Материалдар / "Мен өмірді сүйемін" тренинг ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен өмірді сүйемін" тренинг ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг ойыны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
1082
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Міндеті:

  • Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

  • Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Қатысушылар: 9 сынып оқушылары

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы слайд, фломастерлер, А3 қағазы, ватман,бейнеролик,сиқырлы қобдиша


Сабақтың барысы:


Ұйымдастырушылық кезең

Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!»Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының сабындай қысқа» ғана өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек.
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Сыныпты үш топқа бөлеміз. Бірінші топ – «Болашақ».
Екінші топ «Бақыт». Үшінші топ-«Мейірім»




Рефлексия «Пальма ағашы» біз тренингтен не күтеміз?

Оқушылар алдарындағы сары парақшаларға бүгінгі тренингтен не күтетіндерін жазады.


1. «Мен және өмір» жаттығуы

Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.


2. Топтық жұмыс

Шарты: 3топқа А3 парақтары беріледі 1 топ «Өмір» 2 топ «Адам» 3 топ «Бақыт» деген сөзге ассосация жасай отырып, берілген сөзді топпен талдау жасай отырып ,тән қасиеттерін табады.

Shape3 Shape1 Shape2

Shape5 Shape4

Shape8 Shape12 Shape6 Shape9 Shape11 Shape7 Shape10

Адам

Бақыт



өмір


Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13

Shape21 Shape19 Shape20



Тапсырма аяқталған соң оқушыларға Өмір, Адам, Бақыт туралы ұғымдар жайлы мысал келтіре отырып аяқталады.

 3.«Ойланып көрейік» жаттығуы. 3 топқа әр түрлі сұрақтар ұсынылады.Берілген сұрақтарға топ мүшелері жауап береді.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер:
Адам не үшін өмір сүреді?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.

Оқушылардың сөздері қорытындыланып, бейнеролик көрсетіледі.


4. Жағымды күйге бөлену оқушыларға релаксациялық видио ұсынылады.

5. Сиқырлы қобдиша оқушыла



3. «Екі бақа» туралы аңыз

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен. Осыдан кейін мынандай «Сенімділік» жаттығуын қолдануға болады.

1.Мен кіммін, жан-жақты ерекшеліктерім.

Оқушылар жағымды және жағымсыз ерекшеліктерін тізбектеп шығады.

Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады. Мысалы:

Жағымсыз ерекшеліктер: Менің жылай салатын жаман қасиетім бар.

Жағымды ерекшеліктер: Мен кішіпейіл қасиетіме ризамын, т.б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!