анық.

«Қазір сіз кешегі ойларыңыз қайда әкелді, сол жердесіз.

Ал ертең бүгінгі ойларыңыз қайда апарады, сонда боласыз» - деген қанатты сөзде айтылғандай, әр уақытта мектептегі іс-тәжірибемдегі жетістіктер мен жеткен межелерді саралап, ой елегінен өткізу күнделікті дағдыға айналды. Үнемі болашақ жұмыс жоспарыңды да ойша жобалап, түрлі ойлар мен идеялардың басын біріктіріп, нақты іске жүзеге асырғанша ерінбеу - табысты еңбекке жетелері сөзсіз. Әрине, ең бастысы - кәсіби құзыреттілігімді арттыру, ол үшін үнемі ізденуден, үйренуден жалықпау керектігін естен шығармауым маңызды.

Білім беру үдерісіндегі педагогикалық жобалау технологиясы – «Кері дизайн» - әдісімен қарасақ, мені мектептегі бағалау үдерісінде жетуіміз қажет нәтижелер қызықтыратыны анық. Ол бағытта айқын мақсатты белгілеп, нақты жоспармен жүйелі жұмысты жүргізу қажет.

Оған дәлел ретінде, критериалды бағалау жүйесі бойынша нормативтік құжаттарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қалыптастырушы бағалаудың сабақта қолдану жолдарын қадағалау, жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу, «Оқу мақсаты, Ойлау дағдыларының деңгейі, бағалау критерийлері, дескрипторлар құрастыру» тақырыбында мұғалімдермен пікірлесу, мұғалім қажеттілігіне қарай кеңестер беру, әдістемелік қолдау көрсету, «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты» пайдалану, басқа мектеп үйлестірушісімен байланыс орнату секілді әрекеттер - мектеп үйлестірушісінің күнделікті еңбек тәртібінде дағдыға айналуы тиіс. Осы әрекеттерді жүзеге асыра отырып, тәжірибе жинақтау арқылы кәсіби тұрғыдан өсуге қол жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда қоғамның білімге талабы жоғары. Ақпараттар ағыны өте көп. Болашақ ұрпақты тәрбиелейтін жауапты мамандық иесі ретінде әрбір жаңалықты қалт жібермей, үнемі іздену, оқу, үйренуден жалықпауды басты қағидаға айналдырып, тәлімгерлік арқылы мектеп мұғалімдерінің өзара әрекеттесуіне ықпал ете отырып, өз тәжірибемді үнемі дамытуға мүмкіндік жасай аламын деп ойлаймын.



Есенова Бекзат Бактыгуловна

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

37 жалпы орта білім беретін мектеп

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Самал көшесі – 72

www.bekz@mail.ru





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.12.2020
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі